Коучинг жоспары «Оқыту сапасын жақсартуда формативті бағалаудың маңыздылығы»

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг жоспары


Сабақ тақырыбы:

«Оқыту сапасын жақсартуда формативті бағалаудың маңыздылығы»

Жалпы мақсат:

Өзін-өзі бағалау және өзара бағалауға арналған негізгі ережелер барысында оқу қарқынына бейімделген әрі келісілген білім беру ортасын құра отырып, бағалаудың түрлі стратегияларын ұғындыру.

Сілтеме:

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 104-109 бет

2. К.З.Жаксылыкова «Тренинг ойындар мен жаттығулар»

3. Мульфильм "Три поросенка"

4. Слайд "Оқытуды бағалау және оқу үшін бағалау"

Оқу нәтижесі

Мұғалімдер оқу үдерісі барысында іс-әрекетті формативті бағалаудың оқушылар қызығушылығын арттыру үшін маңызды екенін түсініп, тәжірибеге енгізеді. Мұғалімдер түрлі тапсырмалар орындау барысында жалпы кемшіліктерді қарастыру және басты сәттерді атап өту үшін оны өткізгеннен кейін, оқушылардың өзін-өзі бағалауын және бірін-бірі бағалауын қайта қарастырып, түзету үшін түсіндіруді пайдалана алады, анықтау жолын табады

Түйінді идеялар:

Сыни тұрғыдан ойлай отырып ой жүгірту. Формативті бағалау арқылы сабақ сапасын көтеру мүмкіндігі және оқушы белсенділігінің артуы.

Сабақта қолданылатын материалдар:

стикер, интербелсенді тақта,флипчарт, маркер, қалам.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер

Коучинг

АКТ

1. Диалог

2. Жеке жұмыс

4. Топтық жұмыс

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:

І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

2 минут

"Тамаша екен" шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Музыка ойналады.

Музыка ырғағымен әр қатысушы өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін айтады, басқа қатысушылар бас бармағын жоғары көтеріп, "тамаша екен" деп қолпаштайды.

4 минут

Жемістер арқылы топқа бөлу (қарбыз, құлпынай, шие)

Топқа бөлінді. Неліктен таңдаған жемістерінің ұнайтындығын айтады.

5 мин

"Үш торай" мультильмі көрсетіледі.

Мультфильмнен көргендерін ой талқылайды.

3 мин

Оқыту үшін бағалау туралы слайд көрсетіледі.

ІІ.

10 мин

« ХХІ ғасыр мұғалімінің киім үлгісі» (Топта талқылау, постер) критерий құра отырып бағалау



Постер жасап, критерий құра отырып бағалау

Бағалау критерий

Кезеңдері

Өзін-өзі бағалау

Бірін-бірі бағалау

Формативті бағалау

Стилі

Эстетикалық талғамы

Авторлық идея

Ұлттық ерекшелігі

Қонымды, ыңғайлылығы

Өзіндік қолтаңбасы


2 мин

Сергіту сәті

"Бұзық телефон" жаттығуы

Әр топтан 2 ойыншыдан қатысты.

ІІІ.Бекіту тапсырмасы

5мин

Сабақты

«Формативті бағалау арқылы білім саласында қандай өзгерістерге жетуге болады?»

Топта талқылау және мүмкіндігінше өзгеріс жолдарын көрсетеді

ІV. Рефлексия

(5 мин )

Екі жұлдыз бір тілек

Сабақтың жетістіктерін айтып формативті бағалаңыз.

Осы сабақта сізді толғандырған сұрақтың шешімін таба алдыңыз ба?

Осы сабақтың тиімді жақтарының себебін талдаңыз.

Осы коучинг сабақтағы әдістерді практикада қолдану тиімді деп ойлайсыз ба?








© 2010-2022