Ашық сабақ. Тақырыбы: Шешендік сөздер. Билер сөзі-нақылдың көзі (7 сынып)

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: қазақ әдебиеті Пән мұғалімі: Теміржанова Меруерт Әсетқызы Сынып: 7 Сабақ: 6 Күні: 18.09.2015ж.

Сабақтың

тақырыбы:

Шешендік сөздер. Билер сөзі- нақылдың көзі

Сілтеме:

Қазақ әдебиеті 7 сыныпқа арналған оқулық, электронды оқулық, ғаламтордан алынған мәліметтер.

Жалпы мақсаты:


1. Білімділік: Жеке тұлғаға шешендік сөздердің құдіретін таныту.
2. Дамытушылық: Қазақтың билері, олардың шешендік сөздері жайында сын тұрғысында ойланту арқылы оқушылардың ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Төл әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеу және ел тұтастығын сақтауға зор мағына берген билер келбетін үлгі тұту, істерін өнеге етуге тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері:

Оқушылар білуге тиіс:

- өз ойын сын тұрғысынан еркін жеткізеді;

-шығармашылық ізденіске бағытталады;

- мәтінді мазмұнына қарай модельге салады.

Дереккөздер:

Ашық сабақ. Тақырыбы: Шешендік сөздер. Билер сөзі- нақылдың көзі (7 сынып)

Мұғалімге арналған нұсқаулық.

1. Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 7 сыныбына арналған оқулық Р. Құтқожина, Қ.Бітібаева, Е.Арын. Алматы: «Атамұра», 2012

2. Оқыту әдістемесі.Р. Құтқожина Алматы «Атамұра», 2012

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Уақыты

Білу



Ашық сабақ. Тақырыбы: Шешендік сөздер. Билер сөзі- нақылдың көзі (7 сынып)









1. Амандасу. Сынып ішін ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу.

Сыныпта психологиялық ахуал туғызу.

Шаттық шеңбері:
Балалар бір - бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрып тұрады, бір - бірімен сәлемдеседі.


- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бір - біріміздің қолымызды ұстағанда нені сеземіз?

- Бір - біріңе күлімдеп қараңдаршы, жүздеріңнен нені байқап тұрсыңдар?

- Қазір бәріміз бірге мына өлең шумағын айтып шығайық:

- Бәріңнің көңіл күйлерің жақсы екенін сезіп тұрмын.

1. Амандасу. Оқушылар шаттық шеңберге тұрып, жақсы көңіл күй арқылы ынтымақтастық ортаны құрады.


- Жылылықты сеземіз.

- Жақсы көңіл күйді, қуанышты көріп тұрмыз.

Сабақты біз бастайық,

Ойды ортаға тастайық.

Білімге зиян келтірер,

Бөтен сөзді қоспайық.

1 минут

2 минут

2.Топқа бөлу. Топтарға бөлінуді ұйымдастыру. Сыныптың оқушылары үш топқа бөлініп, әр топқа бидің аты беріледі.

"смайлик" арқылы бөліну.

2. Сыныптың оқушылары үш топқа бөлініп, араларынан билер тағайындалады. Топқа бөлінеді.

1 минут

3. Мұғалім: - Балалар, Өткірдің жүзі
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас... - деген Абайдың бұл өлең жолдары не туралы деп ойлайсыңдар?

Ендеше, өткен жолы өткен шешендік сөздер тақырыбын әрі қарай жалғастырамыз.

- Балалар , бүгін сабаққа қандай мақсатпен келдіңдер?

Оқушы: -Сөз өнері, шешендік туралы

1 минут

Түсіну

Ашық сабақ. Тақырыбы: Шешендік сөздер. Билер сөзі- нақылдың көзі (7 сынып)

Миға шабуыл арқылы сұрақ қою

1. Мақсаты:

- Бейне үзіндіні тыңдап, Академик Василий Радловтың айтылатын пікірінен түйген ойларың ортаға салғызу

2. Сұрақ - жауап кезеңі:

- Қазақ елінің атақты билерін атайық?

- Билерге тән басты қасиеттерді ата?

3. Кіріспе: Асыл маржан ару мойнына, алмас қылыш ер мойнына жарасатыны сияқты сөз асылы да өз ортасында құнды. Ауыз әдебиетіндегі басқа жанрлардай емес, авторлы шешендік сөздерде қиял- ғажайып нәрселер болмайды, реалистік оқиғалар, өмірде болған адамдар, олардың арасындағы қарым- қатынастар әңгімеленеді әрі көркем келеді.

1. 7- сыныптың әдебиеті бойынша электрондық оқулықтан бейне үзіндіні тыңдайық.

Тапсырма: -Үзіндіні тыңдап, Академик Василий Радловтың айтылатын пікірінен түйген ойларыңды ортаға саласыңдар

2. - Ұлы жүзде - Төле би, Орта жүзде - Қазыбек би, Кіші жүзде - Әйтеке би, сондай - ақ, Саққұлақ би, Бапан би, Сырым би, Байдалы би, Мөңке би.

3. - Әділдік, шыншылдық, батылдық, ақындық, шешендік, әдептілік, көріпкелдік, болжай білу.

Мұғалімнің кіріспе сөзін мұқият тыңдайды.

30 секунд

2 мин. 30 сек.


1 минут

Қолдану

Ашық сабақ. Тақырыбы: Шешендік сөздер. Билер сөзі- нақылдың көзі (7 сынып)

Оқулықпен жұмыс: Топтарға Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің шешендік сөздерін логикалық модельге салады.

«Модельді» құрастырып, қорғайды.

Қол шапалақтау әдісі бойынша бағалау.

Ашық сабақ. Тақырыбы: Шешендік сөздер. Билер сөзі- нақылдың көзі (7 сынып)І топ:

1. "Төле би" мәтінін түсініп оқыңыздар.

2. Мәтін бойынша логикалық модель жасаңыздар.

3. Модельді қорғаңыздар.

ІІ топ:

1. "Қазыбек би" мәтінін түсініп оқыңыздар.

2. Мәтін бойынша логикалық модель жасаңыздар.

3. Модельді қорғаңыздар.

ІІІ топ:

1. "Әйтеке би" мәтінін түсініп оқыңыздар.

2. Мәтін бойынша логикалық модель жасаңыздар.

3. Модельді қорғаңыздар.

5 минут


10 минут

Сергіту сәті

"Қара жорға" әнімен қимыл жасау.

"Қара жорға" әнімен қимыл жасайды. Оқушылар бір сергіп қалады.

1 минут

Талдау

Ашық сабақ. Тақырыбы: Шешендік сөздер. Билер сөзі- нақылдың көзі (7 сынып)

Шығармашылық жұмыс:

І топ: "Билердің сөзі- халық мұрасы" деген тақырыпқа ой толғаңыздар.

ІІ топ: "Қазыбек би" мәтінің ІІ - бөліміндегі

(22- беттегі) мәтін бойынша шағын көрініс көрсетіңіздер.

ІІІ топ: Берілген модель бойынша Әйтеке би туралы мәлімет беріңіздер.

Шығармашылық жұмыс жасайды. Оқушылардың көркем сөйлей білу дағдылары мен тіл байлығы, дүниетанымы дамиды.

Ашық сабақ. Тақырыбы: Шешендік сөздер. Билер сөзі- нақылдың көзі (7 сынып)

15 минут

Жинақтау

Ашық сабақ. Тақырыбы: Шешендік сөздер. Билер сөзі- нақылдың көзі (7 сынып)


Бағалау

Ашық сабақ. Тақырыбы: Шешендік сөздер. Билер сөзі- нақылдың көзі (7 сынып)

Балалар ойымызды жинақтайық. Би шешендер мен шешендік сөздер жайындағы ойымызды жинақтау үшін, даналардан шыққан сөздер арқылы білімімізді бекітейік.

Ашық сабақ. Тақырыбы: Шешендік сөздер. Билер сөзі- нақылдың көзі (7 сынып)1. Алтын, күміс жиған- бай емес, сөз білген адам- бай.

Ж.Баласағұн

2. Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі- жақсы мінез, екіншісі- жақсы сөз.

А.Йүгінеки


3. Шешеннің ең ұлы қасиеті- қажет нәрсені ғана айту емес, сонымен бірге қажеті жоқ нәрсені айтпау.

Цицерон


Ашық сабақ. Тақырыбы: Шешендік сөздер. Билер сөзі- нақылдың көзі (7 сынып)


2 жұлдыз, 1 тілек

2 минут




2 минут

Үй жұмысы

1. 22- беттегі Қазыбек бидің толғауын жаттап келу.

2. Толғау бойынша "Болашағым жарқын болсын десең..." ойтолғау жазу.

1. 22- беттегі Қазыбек бидің толғауын жаттап келеді.

2. Толғау бойынша "Болашағым жарқын болсын десең..." ойтолғау жазады

1 минут






Шешеннің



ең ұлы


қасиеті-


қажет



нәрсені ғана


айту емес,


сонымен бірге



қажеті жоқ

нәрсені


айтпау.



Цицерон









Адамды



екі нәрсе


қартайтпайды:


бірі-



жақсы мінез,


екіншісі-


жақсы сөз.


А.Йүгінеки




Алтын,



күміс


жиған-


бай емес,



сөз білген


адам- бай.


Ж.Баласағұн





Үй жұмысы:

1. 22- беттегі Қазыбек бидің толғауын жаттап келу.

2. Толғау бойынша "Болашағым жарқын болсын десең..." ойтолғау жазу.


2 жұлдыз, 1 тілек






Қазақ - сөз қадірін өз қадірім деп білген, кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған халық. Қазақ халқында сөздің орны ерекше. Бітпес даудың, бәтуәсіз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр, лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сыр - бәрі сыйған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай - ақ білсін. Қазақ халқы - қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай өнеге - үлгі ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан, басынан сөз асырмаған, ешкімге есе бермеген, бір ауыз сөзге тоқтаған данышпан халық. Шешендік сөздер қашанда халықтың қажетті мұрасы болып табылған. Сонымен бірге олар - тәрбие құралы. Қазақ елі қандай ауыр жағдайда өмір сүрмесін, өзінің би - шешендерінің сөзін жадында сақтап, жаттап айта жүруді, одан үлгі - өнеге алуды тоқтатқан емес. Шешендер мен билер әрқашан шындықты айтып, аз сөзге көп мағына сыйғызып, халықтың рухани қажетін өтеп отырған. Шешендіктің негізгі қасиеті - айтылған ойға тапқыр, әрі жедел жауап қайтару. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айту.

Жиренше, Асанқайғы, Саққұлақ шешен, Ақтайлақ шешен, Төле, Қазыбек, Әйтеке билер - қазақ шешендік өнерінің майталман өкілдері.
Би - біріншіден, көпті көрген, яғни, «көре - көре көсем болған», көнені ғана біліп қоймай, болашаққа да болжам жасай алатын болған.
Би - айтар сөзін бірде астарлап, бірде мысқылдап, еттен өткізіп, сүйекке жеткізген. Қажет жерінде қара тасты қақ айырып түсетін от ауызды, орақ тілді шешен болған. Билердің әділ сөздері еттен өтіп сүйекке жеткенде, оған ата жаудың өзі де қылыш көтермеген. Билер ел мен ел арасындағы қоғамдық мәні зор саяси мәселелерді шешуде хан - сұлтандардың негізгі тірегі, кеңесшісі болған.
Би адамның жан - дүниесін, мінез - құлқын бір көргеннен - ақ тап басып танитын әдепті психологта болған.









Төле би





Қазыбек би



Пікір


Пән:____________________________________________________________________

Күні: _____________________

Сабақтың тақырыбы: ____________________________________________________

Қатысқан мұғалімдердің аты- жөні: ________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақтан алған әсері: ______________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақтың ұтымды жерлері: _______________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ұсыныстар: _____________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Шешендік сөз дегеніміз ол - белгілі бір оқиғаға байланысты, тапқырлықпен, көркем тілмен айтылған және оны жұртшылық қабылдайтын, елге тараған үлгілі ойлар мен тұжырымдар.
Қазыбек би атамыз айтқандай: « Бір қолың ұрыста болса, екінші қолың арашашы болсын».
Ашу - араз, ақыл - дос, ақылыңа ақыл қос. Жауға сілтер қаруыңды жақыныңа сілтеме деген...
Яғни: Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса
Көшінің ең соңы болады.





Сабақты біз бастайық,

Ойды ортаға тастайық.

Білімге зиян келтірер,

Бөтен сөзді қоспайық.



І топ:

1. "Төле би" мәтінін түсініп оқыңыздар.

2. Мәтін бойынша логикалық модель жасаңыздар.

3. Модельді қорғаңыздар.

ІІІ топ:

1. "Әйтеке би" мәтінін түсініп оқыңыздар.

2. Мәтін бойынша логикалық модель жасаңыздар.

3. Модельді қорғаңыздар.

ІІ топ:

1. "Қазыбек би" мәтінін түсініп оқыңыздар.

2. Мәтін бойынша логикалық модель жасаңыздар.

3. Модельді қорғаңыздар.



І топ:

"Билердің сөзі- халық мұрасы" деген тақырыпқа ой толғаңыздар.

ІІІ топ:

Берілген модель бойынша Әйтеке би туралы мәлімет беріңіздер.

ІІ топ:

"Қазыбек би" мәтінің ІІ - бөліміндегі

(22- беттегі) мәтін бойынша шағын көрініс көрсетіңіздер.


© 2010-2022