Ұлттық ойындар

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар Мақсаттары: 1. Білімділік: Өтілген тақырыптарды қайталауарқылы оқушылардың меңгерген білімін тексеру,тиянақтау.Ойын еркін айтуға үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту,сонымен қатар ұмытылып бара жатқан ойындардыкөрсету, насихаттау.2Тәрбиелік: өз еліне деген ұлттық мақтанышты тәрбиелеу,өз ұлтыныңерекшілігін таныту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.3.Дамытушылық:Оқушылардың тілін, ой-өрісін дамыту, сөздік қорын көбейту. Сабақтың типі: қайталаусабақСабақтың әдісі:...
Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар

Мақсаттары: 1. Білімділік: Өтілген тақырыптарды қайталау арқылы оқушылардың меңгерген білімін тексеру,тиянақтау.Ойын еркін айтуға үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту, сонымен қатар ұмытылып бара жатқан ойындарды көрсету, насихаттау.

2Тәрбиелік: өз еліне деген ұлттық мақтанышты тәрбиелеу,өз ұлтының ерекшілігін таныту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

3.Дамытушылық:Оқушылардың тілін, ой-өрісін дамыту, сөздік қорын көбейту.

Сабақтың типі: қайталау сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сұрақ-тапсырмалар

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Жұмыс-формалары: топтық

Техникалық құрал: интерактивті тақта

Көрнекілігі: ұлттық ойындар туралы слайд, асықтар, қамшы.

Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.Кезекшінің жауабын тыңдау.

2.Үй тапсырмасын сұрау. Ұлттық ойындар туралы білу.

3.Негізгі бөлім. Ұлттық ойындар.

Мұғалім - Балалар! Бүгін біз осы тоқсанда өткен «Ұлттық ойындар» деген сабағымызды қайтадан қайталап,пысықтап өткізгелі отырмыз. Себебі бүгінгі сабағымыздың мақсаты:ата-бабамыздан қалған ұлттық ойын түрлерінің маңызы мен мәнін саралап көрсету, насихаттау, сонымен қатар,балалар, ұлттық ойындар балаларды тапқырылыққа,шапшаңдылыққа,ептілікке баулиды, адамның ойын еркін айтуға үйретеді дегім келеді. Этнограф-ғалымдардың зерттеулеріне жүгінсек, қазақтың ұлттық ойындары аңға, малға байланысты, алуан түрлі заттармен ойналатын, зеректікке, ептілік пен икемділікке, батылдыққа баулитын ойындар деп бірнеше түрге бөлінеді. Сонымен, бүгінгі сайыс сабағымызды бастайық.Бүгінгі сабаққа 2 сыныптың оқушылары қатысып отыр.Олар : 5д сыныбы - «Қыран» тобы, 5 г сыныбы - «Сұңқар» тобы.Қатысушыларға қошемет көрсетіп қояйық. Бүгінгі біздің сайыс сабағымыз бірнеше кезеңнен тұрады.

1-тур.Өзін -өзі таныстыру (топтың аты, эмблемасы)

2-тур. «Ұлттық ойындарды танисың ба?» Сурет бойынша ойын, яғни үй тапсырмасын бекіту. Алдарыныңға ұлттық ойындар туралы слайд көрсетеміз, сендер осы ойындардың атауын тауып берулерің керек. 1.Қыз қуу 2.Сақина салу 3.Арқан тарту 4.Көкпар 5.Бәйге 6.Алтыбақан 7.Тоғызқұмалақ 8.Асық ойнау.

3- тур. Бәйге кезеңі деп аталады.Ой қозғау.(сұраққа жауап алу).Шарты: Белгілі уақыт ішінде қойылған сұрақтарға тез жауап беру. Әр топқа 10 сұрақтан қоямыз. Ұпайды көп жинаған топ жеңімпаз болады.

«Қыран» тобының сұрақтары

  1. Абай Құнанбаев кім?

  2. Сендер нешінші сыныпта оқисыңдар?

  3. Қазақстанның бас қаласын ата

  4. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

  1. Бір жылда неше мезгіл бар?

  2. «Кел,балалар,оқылық өлеңінің авторы кім?

  3. Асық ойынның мақсаты неде?

  4. Қыздың бетін сүйетін қай ойын?

  5. «Ханталапай» ойыны немен ойналады?

  6. Қимыл, әрекетті білдіретін сөз табы қалай аталады?

«Сұңқар» тобының сұрақтары

1.Аптада неше күн бар?

2. Қазір жылдың қай мезгілі?

3.Жалғаулар сөз табына жата ма?

4.Зат есімнің неше жалғауы бар?

5.Абайдың қанша қара сөзі бар?

6. «Ұлыстың ұлы күні» қай күн?

7. «Асан мен Үсен» әңгімесін кім жазған?

8. «Тоғызқұмалақ» ойынын кім ойлап тапқан?

9. «Айқұлақ» ойынның шарты бойынша қандай кейіпкерлер болады?

10. Оқитын мектебің кімнің атында?

4- тур. Адасқан сөздерді өз орнына қою . Яғни тақырыпқа байланысты 4 сөйлем шығу керек.Әр топ 2 сөйлемнен құрастыру керек.

1.Ойындары,қазақ, халқының, көбінесе,байланысты,төрт, малмен,түлік, болды.

(Қазақ халқының ойындары көбінесе төрт түлік малмен байланысты болды)

2. Пайдаланды, құмалағын,қой,мал,сүйегін,ойынға,олар

( Олар мал сүйегін, қой құмалағын ойынға пайдаланды)

3. Күрес - халқымен, қазақ, жасап,келе,бірге,жатқан, ойын,ұзақ,тарихы,бар.

(Күрес - қазақ халқымен бірге жасап келе жатқан ұзақ тарихы бар ойын.)

4.Алтыбақан, көктем,жаз, кештерінде, далада, алаңда,өтеді, көбі.

(Алтыбақан далада, алаңда көбіне көктем, жаз кештерінде өтеді.

Келесі 5- тур. «Ойын ойнайық» деп аталады. Бұл кезеңде біз бірнеше ойын ойнаймыз.Әр ойынды ойнағанда қазылар алқасы әділ бағасын беріп отыруыңызды сұраймыз. «Сақина салу» Сақина салу- жеребе арқылы бір қыз, бір жігіт ортаға шығады.Басқалары екі қолдарын уыстаған күйі тізелерінің үстіне қойып отырады.Қыз қолындағы сақинаны әр ойыншының уысына салғандай ыңғаймен ойынға қатысушыларды түгел аралап өтеді.Содан кейін жігітке: «Сақинаны тап!» деп бұйырады.Барлық ойыншы сақинаны іздей бастаған жігітке қарап, қуыстанып сезіктенгендей кейіп байқатады. Жігіт өзі ұйғарған ойыншыдан «Сақинаны бер!» деп сұрайды.Тапса, сақинаны ұстап отырған ойыншы айып тартады.Таппаса, іздеушінің өзі айып тартады. (Ал айыптың өтеуі келесі: ән салу, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту, өлең оқып беру).Бұл ойынға әр топтан екі ойыншыдан қатысады. Бұл ойын « Асық ойыны» деп аталады.Бұл ойынның негізгі шарты бір - бірінен асық ұту.Барлық ойыншы бір-бірден асық тігеді. Бір бала ойыншылардың кезектерін анықтау үшін басқалардың сақасын жинап алып иіреді.Яғни кімнен кейін кімнің асық ататынын анықтайды.Иірген кезде алшы түскен сақаның иесі бірінші, тәйке, бүк түскендікі үшінші, шік түскендікі төртінші атады.(Асықты көп жинаған топ жеңіске жетеді)Келесі ойынымыз «Арқан тарту» деп аталады. Бұл күш сынасатын ежелгі халық ойыны.Алаңның ортасынан белгі үшін белдеу сызық сызылады.Белгі берілгенде екі топ екі жаққа қарай тартуы керек. Алаң ортасындағы белдеу сызықтан қарсыласын шегіншектете сүйреп өткізген топ жеңіске жетті деп есептеледі.

Мұғалім: Құрметті оқушылар!, мұғалімдер! Бүгін біз қазақ халқының бірнеше ұлттық ойындарын көрсете алдық . Ұлттық ойындардың түрлері көп.Ең бастысы қазақтың ұлттық ойындары ұлтымыздың ерекшелігін, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеудегі ұлттық болмысымызды көрсетеді.Ұлттық ойындарды сабақ барысында да, сабақтан тыс уақытта да оқушылардың бойында ұлттық сезімін ояту үшін ойнатып отыру қажет деп ойлаймын.Сөзді әділ - қазылар алқасына беремін. Сөз кезегі сіздерде. Әділ-қазылар алқасы қорытындылайды.



© 2010-2022