Қазақ әдебиеті пәнінен Ұстаз тақырыбында педагогикалық эссе

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Эссе

Мұғалім мамандығы өмірдегі ең қиын мамандықтардың бірі. Ештеңе білмейтін жас бүлдіршінге 42 әріпті үйретіп, оның өмірге деген көзқарасын қалыптастырып, "оқушы" деген үлкен құрылыстың фундаментін қалайды. Күн демейді, түн демейді, ізденіп жаңалықтарға ұмтылады. Өз баласын емес, ең бастысы өзге баласы үшін алаңдап, соның жоғын түгендеуге ұмтылады. Бірақ, түбінде еңбегінің жанатынына сенеді. Сол жолда аянбай еңбек етіп, тынбай талпынып, армандарына ұмтылады. Қазіргі кезде, заман өзгерді ме, әлде адам ба? Ұстаздар қауымының дәрежесі қоғамнан ысырылып, көп мамандықтың бірі болып қалуда. Оқушылар мен ата-аналар кез-келген қателікті ұстаздардың бойынан іздеп, оның тынымсыз еңбегін жоққа шығаруға тырысады, ал бұл дұрыс па? Кеңес заманына шегінетін болсақ, «ұстаз» деген атау ұлы сөздердің бірі болып, оқушы қауым өз ұстаздарына табынатын десем қате айтқаным емес. Ата-аналар мұғалімдерді анадайдан көрсе басын иіп амандасып, балалар көшеде кездесіп қалса мұғалімдеріне кесе көлденең өтпейтін. Ал,қазіргі заманның оқушысы иық тіресіп өтсе жақсы ғой, кеудеңнен қағып өтетіндей жағдайда жүрміз. Тіпті, сабақ бермейтін мұғалімдеріне сәлем беруді артық көреді. Осыған қарап өткенді аңсайсың, әрине. Мен өзімінің оқушы кезеңімді есіме алсам, ұстаздарым әлі есімде, ең алғаш қалам беріп, ең бірінші «А» әрпін танытқан алғашқы ұстазым мен әр пәннен берген ұстаздарым бүгінгідей есімде. Неге олай, ол кезде заман басқа еді, мұғалімдер күнделікті сабағына тыңғылықты даярланып, әр сабағын оқушысының санасына сіңіруге тырысатын, білімнің шуағы әр сөздерінен нұрын шашып тұратын. Ал,қазіргі мұғалімдердің жұмысы қағазбастылықпен қаумаланып, сабағын берген соң, ана жұмысым, мына жұмысым деп, ізденуден алыстап барады. Қит етсе қоғамда балалардың білімсіздігіне осы бір арпалысқан тіршілік иесі мұғалімдерді кінәлайді. Нашар оқушы қай замандада болған, егер мұғалім сыныпта тақырыбын түсіндіріп, нақтылып берген соң үйге барғанда бекіту жұмыстары болмаса, ондай оқушыда қандай білім? Баланың өмірі ұстаз үшін қандай маңызды болса, ата-ана үшін де солай болуы керек.

Қазіргі кезде жастар жағы мұғалім мандығына барудан бас тартады, себебі өз мұғалімдерінің жұмысын көріп ондай беймаза мамандықтың иесі болғылары келмейді. Ал осы мамандықты таңдап келген жас мамандарға қолдау көрсеткеннің орнына, еңбек өтілі жоқ, ол қалай сабақ береді деген сұрақтармен алысамыз. Бәрімізде жас маман болдық емес пе? Ендеше ұстаз болам деген жанды тәрбиелеп, оған дұрыс бағдар беру де осы бір ұстаздарың еншісіде деп ойлаймын.

Қорыта келгенде, «мұғалім» мамандығыың иесі кез-келген адам бола алады, ал шынайы «ұстаз» болу Алланың берген дарынымен деп ойлаймын. Ұстаз болу үшін ақ, адал жүрек пен таза көңіл мамандыққа деген махаббат, шынайы қарым-қатынас, өмір құбылыстарына объективті көзқарас керек. Осындай қабілеттері бар жан ғана шынайы ұстаз бола алады.

Қыры мен сыры көп мамандықтың қоғамнан өз орынын жоғалтпай сыйлы да сырлы мамандық болып қалуына ат салысып, «ұстаз» деген қасиетті есімнің қай заманда да қадірін кетірмей, құрметтеп өтуіміз керек. Себебі, ұстаздарымызға біз өмір бойы қарыздармыз. Ұстаз өмірлік тұлға қалыптастырып, өмірінің соңына дейін оқушы деген балапанына білім деген бидайын шашып өтетін жан. Ұстаз болу - Ұлық емес, Ұлы іс!

© 2010-2022