Өзiн-өзi тану сабағының жоспары. Адал достық

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

№10 сабақ
Мектеп:Ақсай қаласы № 4 ЖОББМ Мерзiм 4а(13.11.15) ә(18.11.15) б(18.11.15)
Тақырып:Адал достық Құндылық:Дұрыс әрекет

Қасиеттер: достық, сыйластық, адалдық
Мұғалiм:Жандосова.А.Ж Сынып- 4

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың «достық», құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:

-адал достықтың мәнін түсіндіру
-өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту
-достықты қадірлей білуге тәрбиелеу

Ресурстар:

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін.

Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

2.Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға


таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.

3.Үй тапсырмасын тексеру.
№10 сабақ.Данышпан

4.Мұғалімнің сыйы. Екі дос (Ел аузынан)

Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:

- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

-Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.

-Ол не? - дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

-Маған сенің көздерің керек? - дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын.

-Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.

Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.

Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады.» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.

-Екі жауынгер қалай дос болыпты?

-Қолбасы оны қалай сынамақ болды?

-Қолбасының өз әскерлерін алып кетуіне не себеп болды?

5.Дәйексөз.
«Айнымас досы бар адам - ең бақытты адам
Халық мақалы

6.Шығармашылық жұмыс.
Жағдаятты талдау
1.Ақылбек пен Асылбек төртінші сыныпта оқиды.Екеуі бала кезден дос.Ақылбексабақтан келген соң,түскі тамағын ішіп,үйдегі жұмыстарын бітіріп,ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға


шықты.Футбол алаңына барса,Асылбек те ойнап жүр екен.Олар ұзақ футбол ойнап,үйге кеш қайтты.Асылбек:

-Мен ертең сабаққа бармаймын,үй тапсырмасын орындамадым.Мені ағайға ауырып қалды дей салшы,-деп өз өтінішін Ақылбекке айтты.......

Ақылбек егер адал дос болса,қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар?

2.Төртінші сынып оқушылары арасында өткізілетін "Өнерге қанат қаққандар" атты жарысқа достары Әлиханды ұсынып,үлкен сенім артты.Жарыс болатын күні Әлихан сабаққа келмей қалды.Олардың сыныптарынан жарысқа ешкім шықпады.

• Әлиханның бұл ісіне көзқарастарың қандай?

• Сендер оның орнында болғанда не істер едіңдер?

• 3.Қаңтардың қара суығы.Мұхит екі шелекті қолына алып,өзеннен су алып,қорадағы қойларды суаруға бет алды.Шелегін суға толтырып,қораға кіре берісте Мұхиттың аяғы тайып,құлап түсті.Су үстіне төгілді.Орнынан әрең қозғалып,үйге кірді......

Мұхиттың тобығы шығып ауруханада көп жатты.

• Сендер Мұхиттың досы болсаңдар не істер едіңдер?
«Адал достар» тақырыбындағы әңгімені жалғастырып жазыңдар

7.Топпен ән айту. Дос туралы жыр
Іздегенде табылатын қасымнан.

Көңілі бар қызғалдақтай ашылған

Көріспесек сағыныштан жүдейтін

Кім бар жақын бала күнгі досымнан?

Қайырмасы:

Жан досым,үстем болсын мерейің.

Әрқашан жемісіңмен көрейін

Сырымсыз да бітпесін ,жырымыз да

бітпесін,жырымыз да бітпесін

8.Үй тапсырмасы.
№11 сабақ Сурет

9. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.



© 2010-2022