Мағжан Жұмабаев

Сабақтың мақсаты:А) білімділік: Ақынның өмірі мен шығармасы туралы оқушыларға түсініктеме беру.Өлеңдерін оқытып идеясы мен сюжеті туралы түсіндіру.Басты тақырыбы қандай?Ә)дамытушылық: Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытып,сөздік қорларын байыту.Б)тәрбиелік: Адамгершілік,имангершілік қасиеттерге.Сабақтың түрі:жаңаСабақтың әдісі мен тәсілдері: мәнерлеп оқу,түсіндіру,баяндауСабақтың көрнекіліг:ақынның суретіЖұмыс формалары: топтық
Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: Ақынның өмірі мен шығармасы туралы оқушыларға түсініктеме беру.Өлеңдерін оқытып идеясы мен сюжеті туралы түсіндіру.Басты тақырыбы қандай?

Ә)дамытушылық: Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытып,сөздік қорларын байыту.

Б)тәрбиелік: Адамгершілік,имангершілік қасиеттерге.

Сабақтың түрі:жаңа

Сабақтың әдісі мен тәсілдері: мәнерлеп оқу,түсіндіру,баяндау

Сабақтың көрнекіліг:ақынның суреті

Жұмыс формалары: топтық

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:сыныпты түгендеп,тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеріп оқушыларды бағалау.

3.Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру.

Мағжан Жұмабаев -қазақ әдебиетінің аса талантты,қиялы ұшқыр ақын. Ақын халқына, Отанына арнап өлеңдер жазған. Оның өлеңдері екпінді, қуатты болып келеді.

Балаларға арнап «бесік жыры», «туған жер», «Бала мен құс» және т.б. өлеңдер жазды.

Мен жастарға сенемін.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты.

Қырандай күшті қанаты,

Мен жастарға сенемін!

Көздерінде от ойнар,

Сөздеріңде жалын бар.

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін.

Жас қыранда балапан,

Жайып қанат ұмтылған.

Көздегені көк аспан,

Мен жастарға сенемін.

Сөздік:

Айбатты-грозный (как лев)

Қайратты-энергичный (сильный)

Көздерінде от ойнар-на глазах пылающий огонь

Жаннан қымбат оларға ар-честь для них дороже жизни

Мен жастарға сенемін-я верю молодым

Сұрақтар:

1.Өлеңнің кейіпкерлері кімдер?

2.Ақын жастарды нелерге теңеген?

3.Ақын жастарды қандай көңіл-күймен жырлаған?

4.Ақын жырлаған жастар қандай екен?

5.Ақын неліктен жастарға сенеді?

Тапсырмалар:

1.Сөздер мен сөз тіркестерін дұрыстап айтып үйреніңдер.

2.Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқыңдар.

3.Өлеңдегі теңеулерді дәптерлеріңе теріп жазыңдар.

4. «Қандай» деген сұраққа жауап беретін сөздерді табыңдар.

5.Арлы бала деген қандай бала?

6.Өз достары ішінен кімдерді айтар едіңдер?

Сабақты қорытындылау: Мағжан жұмабаевтың өлеңдер не туралы жазылған? Тақырыбы қандай: Кімдерге арнап жазған:Жастарды неге үлгі тұтады? Қандай алға мақсат қойған?

Үй тапсырмасы: оқып келу,қосымша мәліметтер жинау.

Бағалау: сынып оқушыларын.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңдар.

© 2010-2022