Мазмұндама Шыбық (7 класс)

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 7

Уақыты:-------

Сабақтың тақырыбы: Шыбық

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік . Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін байқау, тыңдау дағдыларын жетілдіру, өз ойын көркем сөзбен жеткізе алу, машықтарын жетілдіру

2. дамытушылық Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыра отырып біліктіліктерін арттыру

3. Оқушыларды қамқорлыққа , табиғатты аялауға, мейірімділікке,еңбек қорлыққа үйрету

Сабақтың түрі: мазмұндама

Сабақтың әдіс -тәсілдері: оқу, тыңдау,жазу

Пәнаралық байланыс: табиғат тану, биология

Мазмұндама

Шыбық

Көктем шықты. Дала қырмызы жасыл кілем жамылып, гүлдерден шашақ тақты Арық бойларын мөлдір су қуалап, күн көзімен жалтылдап ойнай бастады. Жас

талдар бүршік жарып, жапырақ жайды. Жер гүлденіп, дала түрленді. Бұл күндері Бақыт ертелі- кеш тыным тапқан жоқ. Әкелген жас шыбықтарды үйінің тұсындағы көше бойына, аула ішіне отырғызып, оларды дамылсыз суарып, дамылсыз қадағалаумен болды. Солқылдақ жас теректер күндердің күнінде бұршақтай- бұршақтай бүр алды. Бірте- бірте шыбықтанып, ұшар басына жапырақтар да жайылды. Оны көрген сайын Бақыттың кеудесі қуанышқа толып, сол шыбықтарды әкелген түнгі шаршап- шалдығуы ұмыт бола берді.

Темір күнде осы көшенің бойынан өтіп жүрді. Әуелі Бақытқа іштей күліп те жүрді. Кейде ол басқа балаларға бұл ойын бүкпей айтып, олардың да жүздеріне күлкі үйірді.

- Соншама азаптанғанын айтсаңшы, - дейтін ол әкесінің жолдан арбаға салып әкелгенін айтып,- тамырсыз шыбық өсе ме?

Бірақ көктем шұғыласы кең тарап, жас шыбықтар гүл жара бастағанда, оны әлдебір жайсыз ой алаңдата берді. Көңілін өкініш торлап, енді түнере, үндемейтін болды.

Бір күні көше бойымен әкесі екеуі келе жатқанда, жасыл жапырақтары баяу тербелген жас шыбықтарға көзі түсті. Мұны әкесі де көрді.

- Қарашы, шыбықтар қандай жақсы өскен. Сен де өстіп үйдің қасына тал отырғызсаң, қолыңнан келер- ақ шаруа. Өзіндей Бақытты қарашы, көше бойын құлпыртып қойғанын,- деді әкесі.

Темір үндемеді. «Әттең, мен неге бармадым екен сонда» деген баяғы үнсіз өкініш арнасынан өзендей лықсып шыққын еді. (С.Сарғасқаев, 212 сөз.)

Мазмұндау жоспары:

  1. Көктем белгісі.

  2. Бақыттың тіршілігі.

  3. Шыбықтар бүр жарды.

  4. Темірдің кекесіні


© 2010-2022