Қазақ тілінен сабақ жоспары Жемістер

Балалар бақшасында даярлық топ ерекше орын алады. Педагогтың міндеті, бір жағынан, балалардың алған білімдерін жүйеге келтіру және бұдан бұрынғы бүкіл тәрбиелеу және оқыту жұмысы нәтнжесінде балалардың жалпы өсіп жетілу дәрежесін зерттеу болса, екінші жағынан, баланың жеке басын қайта қалыптастыруды талап ететін, балаларды психологиялық жағынан дайындау болып табылады. Осы кезеңде балалардың сана-сезімі мен мінез-құлқында болашақ оқушының өзінің оқуына, өз тәртібіне жауапкершілігін түсінетіндей ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жемістер

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды жаңа сөздермен таныстыру, сөйлеу әрекетінде қолдана алуға үйрету.

2. Оқушылардың тілдерін, ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Еңбексүйгіштікке, табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекілік: қоян, қызыл телпек, жемістердің суреттері: алма, алмұрт, жүзім, өрік.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын

1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдерме балалар!
- Отырыңдар.
- Бүгін сыныпта кім жоқ?
- Бүгін сыныпта кім кезекші?
- Қазір қандай жыл мезгілі?
- Күз айында жапырақтардың түстері қандай болады?
- Құстар қай жаққа ұшып кетеді?

2. Үй жұмысын тексеру.

Үй жұмысын «Чемпион ойыны» арқылы сұрау.


Шарты: Мұғалім жабайы аңдарды орысша айтады, оқушылар жауабын қазақша қайтарады.
Мысалы: «Жабайы аңдар», Піл, Тышқан қандай?

3. Жаңа сабақ
Бүгінгі біздің жаңа тақырыптың аты- Жемістер. Бүгін бізге қонаққа Қоян, келді.
Ол өзімен бірге жемістерді әкелді.
Жемістерге: лимон, алма, банан, жүзім, апельсин, өрік жатады.

Балалар алма қандай түсті болады?
Алма қызыл, сары, жасыл түсті болады.
Жүзім қандай түсті болады? Жүзім жасыл түсті болады.

4. Тақпақ жаттау: Мұғалім дауыстап оқиды.
Оны түсіндіреді және хормен мұғалімнің соңынан қайталайды.

Алма пісті

Алмұрт пісті

Алша пісті

Жерге түсті.

5. Сергіту сәті

Бізге қонаққа қоян жемістерді әкелді және ол өзімен бірге сергіту сәтін әкелді.
Орнымыздан тұрып оны мұғаліммен бірге жасайық.

Қоян, қоян тұршы.
Өз бетінді жушы.
Шашынды тарашы
Айнаға қарашы
6. Сөйлесу

  • Мынау не?

  • Мынау алма?

  • Мынау не?

  • Мынау өрік

  • Мынау не?

  • Мынау апельсин және лимон
    7. Суретпен жұмыс.


Балалар мен қазір сендерге сандарды, түстерді, жемістерді көрсетемін. Ал сендер олармен сөз тіркестерін және сөйлем құрауларың керексіңдер.
Мысалы: 1 алма, 4 жүзім, 6 сары лимон.

8. Рефлексия. Жемісті тауып ал ойыны.
Шарты : мұғалім оқушыларға суреттер таратып береді. Соның ішінде балалар қарандашпен жемістердің суреттерін дөңгелетіп сызып қою керек.

10. Үйге тапсырма беру.

Үйде жемістердің суреттерін салып келесіңдер. Олар: алма, алмұрт, банан, лимон, жүзім.

11. Бағалау

Оқушыларды мадақтау. Өте жақсы қатысқан оқушыларға жұлдызша беру. Жақсы қатысқан оқушыларға төрт бұрыш беру.

© 2010-2022