Урок на тему Мектеп асханасы

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5-сынып қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Мектеп асханасы
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларға мектептің асханасы туралы білу, асханада тапсырыс беруді үйрену, жаңа сөздермен сөйлемдерді дұрыс құрастыра білуді үйрету.
2) Тапсырмалар арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденпаздық қасиеттерін қалыптастыру, сөздерді дұрыс байланыстырып, ойды жүйелеп айтуға дағдылану.
3) Оқушылардың адамгершілікке, тазалыққа, дұрыс тамақтануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, әңгімелесу, түсіндіру
Көрнекілігі: Суреттер
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу.
ә) Балаларды түгендеу.
б) Тіл дамыту сұрақтары.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІҮ.Жаңа сабақты өтуге даярлық

Тақырыбымыз - Мектептің асханасы.
Сабақтың тақырыбын айтып, мақсатын ашу.
- Балалар, біз бүгін сабаққа қандай мақсат қоямыз?
- Мақсаты - асханада тапсырыс беруді үйрену, жаңа сөздермен сөйлемдерді дұрыс құрастыра білу, диалог құрастыру.

Ү.Жаңа сабақ


1-тапсырма.Мәтінді оқып төмендегі үш деңгейлі тапсырмаларды орындаңдар.

Біздің мектепте үлкен асхана бар.Мұнда салқын тағамдар, ыстық тағамдар, сүт тағамдары және түрлі сусындар сатады.

Біз екі мезгіл осы асханадан тамақтанамыз. Таңертеңгі асқа жеңіл тағамдардан ботқа, шай немесе сүт, май және нан аламыз.

Түскі асқа біріншіге сорпа немесе борщ, екіншіге қуырдақ немесе палау, үшіншіге шай немесе кофе, кейде сүт, айран аламыз.

Сөздіпен жұмыс

Екі мезгіл-два раза

Ботқа-каша

Бірінші-первый

ІІІ деңгей

1.Берілген тағам түрлеріне сипаттама беріңдер, әрқайсысына мысал келтіріңдер.

Салқын тағамдар, ыстық тағамдар, сүт тағамдары, түрлі сусындар.

2.Мәтін бойынша бірнеше сұрақ дайындаңдар.

ІІ деңгей

1.Сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.

Асхана, қызметкер, сыпайылық.

2.Сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құраңдар

Даяшы, мәзір,тапсырыс, мектеп, қасық, шанышқы, асхана

І деңгей

Мектептегі асхана туралы шағын әңгіме құраңдар.

2-тапсырма.Рөлге бөліп жаттығу.

3-тапсырма.Төменде берілген сөз тіркестерін, сөйлемдерді қатыстырып, диалог құрау.

ҮІ.Сабақты түсінгенін тексеру

4-тапсырма.

ҮІІ.Сабақты бекіту
Мәтін не туралы?
Мектебіңнің асханасы нешінші қабатта?

Асханада нелер сатылады?

Дастарқан мәзірінде нелер бар?

Асхана қандай? Ондағы қызмет көрсету сендерге ұнай ма?

Сендер асханадан қай кезде тамақтанасыңдар?

ҮІІІ.Үйге тапсырма.5-тапсырма.





Тақырыбымыз - Мектептің асханасы.
Сабақтың тақырыбын айтып, мақсатын ашу.
- Балалар, біз бүгін сабаққа қандай мақсат қоямыз?
- Мақсаты - асханада тапсырыс беруді үйрену, жаңа сөздермен сөйлемдерді дұрыс құрастыра білу, диалог құрастыру.
V Сөздік жұмысы:
- Жаңа сөздермен танысайық. Сөздерді оқып, сөйлем құрастыру. Айтылым.
ас мәзірі - меню шырын - сок
тапсырыс - заказ тамақ - блюдо
ботқа - каша ыстық тамақ - второе блюдо
ас қасық - столовая ложка тұшпара - пельмени
аспаз - повар шанышқы - вилка тоқаш - булочка
Жаңа тақырыпты бекіту:
- Ал біздің мектептің асханамыз туралы тағы не білесіңдер?
- Асханада не бар?
1-тапсырма. Сурет бойынша сөйлем құрастырыңдар. (ауызша) Айтылым.
2-тапсырма. Сөйлемді орын тәртібімен дұрыс құраңдар.
1) Тамақтың, қолды, алдында, жуу керек.
2) Мектеп, бірінші, орналасқан, қабатта, асханасы.
3) Мен, жеймін, ботқа..
4) Дастарқанда, болады, бауырсақ, тұшпара.
Сергіту сәті: «Қара жорға»
3-тапсырма. Жазылым. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.
- Мектепте тамақтанасың ба?
- Асханада оқушылар неше рет тамақтанады?
- Сен қандай тамақ ішесің?
• 4-тапсырма. Дұрыс аудармасын табыңдар?
Таңғы ас готовить еду
Дәмді тағам ужин
Жіңішкелеп кесу вкусное блюдо
Асты дайындау завтрак
Кешкі ас мелко резать
VІ Қорытынды:
Сонымен біз бүгін қандай тақырыппен таныстық? Мақсатқа жеттік пе?
5 жолды өлен
1 Асхана Не туралы сөйлестік?
2 әдемі, үлкен Біздің асханамыз қандай?
3 тамақтанамыз, тапсырыс береміз, ішеміз Біз асханада не істейміз?
4 Маған мектеп асхананың тағамдары ұнайды.
5 Дәмхана

V ІІ Бағалау:
VІІІ Үй жұмысы: 3 мақал-мәтел жаттау


© 2010-2022