Фаил Ұстаз шығармашылығы

Раздел Другое
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кемеңгер Елбасы - ырысы елімнің .

Халық қамын ойлаған

Елін сүйген Елбасы .

Ақылы мол, ойлы адам

Жерін сүйген Елбасы .


Тәуелсіздік - арманы ,

Кемеңгер ол - Елбасы.

Сөзінің бар салмағы

Ерен ер ол - Елбасы .


Қазақстан жалауын

Желбіреткен - Елбасы .

Бақыты үшін елінің

Терін төккен - Елбасы.


Ән төгілер жүректен

Өзің үшін , Елбасы .

Ұрпақ үшін өнеге ,

Әрбір ісің Елбасы .

Ұстазымыз үйретеді.

(«Учат в школе » әнімен )

Әріптерді оқуды

Өрнектерді тоқуды

Ұстазымыз үйретеді,үйретеді.

Өмір сырын ашуды ,

Жамандықтан қашуды

Ұстазымыз үйретеді, үйретеді.


Табиғатты қорғауды,

Гүлдерді де жұлмауды

Ұстазымыз үйретеді,үйретеді.

Ұяларды бұзбауды,

Парталарды сызбауды

Ұстазымыз үйретеді,үйретеді.


Үлкендерді сыйлауды ,

Рұқсатсыз зат алмауды

Ұстазымыз үйретеді, үйретеді.

Терең білім алуды ,

Тарихты да тануды

Ұстазымыз үйретеді ,үйретеді


Бөрлі негізгі орта қазақ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Майманов Нуркан Джаныбекович

© 2010-2022