Сабақ жоспары Есімдерді қайталау

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6-сынып

Сабақтың тақырыьы : Есімдерді қайталау.

Сабақтың мақсаты: Зат есім,сын есім,сан есім тақырыптарынан алған білімдерін тиянақтау,сөз қолданыста пайдалана білуге үйрету,мәтін ішінен тауып,талдай білуге баулу;

Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру;

Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.

Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу,материалды деңгейлеп беру,бірін-бірі тексеру арқылы жұмыстың дұрыстығына көз жеткізу,өз бетімен жұмыс,рөлдік,іскерлік

Сабақ жабдықтары: зат есім,сын есім,сан есім,олардың түрлері туралы таблицалар,сабақ жоспары жазылған плакат,үлестірмелі қағаздар,слайдтар

Сабақ түрі: проблемалық,деңгейлік саралап оқыту технологиясы.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,бейнелеу өнері,музыка.

Сабақ барыс.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Оқушыларға сабақ мақсаты түсіндіріліп,сабақ жоспары тақтаға көрсетіледі.

  1. «Бірін-бірі үйрету» сабағы

  2. «КВН» ойыны

  3. «Бетпе-бет» ойыны

  4. «Мені түсін» ойыны

  5. «Бірін-бірі тексеру» ойыны

  6. «Ән сала білесің бе?»

  7. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс

  8. Үйге тапсырма

Сабақта өтілген материалдар бойынша оқушылардың алған білімі тексеріледі.Оқушылар үш топқа бөлінеді.Әр топ алдын-ала жоспар бойынша дайындалады.Әр түрлі кітаптар өтілген шығармалардағы қажетті мақал-мәтел,жаңылтпаштарға көңіл аударады.Ойын шарты бойынша тақырыпқа сай материалдар іздейді,ішінен сөз таптарын табады.

1.«Бірін-бірі үйрету» сабағы.

Ойын шарты бойынша әр топқа тапсырма беріледі.1.Тапсырма бойынша біреуі мұғалім болып сол тапсырманы түсіндіреді,екіншісі оқушы болып жауап береді.2.Тапсырмада орындарын алмастырады,яғни зат есім,сан есім,сын есім,олардың түрлері туралы айтып,мысалдармен дәлелдеп түсіндіру қажет.Оқушылар слайдтармен жұмыс істейді.

2.«КВН» ойынының шарты 3 турдан тұрады: топты таныстыру;үй тапсырмасы; шығармашылық кезең.

.1) тур бойынша әр топ өздерін таныстырады,фотослайдтар арқылы.

2) турда оқушылар үйге берілген тапсырма бойынша жауап береді.Әр топ зат есім,сын есім,сан есімі бар мақал-мәтел, жаңылтпаштар айтып талдау жасайды.

Әдепті бала - арлы бала.

Әдепсіз бала - сорлы бала.

Бала - мағынасына қарай жалпы,деректі зат есім,құрамына қарай негізгі,дара зат есім.

3) тур бойынша берілген тақырыптағы шығарған өлеңдері, ой-толғаныстары тыңдалады.

3. «Бетпе-бет» ойынында 1 оқушыны жүргізуші етіп сайлап,3 топтан 3 оқушыны «Бетпе-бет» студиясына қонаққа шақырамыз.3 топтың оқушылары өзге топтан келген қонаққа алма кезек сұрақ қояды.Ал жауаптарын жүргізуші бағалап отырады.

«Зат есім» тобынан келген қонаққа: «Атауыш сөздер деп қандай сөздерді айтамыз,деректі,дерексіз зат есімдер жайында айтсаңыз».

«Сын есім» тобынан келген қонаққа : «Сын есімнің шырайлары туралы айтсаңыз,сын есімнің маңызды белгілері қандай?»

«Сан есім» тобынан келген қонаққа : Сан есім туралы қызықты әңгімелер айтсаңыз,қасиетті сандар туралы әңгімелесеңіз.

4. «Мені түсін» ойынының шарты бойынша 3 топтан оқушылар шығып бір автордың шығармасындағы кейіпкерлер бейнесін сомдап береді және де жұмбақтап сұрақ қояды.Келесі топ жұмбақтың шешуін тауып,сол кейіпкер бейнесін сомдап көрсетеді

5. «Бірін-бірі тексеру» ойынында әр топ өзара бірін-бірі тексеру мақсатында бір-біріне сұрақ қояды.

«Зат есім» тобына

1.Жалпы,жалқы есім деген не? Мысалдар келтір.

2.Тыйым сөздерден зат есімді тауып,талдау жүргіз.

3.А әрпінен басталатын жалқы есімдер.

«Сын есім» тобына

1.Сын есімнің мағыналық түрлері туралы не білесің? Мысалдар келтір.

2.Өлең жолдарынан сын есімді тауып, талда.

3.Бояумен сурет салып,сөзбен суретте.

«Сан есім» тобына

1.Реттік,жинақтық сан есімдер туралы не білесің? Мысалдармен дәлелде.

2.Билер сөзінен сан есімді тауып,талда.

3. Сан есімнен басталатын ұлттық ойын атауларын ата.

6. «Ән сала білесің бе?» Мәтін ішінде зат есім,сын есім,сан есім кездесуі керек.

Оқушылар «Саржайлау», «Сегіз аяқ» әндерін айтады.

7. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жүргізіледі.Оқушы мүмкіндігіне қарай материалды деңгейлеп беру тәсілі қолданылады.

Оқушылық деңгей тапсырмасында оқулық бойынша жұмыс жасайды.Жаттығу орындалады.

Алгоритмдік деңгей тапсырмасы

А,Т,С әріптерінен басталатын қатыстық сын есімдер табу қажет.

Алғыр Тапқыр Сулы

Арлы Төзімді Сабырлы

Арыстандай Тәртіпті Сезімді

Алмадай Тебеген Сезгіш

Аққудай Тиімді Сезімтал

Айтқыш Толық Сөзшең

Ақылды Таулы Сүзеген

Айлалы Тасты Сауықшыл

Ақылсыз Түнгі Сыншыл

Аққулы Тарихи Сазандай

Эвристикалық деңгей тапсырмасы.

«Егер мұғлім болсам ...», «Мектебім - мақтанышым» тақырыптары бойынша мәтін құрайды,ішінде зат есім,сын есім,сан есім түрлерін қолдануы керек.

Шығармашылық кезең

« Туған елім - Қазақстан» тақырыбында пікір таластыру,яғни ой-толғау немесе «Батырлар жырынан» үзіндіні жыр мақамымен айту,зат есім,сын есім,сан есімдерге талдау жасайды.

8.Үйге тапсырма.

3 топ бір-біріне тапсырмалар береді.Тапсырма мақсаты : кітапханамен байланыс орнату.

І топ келесі сабаққа тест сұрақтарын дайындайды. «Мектеп тарихы сыр шертеді» тақырыбында мәтін құрап,есімдерге талдау жасау тапсырылады.

ІІ топ есімдер тақырыбына «Нені міндетті түрде білу керек?» слайд дайындайды. «Қайырымды бала деген кім?» ой-толғау,зат есім,сын есім,сан есімдерді тауып,талдау жасау керек.

ІІІ топ көркем сөз сазгері Ғабит Мүсіреповтың шығармалары бойынша «Менің сүйікті жазушым» ой-толғауы,зат есім,сын есім,сан есімдерге талдау жасау тапсырылады.Есімдердің мағыналық түрлеріне мысалдар дайындайды.

© 2010-2022