Қазақ тілінен Өз таңдауым тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 6 «Б», мерзімі: 30.11.2015ж.

Пән: қазақ тілі.

Мұғалім: Тулемисова Т.К.

Сабақтың тақырыбы:

Лексикалытақырып: Өз таңдауым.

Грамматикалық тақырып: Сөйлем.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Түрлі интерактивті әдістерді қолдана отырып, оқушыларға пайдалы істер жайлы мағлұмат беру арқылы ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру;
Дамытушылық:Пайдалы, сүйікті ісі жайлы айту арқылы тілдік әрекеттердің барлық түрлерін қолдана отырып, коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру;
Тәрбиелік: Пайдалы істермен айналысуға баулу, жаманнан жақсыны айыра алу, проблеманы шешу құзіреттілігін қалыптастыру;

Сабақтың түрі: Жаңа материалды түсіндіру.

Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері, түсіндірмелі - баяндау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс,

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, жұмыс парағы, оқулық, тақта.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, түгендеу
Оқушы назарын сабаққа аудару


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Сөздікті тексеру.(сөздік, ауызша сөздерді сұрау)

2.4-тапсырма.

ІІІ. Жаңа грамматикалық тақырып:

Ал, бүгінгі сабағымыздың грамматикалық тақырыбы: Сөйлем (слайд)

Ал, лексикалық тақырыбы: Өз таңдауым

  1. Мұғалімнің «өз таңдауым» туралы түсінігі.



  1. Сұраққа жауап беру: Сіздің ермек ісіңіз қанадай?



  1. Тілдесім: Суреттер бойынша сөйлем құрастыру. Суреттерге қараңдар, Мына адамдардың сүйікті істері қандай екен? Немен әуестенетінін білейік?(слайд)

  2. Грамматикадан алған білімдерін тексеру

Оқулықпен жұмыс: 164 бет, 1-тапсырма. Сөздікпен жұмыс, мәтінді оқу, аудару.



  1. Тіл дамыту жұмыстары.

Тапсырма
1. Сөйлемді аяқта
2. Жайылма сөйлемді жалаң сөйлемге айналдыр

1. Мен сурет ...
2. Айгүл өлең ...
3. Сен сабақ ...

  1. Сергіту сәті: (музыка қою,қаражорға билеу)


ІV. Сабақты қорыту.

Сенің таңдауың не? - сұрағына жауап береміз. Оқушылар өз таңдауларын айтып, ойларын ортаға салады.

V.Үйге тапсырма: 165 бет, 3-тапсырма.



© 2010-2022