Ғылыми жұмысқа пікір Кәмпит тәтті-нәтижесі ащы

Раздел Другое
Класс 3 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қарақия ауданы Жетібай кенті №8 орта мектебі мемлекеттік мекемесінің 3 «А» сынып оқушысы Орынбай Арайлымныңң «Кәмпит тәтті-нәтижесі ащы» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысына

ПІКІР

Бұл жұмыста біздің елімізде соңғы уақыттары дүкен сөрелерінде толып жатқан әртүрлі кәмпиттердің пайдасы мен зиянды жақтары туралы жазылған. Жұмыста әртүрлі ақпарат көздерінен кәмпиттің пайдасы жөнінде жинақталған құнды ақпараттар бар. Ал бұндай ақпараттар қазіргі әртүрлі аурулар белең алған және экологияның ластануы кезінде әрбіріміз үшін өте қажет. Себебі жұмыста көрсетілген кәмпитте қолданылатын әртүрлі жасанды қоспалар мен химиялық заттардың болуын көпшлік білмейді. Себебі ол зиянды көрсетілімдер көптеген өнімдерде көрсетілмейді, көрсетілсе көзге еленбейтіндей немесе көрінбейтіндей ұсақ әріптермен байқатпайтын фондармен бояу арқылы жасырын түрде болады. Сонымен бірге ол көрсетілімдері анық көрінгенімен, оған біздің елімізде мән беріп жатқан адам жоқ. Бұл жұмыста кәмпиттің шығу тарихынан бастап, оны жасау жолдары, түрлері, құрамы, олардың адам ағзасына пайдасы мен келтіретін зияны туралы көптеген маңызды мәліметтер нақты мысалдар арқылы келтірілген.Жұмыс қарапайым, түсінікті түрде жазылған. Жұмыста көрсетілген пайдалы кеңестер мен дәрігерлердің ескерпелері бар. Ал оларды білу әрбір адам үшін қазіргі ластану кезеңінде маңызды деп ойлаймын. Себебі адамдардың ақпараттарды аз білуі мен оларға мән бермеуінен, соңғы уақыттары аурулардың жаңа түрлері қаптап кетті, тіпті саны шексіз болды деуге болады. Ал осы аурулардың пайда болуының себепшілерінің бірі, әсіресе балалардағы аурулардың кәмпитке байланысты екенін халықтың енгізгі бөлігі біле бермейді. Ал бұл жұмыста кәмпит себебінен пайда болатын асқынулар мен аурулар, олардың салдарлары анық көрсетілген.

Сонымен бірге, әлемдік деңгейдегі жетекші ғалымдардың жүргізген зерттеулері мен олардың қорытындылары да сараланып келтірілген. Яғни кәмпиттің әрбір түрінің нақты пайдасы мен қауіпті жақтары туралы айтылған. Жалпы жұмыс тақырыбы оқушының жас ерекшелігіне сай таңдап алынған. Жұмысқа қажетті жүргізілетін зерттеулер де үй жағдайында жасалған, оқушының денсаулығына зияны жоқ. Сонымен бірге жұмысты зерттеу барысында оқушының өзі де қызығушылық тудырып, өзінің жаңа ақпараттарды алғаннан кейін өзегере бастағанын айтты, оны сыныптастарымен бөлісіп, олардың да болашақта әртүрлі ауруларға шалдығуының алдын алуға септігін тигізеді деп ойлаймын.

Жалпы жұмыс теориялық және практикалық бөлімнен тұрады. Теориялық бөлімде негізгі түсінік мәліметтерін берсе, ал практикалық бөлімде зерттеу жұмыстары мен олардың қорытындылары келтірілген.

Жұмыс өте тиянақты түрде жазылған, әрбір бөлімінде нақты мәліметтер мен мысалдар келтірілген.Бұл жұмыс жоғары деңгейде дұрыс зерттелген. Жұмысқа дұрыс баға бере отырып, оны бұқаралық ақпарат көздері арқылы көпшілікке жеткізу керек деп есептеймін. Себебі ондағы берілген мәліметтер көпшілік адамның денсаулығын жөндеуге, аурудың алдын алуға және қаражатын үнемдеуге септігін тигізетіні анық. Дені сау салауатты ұрпақты өсіріп, тәрбиелеу әрбіріміздің міндетіміз екенін ескерсек, жұмыстағы деректерді жеткізсек, оған қосқан үлесіміз деп есептеймін.

Ғылыми жетекшісі: Юсупов Р.О

© 2010-2022