Менің достарым тақырыбындағы саабқ жоспары

Раздел Другое
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән мұғалімі: Баданова Данагүл Абадшақызы

Сыныбы: 2 «ж»

Күні: 23.09.15

Тақырыбы: Менің достарым

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік. Реттік сан есім туралы түсінік қалыптастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттеріне жетелей отырып, тақырып бойынша сөздік қорларын дамыту.

  2. Дамытушылық. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік. Оқушыларды саналы білім алуға баулып, өз бетімен жұмыс жасауға бағыттау. Достарына адал, мейірімді, қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: үнтаспа, сюжетті суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

I.Ұйымдастыру бөлімі.

II.Негізгі бөлім:

1. Үй тапсырмасын тексеремін.

2. Сөздікпен жұмыс:

Жақсы-хорошо

Тату-дружный

  1. Жаңа сабақты меңгерту:

Үнтаспадан «Достық» әнін тыңдатамын. Оқушылар әнді тыңдап, не туралы екенін айтады. Достық туралы әңгімелей отырып, оқушылар өз досы туралы айтуға үйренеді. Мысалы: «Менің досым бар. Оның аты - Саша. Ол жеті жаста». Осыдан кейін оқушылардан олардың сыныптас достарының нешінші партадан отырғанын сұраймын. Реттік сан есімнің жасалуын жолын түсіндіремін.

Реттік сан есім

Сұрағы: нешінші ?

Жұрнақтары: -ыншы, -інші. Мысалы: тоғыз+ыншы, бес+інші

-ншы,-нші. Мысалы: алты+ыншы, екі+нші

III.Тапсырмалармен жұмыс:

1-тап.Сұраққа жауап бер, айт.

Досың қайда тұрады?

Менің досым Астанада тұрады. Менің досым Арқалықта тұрады. Менің досым Семейде тұрады. Менің досым Қызылордада тұрады. Менің досым Шымкентте тұрады.

2-тап. Торғайларды дұрыс қондыр.

Бірінші торғай, екінші торғай, үшінші торғай, төртінші торғай, бесінші торғай, алтыншы торғай, жетінші торғай, сегізінші торғай, тоғызыншы торғай.

Сергіту сәті:

Бір, екі, үш, төрт деп,

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды соғамыз.

Бес, алты, жеті деп,

Бір отырып, бір тұрып,

Аяқты жазып аламыз.

Сегіз, тоғыз, он деп,

Алақанды он соғып,

Біз тынығып аламыз.

Қосымша тапсырма: Берілген сюжетті суреттер бойынша 2-3 сөйлем құраңыздар.

IV. Сабақты бекітемін. Достық туралы мақалдармен сабақты бекітемін.

V. Үйге тапсырма беремін: Досыңның суретін сал. Ол туралы айтып бер.

VI. Оқушыларды бағалаймын.



© 2010-2022