Баяндама Ойын - оқушы ойын дамытады

Раздел Другое
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Баяндама Ойын - оқушы ойын дамытадыБаяндама Ойын - оқушы ойын дамытадыБаяндама Ойын - оқушы ойын дамытадыБаяндама Ойын - оқушы ойын дамытадыБаяндама Ойын - оқушы ойын дамытадыБаяндама Ойын - оқушы ойын дамытадыБаяндама Ойын - оқушы ойын дамытадыБаяндама Ойын - оқушы ойын дамытадыБаяндама Ойын - оқушы ойын дамытадыБаяндама Ойын - оқушы ойын дамытадыФонетикалық ойындар.

Баяндама Ойын - оқушы ойын дамытады



Бұл кезенде оқушылар дыбыстарды, әріптерді, буын түрлерін, төл дыбыстарды қайталап отырады.

«Пирамида тұрғызамыз»

Мақсаты: балаларды сөздерде неше буын бар екенін анықтауға жаттықтыру.

Ойын барысы:

Суреттерден пирамида тұрғызамыз. Пирамиданың төменгі жағына үш буыннан тұратын суреттерді қоюымыз керек, ал екінші қатарына екі буыннан, үстіне- бір буыннан тұратын суреттерді қоюымыз керек.

Нан

Ай-ран

Жұ-мырт-қа

«Кім жылдам?»

Мақсаты: төл дыбыстарды қайталау

Ойын барысы: араласып жатқан дыбыстардан төл дыбыстарды тауып, атау.

ө ң у л

ғ и с ү

і д з г ә ж я е т м қ

н в ы о һ

ц р д ш п

ұ а

«Кім көп тауып айтады?»

Мақсаты: дыбыстарды қайталап, сол дыбысы естілетін мысал келтіру.

Ойын барысы:

Басы да, аяғы да Қ немесе К дыбысынан келетін 5 әріптен аспайтын сөздер тауып айтыңдар.

Мысалы: қазақ, қонақ

керек, күрек

«Дауысты төл дыбыстарды дұрыс орналыстыр».

Мақсаты: жуан және жіңішке төл дыбыстарды ажырата білу.

Ойын шарты : Тақтада екі «үй» ілініп тұр.

Бірінші үйдің қабырғасы «жіңішке», бұл үйге жіңішке дауысты дыбыстарды орналыстыру керек .

Екінші үйдің қабырғасы «қалың» , бұл үйге жуан дауысты дыбыстарды орналыстыру керек

«Адасқан әріптер»

Мақсаты: балаларды әріптерден сөз жасауға үйрету.

Ойын барысы:Дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жасау

1.р, о, б. 4.қ, а, а, з, қ.

2.а, ш, а,ғ 5. а, л, а, д.

3.е,т, р, е,з,е, 6. і, м, і, б, л.

«Әліпби тәртібі»

Мақсаты: әліпбиді қайталау.

Ойын барысы:Сыныптағы оқушылардың есімдерін әліпби тәртібімен жазып шығу.

Андрей, Әсел; Борис; Вера, Галя, Ғани ...

«Сөз буыны»

Мақсаты: балаларды сөздерде неше буын бар екенін анықтауға жаттықтыру.

Ойын барысы:Мұғалім тақтаға бір екі, үш буын жазады.Оқушылар сол буын (буындар ) кездесетін сөздерді жазу керек.

«рек» буыны

  • күрек, керек.

  • үйрек, тірек.

«Төл дыбыстарды тап»

Мақсаты: төл дыбыстарды қайталау.

Ойын барысы:

қоржындағы дыбыстардан төл дыбыстарды табу Ә,І,Ң,Ғ,Ү,Ұ,Қ,Ө,Һ

- қоржындағы сөздердің жуан / жіңішкелерін ажырату.

1) аға апа, ата, қарындас, бауыр.

2) әке, шеше, көке, әже, сіңлі, әпке, іні.

«Буынды жалғастыр».

Мақсаты: балаларды сөздерді буындарға бөлуді үйрету

Ойын шарты: Бір ойыншы сөздің бірінші буынын айтады, екінші ойыншы келесі буынды жалғастырады .

Мысалы: «Оқу құралдары» тақырыбы бойынша сөздер:

қа-лам, кі-тап, дәп -тер, сыз -ғыш

«Поезд»

Мақсаты: сөздерді буындарға бөлуге үйрету.

Ойын барысы:

Бірінші вагонда бір буыннан құралған жануарлар бара алады. Ал екінші вагонда- екі буыннан құралған жануарлар ғана бара алады.

Мысалы:

Бірінші вагонда- ат, қой, лақ.

Екінші вагонда - сиыр, қозы, бота.

«ТАБИҒАТ ЖӘНЕ БІЗ»

Мақсаты: дауысты және дауыссыз дыбыстарды қайталау.

дауысты жуан- жіңішкеҰяң



үнді



қатаң



Ойын барысы:

Оқушылар кезекпен шығып күн сәулелеріне дауысты дыбыстарды, ағаш діңіне қатаң дауыссыздарды, ортасына үнді дауыссыздарды, ал үстіне ұяң дауыссыз дыбыстарды орналастыру керек.

«Сөзден-сөзге»

Мақсаты: төл дыбыстарды қайталау.

Ойын барысы:

Қ әріпі сөздің басында, ортасында немесе соңында кездестін сөздері атау.

1. 2. 3

Құрт Ботқа Тауық

Қазы Оқушы Бұтақ

Қарта Мақал Сабақ

Қол Бақыт Халық

Ө әріптің басында, ортасында кездесетін сөздері еске түсіру

көл өзен

көбелек өмір

көгершін өмірзақ

«Бір әріпке бес жауап»

Мақсаты: төл дыбыстарына мысалдар келтіруді жаттықтыру.

Ойын барысы: балалар төл дыбыстар кездесетін сөздерді естеріне түсіріп, түрлі тақырыптар бойынша сөздерді қайталайды.



Ә дыбысына Ү дыбысына

1. Қыздың аты - 1. Баланың аты-

2.Ұлдың аты- 2. Түн құсы-

3 .Оқулықтың атауы- 3. Сан атауы-

4.Үй құсы- 4.Кішкентай үй-

5. Әкемнің шешесі- 5. Үй құсы-

Ө дыбысына

1.Баланың аты-

2.Жемістің аты-

3.Ағатын су-

4.Жәндіктің аты-

5.Үй жануарының аты-

«Мені танисың ба?»

Мақсаты: төл дыбыстарды қайталау.

Ойын барысы:

Оқушылар кезекпен ортаға шығып үстелде жатқан әріптерді таңдап, сол әріппен мысал келтіреді.

Мысалы: Ө- өзен, өрік, көбелек, көйлек, көл, сөз.

Ә- әже, әке, дәптер, дәрігер, дән, ән.

Қ- қоян, қасқыр, оқушы, қалам, құс , қағаз.

«Сөздер шынжыры»

Мақсаты: балаларды бірінші және соңғы дыбыстарды анықтауға жаттықтыру.

Ойын барысы: Оқушылардың алдында карточкалар жатады

Мұғалімнің қолында алманың суреті бар карточка. Бүгін біз заттардан шынжыр жасаймыз. Біздің шынжыр алма сөзіне басталады. Бұл сөз қай дыбыстан аяқталып тұрса, келесі сөз сол дыбыстан басталуы керек.

Кім сол дыбыстан басталған затты тапса, сол тақтаға келіп, мұғалімнің суретіне қосады және өз затын ең соңғы дыбыс естілетіндей нақтылап айтуы керек. Барлық шынжырдағы заттардың барлығы түгелденгенде, барлықтарын хормен әрбір сөздегі ең бірінші және сөңғы дыбыстарды айтады.

«Қай әріпті жоғалттым?»

Мақсаты: дыбыстық талдау жасауды жаттықтыру.

Ойын барысы:Тақтада бірнеше сөздер жазылып тұрады. Оқушылар жоғалған әріпті орнына қойып, жіберілген дыбыстарға талдау жасайды.

с

у

р

қ

с

т

р

к

к

т

м

ж

а

б

р

























© 2010-2022