Қазақ тілі сабағы Қайталама қос сөздер 6-сынып

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабақтың тақырыбы: Қайталама қос сөздер
Білімділік: Сөйлем ішінен қайталама қос сөздерді табуға, түрлерін ажырата білуге үйрету. Ауызша, жазбаша тілдерін, логикалық ой - өрісін дамыту
Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, бір-біріне әрқашан көмекке дайын болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Пәнаралық байланыс: Әдебиет
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта, қима қағаздар, слайд, ойындар
Күтілетін нәтиже:
Оқушы қайталама қос сөздерді меңгереді;
Мысал келтіріп, оның жасалуын ажырата алады;
Шығармашылыққа дағдыланады

Сабақтың барысы:
• Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу: Қонақ күту - салтымыз
Оқып - біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге
Сәлем бердік жалпымыз

ә) Психологиялық дайындық:
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.

МЕН ТІЛІМДІ

Ардақтаймын, сүйемін, биік ұстаймын, құрметтеймін,
қастерлеймін
• Міне балалар, кемеңгер, ғұлама ақын - жазушыларымыздың тілі - қазақ тілі сабағы. Бәріміз түзу отырып, зейінімізді тақтаға аударып, мына мақалды оқимыз.

II. Ой қозғау. «Бірлік болмай, тірлік болмас»
- Мағынасын қалай түсінеміз? (балалар жауап береді)
- Осы мақалды басшылыққа ала отырып, берілген тапсырмаларды татуласа, достаса, бірлесе отырып, бір - бірімізге көмектесе отырып орындаймыз.
- Үш топқа бөлініп, бүгінгі сабағымызды жарыс түрінде өткіземіз.
І топтың ұраны: Қазақ тілін мақтаймыз
Ереженің барлығын
Есімізге сақтаймыз
ІІ топтың ұраны: Бұл сайыста болма бос
Біліміңе білім қос.
ІІІ топтың ұраны: Біз ақылды баламыз
Бар білімді саламыз.
Ереже, жұмбақ, ойынның
Жауабын тез табамыз.
Үш топ бірге: Тілейміз сәттілік,
Жеңіп шықсын бірлік!

ІІІ Үй тапсырмасын сұрау.
(әр топтың басшысы үстел үстіндегі ақшақар қима қағазын алып, артында жазылған тапсырманы орындайды)
- Қос сөздің ережесін айтады, мысал келтіреді
- Біріккен сөз дегеніміз не? Мысал келтір
- Үйге берілген жаттығуды оқиды

ІҮ. Қызығушылықты ояту. «Ақшақар» ойынын ойнап, сұрақтарға тез жауап берейік.
• Қос сөз дегеніміз не?
• Қос сөздерге мысал келтір
• Күрделі сөздер дегеніміз не?
• Біріккен сөз дегеніміз не?
• Баққаным әрі құс, әрі түйе.
• Екі сөз бірігіп қалайша сайрайды?
• Екі қазанның бірі сатылып кеткенде, неше қазан қалады?
Менің әжем ай сайын маған дәмді «біріккен сөз» сатып алып береді?
• Нені қазып қала болған?

Ү. Мағынаны тану.
Бір түбірдің екі рет қайталануынан жасалған қос сөздер қайталама қоссөздер деп аталады. Мысалы: айғыз - айғыз, жиі - жиі, түрлі - түрлі, әлсін - әлсін
Қора - қора қой жатыр,
Қарын - қарын май жатыр,
Түйе - түйе жүк жатыр,
Ауыл - ауыл ел жатыр

Келесі тапсырма: «Туған тілім» тақырыбына ойтолғау жазу. Құрамында қайталама қос сөздер болуы керек.

© 2010-2022