Семей қазақ-түрік лицейінің білім беру ерекшелігі

Раздел Другое
Класс 12 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Болашағымыз - білімді ұрпақСемей қазақ-түрік лицейінің білім беру ерекшелігі

Жұмағалиева Ақбота Талғатбекқызы-

ШҚО,Семей қаласындағы «Шығыс Қазақстан облыстық

дарынды балаларға арналған мамандандырылған

қазақ-түрік лицейі», педагог-психолог

Қазақ-түрік лицейлері бабалар аңсаған арманның шындыққа айналған түрі. Қазақ-түрік лицейлерінің мақсаты білімді, көптілді меңгерген, өз елінің ертеңі үшін болашақта бәсекеге қабілетті, Отансүйгіш, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, өз ұлтының құндылықтарын бойына сіңірген және оны қорғай алатын болашаққа үлкен үмітпен және сеніммен қарайтын, достық пен бауырмалдықты бойына сіңірген бейбітшілік пен келісімде өмір сүруді ғұмырына ту еткен жас ұрпақты тәрбиелеп шығару.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің сұхбатында былай дейді: «Қазақ-түрік лицейі еліміздің тәуелсіздігінің нәтижесінде келген оқу орны. Білімді, білгір жастар қазақ-түрік бауырлас халықтарының болашақта да дос, сенімді болуының кепілі»

Елбасының Қазақстанның келешегі жан-жақты білімді де саналы ұрпақты тәрбиелеу міндене сеніміне үн қосу мақсатымен 1994 жылы ашылған Семей қазақ-түрік лицейі Қазақстан мен Түркия мемлекеттерінің бірлескен білім айдынындағы достық пен бауырластығының тоғысқан бейнесі.

Лицейде дүниежүзілік стандартқа сай білім беру қазақ, түрік, ағылшын, орыс тілдерінде дарынды оқушылардың қабілеттілік деңгейін дамыту мақсатында ғылыми, озық, тиімді әдістемелік, шығармашылық ізденіс негізінде ұтымды түрде жүзеге асырылуда.

«Ғылым-теңіз, білім қайық» демекші, ХХІ ғасыр білім мен ғылым ғасыры. Әлемдік инновациялық технологияларды игергенде ғана біз өркениетті озық елдердің қатарына қосыламыз. Лицейдің жас ғалымдары өздерінің жаңашыл идеяларын облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми жоба жарыстарына көпшілік назарына ұсынады.

Осы орайдағы біздің негізгі мақсат - ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек. Осы заманғы шебер мұғалімі білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы, оқыту мен тәрбиенің соңғы жетістіктерін меңгерген педагогикалық - психологиялық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы қабілетті және ескі сүрлеуден арыла алатын, нақты тәжірибелік іс- әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл, зерттеуші, ойшыл педагог болуды қажет етеді. Себебі, жаңа ғасырда бәсекеге қабілетті интеллектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу,оның одан әрі дамуына бағыт бағдар бере білу ерекше қиын іс. Демек, оқушы бойындағы табиғат берген қабілетті дамыту, дарындылықтың көзін ашу, ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу - ұстаздардың басты міндеті. Дарын - адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Дарындылық бала бойындағы асқан алғырлық, зеректік. Табиғи дарынды бала алдымызға қашан келеді күтудің қажеті жоқ, керісінше, балалардың бойындағы қабілетті ашып, болашақ қоғамның бір-екі, одан да көп тұлғасын дайындау жолында еңбек етуіміз қажет, демек, бүгінде қоғам алдында тұрған міндет, әрбір ұстаз алдында тұрған міндет: дарынды балаларды іздеу, оларды тәрбиелеу мен оқыту. Дарынды балалармен жұмыс істеуде ұстаз өзі бірінші болып ізденеді.

  1. Дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді зерттеу, саралау.

  2. Ғылыми-әдебиеттердің сараптамасы негізінде дарынды балалардың сипаттамасын беру.

  3. Балалардың дарындылық қасиеттерін анықтауға арналған әр түрлі әдістемелерді жинақтау.

  4. Дарынды балаларды оқытуда білімденудің жаңа инновациялық технологияларын жүйелеу.

Қорыта келгенде, дарынды баланың шығармашылық дамуының маңызды сипатына жеке бастық және интеллектуалды қасиеттердің ерекшеліктері жатады, жүйелі оқыту процесінің басталуымен байланысты табиғи потенциалдарды тарататын креативтілік типінің қалыптасу мүмкіндігі құрыла бастайды.

«ХХІ ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, біз жастарымыздың жан-жақты замануи білім алуына қолымыздан келген бар мүмкіндікті сарп етіп, өркениетті ұрпақты қалыптастыруға жұмыс жасаудамыз. Осы мақсатта түрік ағайындармен бірігіп ашқан лицейлердің жөні бөлек.» - Қ.Р.Президенті Н.Ә.Назарбаев

Біз сенімдіміз, лицейіміз тәрбиелеп отырған дарынды да талапты жастар - бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы.




© 2010-2022