Открытый урок по литературе на тему М. Әуезов Көксерек әңгімесі (7 класс)

Қазақ әдебиеті пәнінен7 сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары "М.Әуезов "Көксерек" әңгімесі" Мұғалім: Камзанова Назым СерикжановнаАшық сабақта әр түрлі АКТ әдіс-тәсілдері қолданылған, "Көксерек" әңгімесін оқушыларға игертудің тиімді тәсілдері бар. Тақырып жан-жақты зерттеліп, өмірге байланыстырып құрастырылған. Сабақ үстінде фильмнен үзінді көрсетілген.
Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 7 «Б» Пән: Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі

Сабақтың мақсаты: Көксерек әңгімесін оқушылардың өз бетімен іздене отырып, түсінулеріне мүмкіндік беру.

Білімділік: М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің мазмұнын меңгерту, шығарма мазмұнына, идеясына, тақырыбына талдау жасату.

Дамытушылық: Әңгімені оқи отырып,өз ойын толық жеткізе білуге, шығармашылыққа баули отырып, ой өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Әңгіме мазмұны арқылы оқушылар бойында адамгершілік, жанашырлық сияқты қасиеттерді қалыптастыру, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, оның заңдылығын бұзуға жол бермеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Пысықтау сабағы

Сабақтың түрі: Жинақ сабақ

Сабақтың көрнекіліктері: фильмнен үзінді, слайд, әр түрлі плакаттар

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, «Кубизм» әдісі, «Бес жолды өлең», сұрақ - жауап, дәлелдеу,топтық жұмыс, семантикалық карта.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, өмірмен байланысы, шетел әдебиеті

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Кезекшінің мәліметі.

-Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтан өзгеше, өйткені бүгін ашық есік сабағы, біздің сабағымызға қонақтар қатысады. Сондықтан сендерге сәттілік тілеймін. (2 минут)

Үй тапсырмасы: Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін оқып, мазмұндау.

Алдымен М.Әуезов туралы бірер сұраққа жауап берсеңдер.

  1. Мұхтар Әуезов кім?

  2. Қай жылы, қай жерде өмірге келді?

  3. Дүние жүзіне танылған еңбегі? т.б. (2 минут)

Жаңа сабақ: Мағынаны тану кезеңі

«Ой қозғау» әдісі арқылы оқушыларға фильмнен үзінді көрсету. (2 минут)

  • Бұл қай фильмнен үзінді? (Көксерек)

  • Фильмді көргендерің бар ма?

-Фильмді көргенде қандай әсер алдыңдар?

-Енді осы фильм туралы сендерге қосымша мәлімет айта кеткім келіп отыр. «Көксерек» шығармасы желісімен түсірілген "Көксерек" көркем фильмі 1973 жылы түсірілді. Бүкілодақтық тұсаукесері 1974 жылы 8 сәуірде Мәскеу қаласында өтті. Фильм режиссері -Төлеміш Өкеев.

- Қасқырдың тағы қалай аталатындарың білесіңдер ме?

-Тағы- жабайы

- Арлан - ірі, күшті қасқыр.

-Абадан- еркек, көсем қасқыр.

-Бөрі- қасқырдың аталығы (2 минут)

(Дәптермен жұмыс). Әңгіме бойынша жоспар құру. (3 минут)

1. Қасқыр күшіктерінің өлтірілуі

2. Көксерек Қараадыр ауылында

3. Көксерек деп атауы

4. Көксеректің өсуі

5. Құрмаштың қайтыс болуы

6. Әжесінің қайғыруы

Оқиғаның мазмұнына тоқталу. (3-4 оқушыдан сұрау) (7 минут)

Қалған оқушыларға әңгіме бойынша сұрақтар қою. (3 минут)

1.Қалай ойлайсыңдар, басты кейіпкер кім?

2.Құрмаш қандай бала?

3. Құрмаштың Көксеректі алуына не себеп болды?

4. «Көксерек» деген атты кім қойды?

5. Ауылдың иттері Көксерекпен неге өш болды?

6. Ауыл адамдары неге оны «ұры» деп атады?

7. Қара ала төбеттің иесі кім?

8. Көксерек Құрмаштан қай кезде кетті?

9. «Көксерек» әңгімесі қалай аяқталушы еді?

Сергіту сәті орындалады.(1 минут)

«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… өкшемен… арқамен.

Жаңа сабақты бекіту: -Міне, шығарманың жалпы мазмұнына да шолу жасап болдық. Енді сендердің шығарманы қаншалықты меңгеріп, түсінгендеріңді байқау үшін келесі іс-әрекетімізге көшеміз. Бұл - «Кубизм» әдісі. Мұнда топқа кубикті лақтырып, қандай тапсырма түссе, сол тапсырманы орындайды.

«Кубизм» әдісі (4 минут)

  1. Салыстыр

Көксеректің ауылдағы мінез-құлқы мен даладағы мінез-құлқын салыстырыңыз.

  1. Талда

Көксеректің өзгергенін қай тұстардан байқадың? (кітаптан оқып беру)

Елестет

Егер адамдар қасқыр апанын бұзып, бөлтіріктерін өлтіріп, Көксеректі алып кетпегенде, оқиға әрі қарай қалай дамуы мүмкін еді?

4.Суретте

Көксерек портретін суретте

5.Талқыла

Құрмаштың өліміне Көксерек кінәлі ме?

6.Зертте:

Қасқыр туралы қандай шығарма, мақал білесің?

Қасқыр туралы қосымша мәлімет (2 минут)

- Американ жазушысы Джек Лондон ХІХ ғасырда «Ақ азу» деген хикаят жазған. Онда қасқырдың адамға достығы, оны үйретсе, үй жануары сияқты болатыны, өз иесіне адал қызмет ететіні жазылған. М. Әуезов осы шығарманы оқыған соң, қарсы пікірде қасқырдың адамға дос емес, жау екенін дәлелдегісі келіп, «Көксеректі» жазды. Себебі , далада мал бағатын қазақ үшін қасқыр - қырдың жауы. Ал М. Әуезовтің шәкірті Шыңғыс Айтматов бұл туралы өз шығармасын жазды. «Жан пида» деп аталатын романда қасқырдың қасқырлық жолға түсуіне адамның өзі кінәлі деген ой түйді.

Топ бойынша жұмыс: мәтін бөліктерін ретімен орналастыр. (5 минут)

Қасқыр адамға дос бола ма?

Қасқыр - жыртқыш аң. Олар өте кекшіл болып келеді. Қасқыр адамға дос бола алмайды.

«Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан» дегендей, «Көксерек» әңгімесінде Құрмаш бөлтірікті асырап алып аяғында өзі зардап шегеді, себебі олар жақсылықты дұрыс түсінбейді. Адам қасқырды түсінуі әбден мүмкін, бірақ қасқыр адамды түсінбейді. Адамның жануардан айырмашылығы - сана -сезімі.

Кей жағдайда қасқыр адамға дос бола алады. Өйткені тарихта аты қалған атақты Атилла (Еділ хан) бөрілердің қолында тәрбиеленген. Себебі, Атилланың бала кезінде жаулары тайпаларын қырып, тек оны қалдырып, қол-аяғын кесіп, сазға апарып тастайды. Сол балшықтан Еділ ханды тауып алған қасқырлар болатын. Одан соң олар Атилланы өздеріне асырап алады.

Қазіргі күні атағы жер жарған Атилла бөлтіріктердің қасында өскен. Хан болған уақытында тайпасына «Ашина» деген ат қояды. «Ашина» деген қытай тілінен аударғанда «қасқыр, бөрі, бөлтірік» деген ұғымдарды білдіреді. Осыдан біз қасқырдың адамға дос бола алғандығын көре аламыз.

Бірақ, менің ойымша, қасқыр адамға дос емес. Себебі, бұл - табиғат заңы. Адам мен қасқырдың арасы жер мен көктей. Мысалы, ит адамның досы бола алады. Өйткені ол адамдарға көмектеседі. Ит - үй жануары. Ал қасқыр болса, далалы, таулы жерде мекендеуге бейімделген. Қасқыр адамға қастандық ойласа, ит адамның тірі жүруін қалайды.

Қорытындылай келсем, қасқыр адамға дос емес. Себебі, табиғат заңдылығын бұзуға болмайды.

Қорытынды бөлім: Ары қарай сабағымызды қазақ тілі пәнімен байланыстырсақ,« 5 жолды өлең» Қасқыр туралы

1.Зат есім Қасқыр

2.Сын есім Жыртқыш, қомағай

3.Етістік Ұлиды, шабуылдайды, жортуылдайды

4.Синоним Бөрі, көкжал

5.Сөйлем Қасқыр түз тағысы


  • Енді осы талқылап жатқан әңгімеміздің негізгі көтерген мәселесі, идеясына тоқталып сабағымызды қорытындыласақ. (3 минут)

Идеясы-жазушы жалпы табиғатқа шабуыл жасау, оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесі өте күрделі дүние екендігі туралы айтқысы келеді.

Шығарманың кемпір қарғысымен аяқталуы - Әуезовтің озбырлыққа, жауыздыққа, қаталдыққа деген қарғысы.

Жазушы жер бетіндегі адамдарды татулыққа, бір - бірін, өзін сыйлауға, құрметтеуге үндейді. Қасқыр табиғаттың бір бөлшегі. Қасқыр қашанда қасқырлығын қылады.

Көксеректің бұл іс - әрекетіне адамдардың өздері себеп болды. Ол санасыз, тағы қасқыр, әбден өшпенді болып алған.

Күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұясы, талбесігі - табиғатты аялау.

Оқушыларды білімдеріне қарай бағалау. (1 минут)

Үйге тапсырма: 77-бет 6, 12-тапсырма. 78-бет мақал-мәтелдер жаттау. (1 минут)











«№ 27 ЖОББМ» КММ


Сабақтың тақырыбы: Открытый урок по литературе на тему М.Әуезов Көксерек әңгімесі (7 класс)

Открытый урок по литературе на тему М.Әуезов Көксерек әңгімесі (7 класс)


Өткізген: Камзанова Назым

Серикжановна




Семей қаласы, 2015 жыл

© 2010-2022