Қазақ әдебиеті Толағай әдеби ертегісі

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы

Ә. Тәжібаев «Толағай» ертегісі (2-сағат)

Жалпы мақсаты

Оқушылардың «Толағай» ертегісі туралы білімдерін саралау, ертегінің идеясын білу ;

Ізденгіштік қасиеттерін арттыра отырып, дәлелді пікір айту,ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылық жұмыс істей білуге,өзінше тұжырымды ой айта білуге үйрету.

Әдеби ертегіні оқыту барысында өз еліне, жеріне қамқор болатын патриот азамат тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:


  1. Оқушылар «Толағай» ертегісі туралы білімдерін саралайды, Толағайдың еліне деген көмегін, батырлығын біледі.

  2. Тіліне, көркемділігіне талдай білуге дағдыланады, өз ойын дәлелді пікірмен жеткізе біледі.


Негізгі идея

Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет!

Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет ет!

Б. Момышұлы

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Сиқырлы сандықша», «Талдау-табыс кілті», «Сөзжұмбақ».


Жоспар мазмұны

Уақыт өлшемі

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Кіріспе

2 минут

  1. Ұйымдастыру.

Сергіту сәті

Оқушылар назарын сабаққа аударады

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Сергіту сәтін жасайды.

Оқушылар сабаққа дайын екендігін көрсетеді.

Үй тапсырмасын сұрау.

15минут

«Сиқырлы сандықша» сұрақтары

бойынша «Толағай» ертегісін сұрау

-Оқиға шамамен қашан, қай жерде болған?

-Толағайдың өсіп-жетілуі, алып болып өсіп келе жатқаны қалай суреттелген?

-Толағайдың алғашқы ерлігі туралы не айтасың?

-Жолбарыспен шайқасын толық мазмұндап бер.

-Толағай алыстағы Тарбағатай тауына не себепті аттанды?

-Анасынан не сұрап білді?

Тұсаукесер

10минут

«Талдау-табыс кілті» бойынша шығарманы талдау

Шығарманы композициялық құрылысына қарай талдайды.

Ертегінің композициялық құрылымы:

Басталуы:Саржан атты мергеннің ұлды болуы.

Дамуы:Толағайдың ер жетуі.

Шиеленісуі:Толағайдың халқын ойлап күйзелуі.

Шарықтау шегі:Толағайдың еліне тауды көтеріп әкеліп,жаңбыр жауғызуы.

Шешімі:Толағай-елі үшін құрбан болды.


«Ойлан тап»!

5 минут

Сөзжұмбақ

Сөз жұмбақтың сұрақтары:
1. Ауыз әдебиетінің түрі
2. Ә. Тәжібаев дүниеге келген қала
3. Толағай айқасқан аң
4. Толағайдың әкесінің аты
5. Ертегідегі басты кейіпкер
6. Әкесімен қайда шықты?
7. Толағайдың анасының аты

Сұрақтарға жауап бере отырып, сөзжұмбақтың жауабын табады

Қорытынды

5 минут

Тау көтерер Толағай сияқты қандай азаматтарды білесіңдер?

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді

Рефлексия

2 минут

«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясын түсіндіреді.

Бүгінгі сабақтың екі ұнаған сәттерін және өз ұсыныстарын білдіреді.

Үйге тапсырма беру

1 минут

Толағайдың ерлігі туралы шағын шығарма жазу.

Тапсырманы күнделікке жазып алады

Бағалау

5минут

Белсенділік тантқан оқушыларды бағалау.



Қазақ әдебиеті Толағай әдеби ертегісі

Қазақ әдебиеті Толағай әдеби ертегісі

© 2010-2022