Ашык сабак Оттек. Оксид. Жану 8-сынып

Сабақтың тақырыбы: «Оттек. Оксид. Жану». Сабақтың мақсаты: Жеке алынған жай заттардың қасиетімен таныса отырып, бейорганикалық заттардың кластары, құрамы, табиғатта таралуы, алынуы жайлы білімді одан әрі дамыту. Жану процесінің мағынасы, мәні жайлы оқушылар көзқарастарын дамыту. Оксидтердің күрделі зат екеніне көңіл аудару. Олардың аталуы мен формуласын құруды есте сақтау. Химиялық заттарды класқа жіктеуді жетілдіру және одан әрі қарай дамыту. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды «Оттек» және «Оксид» ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:







Ашық сабақ

Ашык сабак Оттек. Оксид. Жану 8-сынып


Өткізген: Қабылқақова Ж.Б.


Онды орта мектебі - 2012 ж

Сабақтың тақырыбы: «Оттек. Оксид. Жану».

Сабақтың мақсаты: Жеке алынған жай заттардың қасиетімен таныса отырып, бейорганикалық заттардың кластары, құрамы, табиғатта таралуы, алынуы жайлы білімді одан әрі дамыту. Жану процесінің мағынасы, мәні жайлы оқушылар көзқарастарын дамыту. Оксидтердің күрделі зат екеніне көңіл аудару. Олардың аталуы мен формуласын құруды есте сақтау. Химиялық заттарды класқа жіктеуді жетілдіру және одан әрі қарай дамыту.


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды «Оттек» және «Оксид» деп атап екі топқа бөлеміз.

  1. «Тапқыр болсаң - тауып көр»

о


т


т


е


к


1. Химиялықзаттарды құрайтын, өздері әрі қарай бөлінбейтін, ең ұсақ бөлшектер.

(атом)

2. Химиялық элемент атомының басқабір химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті.

(валенттілік)

3. Зергерлік бұйым жасайтын металл.

(алтын)

4. Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі.

(молекула)

5. Біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған бинарлы қосылыстың атауы. (оксид)


  1. «Білгенге маржан»

«Оттек»

1.Оттектің ауа атмосферасындағы көлемдік үлесі қандай?

( 21% шамасында)

2. Судағы H2O оттектің массалық үлесі (%) қанша екенін есептеңдер.

(89%)

3. Массасы 23г. көмірқышқыл газы CO2 айрылғанда түзілетін оттектің массасын есептеңдер.

(16,7г)

«Оксид»

1. Жер қыртысында ең көп тараған элементті атаңдар. Солардың ішіндегі оттектің үлесі қандай?

Ашык сабак Оттек. Оксид. Жану 8-сыныпАшык сабак Оттек. Оксид. Жану 8-сынып(оттек 49,13 %, кремний 26,00 %)

2. Құмдағы SiO2 оттектің массалық үлесі (%) қанша екенін есептеңдер.

(53%)

3. Массасы 36г. Су айрылғанда түзілетін оттектің массасын есептеңдер.

(32 г)


  1. «Тікелей сұрақтар»

1. «Оттек» латын тілінен аударғанда?

(оксигениум)

2. Оттектің салыстырмалы атомдық массасы?

(15,9994г)

3. Адам организімінде қанша пайыз оттек болады?

(65%)

4. Оттектің физикалық қасиеті.

(иіссіз, түссіз, дәмсіз газ)

5. Химиялық реакцияның жылдамдығын тездететін, бірақ реакция соңында жұмсалмай қалатын зат.

(катализатор, өшірткі)

6. Заттардың оттекпен әрекеттесуі қандай реакцияға жатады?

(тотығу реакциясы)

7. Атомдар саны грекше қалай оқылады?

(1-моно, 2-ди, 3-три, 4-тетра, 5-пента)

8. Табиғаттағы қосылыстан бос күйдегі оттекті бөліп шығаратын процесс немесе реакция.

(фотосинтез)

9. Дәрігерлер тыныс алуы нашарлаған адамды немен демалдырады?

(оттек жастықшасымен)

10. Тұрмыста пайдаланып жүрген алюминийден жасалған ыдысымыздың сырты неге күңгірт түсті?

(алюминий ауадуғы оттекпен тотығады)


  1. «Кім жылдам?»

«Оттек»

1.Мына келтірілген элементтердің: H, Na, Mg, AL, Ca оксидтерінің формуласын құрып, аттарын атаңдар.

«Оксид»

1.Мына келтірілген элементтердің: S, C, Cu, P, Fe оксидтерінің формуласын құрып, аттарын атаңдар.


  1. Қортындылау тест сұрақтары.


  1. Оқушыларды бағалау.


  1. Үйге тапсырма. Тарау бойынша қайталау.

© 2010-2022