Сауат ашу пәнінен сабақ жоспары Ә дыбысы және әрпі

Сауат ашу және жазу Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты:  Ә дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық таза сөйлеуге үйрету. 2.  Ә дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету. 3.  Ұғымталдыққа тәрбиелеу. Үлкендерге құрмет көрсетуге баулу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Пайдаланылған әдістер: Сұрақ-жауап; ой қозғау; ой толғау; логикалық ойын дамыту, бақыл...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сауат ашу және жазу

Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Ә дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық таза сөйлеуге үйрету.

2. Ә дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

3. Ұғымталдыққа тәрбиелеу. Үлкендерге құрмет көрсетуге баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Пайдаланылған әдістер: Сұрақ-жауап; ой қозғау; ой толғау; логикалық ойын дамыту, бақылау: мәнерлеп оқу қаблетін дамыту; ән айту; көрсету; таныстыру; серуен; проблемалық сәт тудыру.

Ұйымдастырылуы: Серуенде ұлттық заттарды ұстатып көрсету, заттардың атын атату.

Сабақтың көрнекілігі: Әже (суреті), бесік. сырмақ, текемет, көрпе жастық, әлди (қуыршақ); әріптер (касса), әтеш (суреті); әке (суреті); суреттер, "әукешім". сөзжұмбақ "әліппе".

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші:

- Мына суреттен нені көріп тұрмыз?

- Әтешті.

Әтешіміз "ақ" қанат

Күзетшідей қырағы.

Таң азаннан қақпада,

Айқай салып тұрады.

- Балалар, әтеш таң азаннан неге айқайлайды?

- Ал, ояндың енді не істеу керек?

- Дұрыс, азаматсындар! Ал, қанеки бастайық (Сергіту жаттығуын жасау).

- Ал енді, іске кірісейік. Әтеш тек кана бізді оятты ма?

- Әке қайда кетті?

- Әпке қайда кетті?

- Әже ше? Әлди ше? ... (Үйде қалды ...)

- Мынау - Әлім. Ол жақсы, әдепті бала. Әжесіне, үлкендерге сәлем береді. Ол - әдепті бала.

- Бізде сондай әдепті балалар бар ма екен? (... иә...)

- Мынау не?

- Сиыр, ... "әукешім".

- Әсел қайтті?

- Әсел әукешімді сауды, әукешім көп сүт берді...

- Сүт өте пайдалы. Бал қосып ішсең, ауырмайсың.

Сюжетті ойын: Қатысушылар: Әсел, әже, әлди.

Әсел: - Әже, әлди жылады.

Әжесі: - Әлди-бөпем, әжең келе жатыр

Әжең "әлдиді" тербетеді...

Әсел: - Әже, әлдиді бесіктен шешіп алайық.

Әжесі: - Жарайды, шешіп алайық.

Әкеле ғой, көрпесі мен жастығын.

Әжесі мен Әсел әлдиді бесіктен шешіп алады...

Тәрбиеші: - Ойынға кімдер қатысты?

- Әже, Әсел, әлди.

- " Бұл сөздер қай дыбыстан басталады?

- Ә дыбысынан.

Тәрбиеші Ә әрпін әріп кассасынан алып, балаларға көрсетеді. Ә дыбысының дыбыстық мәдениетін сақтап, анық таза айту үшін артикуиялық жұмыс жүргізеді.

- Балалар, Ә дыбысына қатысты тағы қандай сөздерді айта аламыз?

- Әлім, әңгіме, ән,...

- Жарайсындар. Олай болса "әлди-бөпем" әнін үйренейік...

Әлди-әлди бөпешім,

Ұйықтай қойшы көкешім.

Бармақтарың майысып

Ұста болар ма екенсің?

Күйші болар ма екенсің?...

(Балаларға әрі қарай жалғастырып айтуға көмектесу: өз ойларынан шығарып, жалғастырады).

Сабақты қорыту.

- Балалар, бүгін сабақта не үйрендік? ...

- Өте тамаша. Үйден тағы да бір өлең құрастырып көріндерші: Мысалы: Әне отыр мысық

Өзі сондай қызық

Қарайды ол маған

Бір көзін қысып...

- Баланың "эвристикалық" қабілетін арттыру үшін тәрбиеші сөзжұмбақ ұсынады:

Әже (суреті).

Әтеш (суреті).

Сәбіз (суреті).

Сабақты қорытып, балаларға ерекше кабілет танытқаны үшін, сабаққа жақсы қатысқаны үшін, өз үлесін қосқаны үшін, әр оқушыны жеке-жеке мадақтап сабақты қорытады.

- Балалар, ә дыбысының қатысуымен айтылатын сөздер өте көп. Үйден ойланып келіңдер. Келесі сабақта сөздерінді, құрастырған (мысық туралы) өлеңдерінді тыңдаймыз.

Ал бізге барлык әріптерді үйрететін кітап "Әліппе" деп аталады (таныстыру).

Таныстырар әріппен

Мынау кітап - әліппең

"Әліппе" деген аты оның

Басталған қай әріптен? (Ә)

- Балалар, үйден кітап, журнал, әліппе т.б. карап шығып, әр қарағанда Ә әрпіне назар аударындар. Әпке, әжелеріңнен оқып беруін сұраңдар.

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

МКМ «Рудный орта мектебі»










Ашық сабақ


Тақырыбы:

Ә дыбысы мен әрпі













Мектепалды тобының тәрбиешісі

: А.Н.Батырбаева








2015 ж

© 2010-2022