І. Жансүгіров. Өмірі мен шығармашылығы атты ашық сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

І.Жансүгіров.Өмірі мен шығармашылығы атты ашық сабақ жоспарыІ.Жансүгіров.Өмірі мен шығармашылығы атты ашық сабақ жоспарыІ.Жансүгіров.Өмірі мен шығармашылығы атты ашық сабақ жоспарыІ.Жансүгіров.Өмірі мен шығармашылығы атты ашық сабақ жоспарыІ.Жансүгіров.Өмірі мен шығармашылығы атты ашық сабақ жоспарыІ.Жансүгіров.Өмірі мен шығармашылығы атты ашық сабақ жоспарыІ.Жансүгіров.Өмірі мен шығармашылығы атты ашық сабақ жоспарыІ.Жансүгіров.Өмірі мен шығармашылығы атты ашық сабақ жоспарыІ.Жансүгіров.Өмірі мен шығармашылығы атты ашық сабақ жоспары

«Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оразалы Перузаның 9 «Ә» сыныбына арналған қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімдік жоспары

6-апта

9.04.2015 ж.

3-сабақ

Сабақтың тақырыбы

Ілияс Жансүгіров. Өмірі мен шығармашылығы

Ресурстар

АКТ.Оқулық.Слайдтар. Орта мерзімді жоспар.

Сабақтың мақсаты

Ілияс Жансүгіровтің өмір жолы мен шығармашылығы туралы мағлұмат алу

Сабақтың міндеті

Оқушылардың топ болып, жұп болып ынтымақтастықта жұмыс жасауға дағдылануы. Өзін-өзі бағалауға, құрбы- құрдастарын бағалау.

Күтілетін нәтижесі

Ілияс Жансүгіровтің өмір жолы мен шығармашылығы туралы мағлұмат алады.

Негізгі идея

Топ болып берілген тапсырмаларды орындау кезінде қалай оқу керектігін үйрету, өзіне деген сенімін қалыптастыру, ынталандыру.

Топқа бөлу

Топқа құрастырма суреттер арқылы бөлу.

Тапсырма

көздері

Қызығушылығын ояту. «Ерке сылқым» күйін тыңдау.-Бұл қандай әуен? Күйден қандай әсер алдыңдар?

1 тапсырма.Мәтінмен жұмыс.І топ «Ілияс Жансүгіровтің өмір жолы» ІІ топ «Ілияс -әрі лирик,әрі эпик ақын» ІІІ топ Ілияс дастандары. 1модуль.Оқытумен оқудағы жаңа тәсілдер. ДЖИГСО

2 тапсырма. Сұрақ-жауап. «Сен маған,мен саған» әдісі.

2-модуль.Сын тұрғысынан ойлау.

1-модуль.Оқытумен оқудағы жаңа тәсілдер.Диалогтық оқыту.

3 тапсырма.

І топ. Синквейн әдісі.

ІІ топ. «Кілттік сөздер» әдісі .Шығармашылық жұмыс.

ІІІ топ. Венн диаграммасы.

2-модуль.Сын тұрғысынан ойлау.

6-модуль.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.

Сергіту сәті

«Жұмыр қылыш» физминуткасы

Кейінгі тапсырмалар

І.Жансүгіровтың «Күйші» поэмасының мазмұнымен танысу

Бағалау

Топтарды бағалау. Өзін-өзі бағалау. Жұпты бағалау.

Рефлекция

-Бүгінгі сабақта не үйрендік? Және нелерді білгің келеді?



Сабақ этаптары

Сабақ жүрісі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдас

тыру

Психологиялық тренинг

Сыныппен байланыс орнату




Өткен сабақты еске түсіру арқылы ойлау қабілетін дамыту







Топқа бөлу



Сыныптың білім деңгейін анықтау

Бір-біріне тілек білдіру

-Абайдың ізін қуған ақындар шығармашылығы неліктен жоғары бағаланады?



МАҒЖАН

-Есімізге түсірелік,Мағжан қандай тұлға?

Топқа құрастырма суреттер арқылы бөлемін.



-Оқушылар,сендер бос уақыттарыңда музыка тыңдайсыңдар ма? Қандай әуен тыңдағанды ұнатасыңдар?

Оқушылар шеңберді айналып тұрып,бір-біріне жақсы тілек айтады.

Оқушылар ойланып жауап береді.Болжамды жауаптары:ақын өлеңдері сыршыл,нәзік.Өз заманындағы күрделі тақырыптарға ой жүгіртіп,жырға қосқан.Ән-жырды өлеңге қосқан.


Оқушылардың болжамды жауаптары:-Ақын,поэмашы,прозашы,бес арыстың бірі,Абайдың ізбасары.


Оқушылар үш топқа бөлінеді.





Оқушылардың болжамды жауаптары;

  • Ия,бос уақытта музыка тыңдаймыз.Ол шаршағаныңды басады,адамға жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Тұсаукесер

Оқушылардың қызығушылығын ояту





Логикалық ойлауға жетелеу.

Сабақ тақырыбын ашу

Сабақтың мақсаты мен критерийі

Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында интербелсенді тақтадан Құрманғазының «Ерке сылқым» күйін тыңдату.

-Оқушылар,бұл қандай әуен? -Күйден қандай әсер алдыңдар?


-Бүгінгі сабағымыз тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

-Оқушылар, бүгінгі сабағымыздың мақсаты Ілияс ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы мағлұмат алу. Осы тақырыпты жақсы меңгеру үшін нелерді үйренуіміз тиіс деп ойлайсыңдар?

Оқушылар күйді тыңдайды.



Оқушылар сұраққа жауап беріп отырады.Болжамды жауаптары: -Бұл әуен күй деп аталады. Күй адамды ойландырады,шабыттандырады,көңіліңді толқытады,мұңайтады.т.б.

Оқушылардың болжамды жауаптары:-Күй жайында. Ән-күйді жырға қосқан ақын Ілияс Жансүгіров жайында.

Оқушылар қарапайым тілде «бағалау критерийін» құрады.

Негізгі бөлім











Түсіну үшін тапсырма









Назар аударту

( түсініктеме беру)

1 тапсырма.1 модуль.Оқытумен оқудағы жаңа тәсілдер. ДЖИГСО. І топ «Ілияс Жансүгіровтің өмір жолы» ІІ топ «Ілияс -әрі лирик,әрі эпик ақын» ІІІ топ Ілияс дастандары


2 тапсырма. Сұрақ-жауап. Диалог. «Сен маған,мен саған» әдісі.1.І.Жансүгіров қашан дүниеге келді.2.Ілияс қай жылы Мәскеудегі оқу орнын бітірді?3.Ілияс қандай мамандық алып шықты? 4.Ташкент қаласында қандай оқу орнын бітірді?5.Ақынның қандай шығармалары бар?6.Ақын қандай тақырыптарды қозғаған?

Оқушыларды аралап жүріп түсінгенін анықтау үшін сұрақтар қойып бағыт-бағдар беру.
-Неге олай ойлайсың?
-Неліктен?

Оқушылар топ болып жаңа тақырыппен танысады,талқылайды,бір-біріне түсіндіреді.

Оқушылар тақырыпқа қатысты бір-біріне сұрақ қояды,сұраққа жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады,талқылайды. Болжамды жауаптары:1.І.Жансүгіров 1894 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген.2.Ақын Мәскеудегі оқу орнын 1928 жылы бітірді. 3.Журналистика мамандығын алып шықты. т.б.



Оқушылар түсініктеме алды.







Сергіту сәті

Қорытынды шығару

«Жұмыр қылыш» физминуткасы өткізу

3 тапсырма. І топ. Синквейн әдісі. ІІ топ. «Кілттік сөздер» әдісі .Шығармашылық жұмыс. ІІІ топ. Венн диаграммасы

Мағжан Ілияс

Оқушылар сергіту жасайды.

Оқушының болжамды жауаптары:Синквейн әдісі.1.Ілияс

2.Сыршыл,өнерлі

3.Жырлайды,суреттейді,толғайды.

4.Ілияс-қазақ әдебиетінің Құлагері

5.Ақын

Топтар өз жұмыстарын орындайды,қорғайды.

Қорытынды

Сабақтың басты сәттеріне тоқталу

Кері байланыс



Бағалау


Кейінгі тапсырмалар

- Оқушылар, бүгінгі сабақта не үйрендік?

-Бүгінгі сабақтың қай сәті ұнады?

Топтарды бағалау. Өзін-өзі бағалау. Жұпты бағалау.

І.Жансүгіровтың «Күйші» поэмасының мазмұнымен танысу

Оқушылардың болжамды жауаптары:-Ілияс ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстық.

Оқушылар кері байланыс жасайды

Оқушылар өзін-өзі, жақсы көзге түскен топтарды марапаттайды.

Оқушылар үй тапсырмасын алады.



Үшінші сабаққа талдау

Сабақтың мақсаты: Ілияс Жансүгіровтің өмір жолы мен шығармашылығы туралы мағлұмат алу.
Сабақтың міндеті: Оқушылардың топ болып, жұп болып ынтымақтастықта жұмыс жасауға дағдылануы. Өзін-өзі бағалауға, құрбы- құрдастарын бағалауға үйрету .( Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Қалай оқу керектігін үйрету. Мақсат пен міндет қою)
Үшінші сабағымды психологиялық тренингтен бастадым.Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады.Менің байқағаным оқушылар алдыңғы сабақтарға қарағанда біршама төселген,бір-біріне ешқандай қысылмастан шын көңілдерімен тілектерін жеткізді.Бұл біріншіден сыныпты ұйымшылдыққа баулыды,әрі жақсы қарым-қатынасқа тәрбиеледі.Көп ортаға шықпайтын С.Б.,Қ.Қ. сынды оқушыларым ортаға шығып өз тілектерін қысылмастан айтып жеткізіп жатты.Оқушылардың арасында ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты.Сыныппен байланыс орнату үшін -Абайдың ізін қуған ақындар шығармашылығы неліктен жоғары бағаланады?- деген сұрақ қойдым.Оқушылар ойланып қалды.Бақылаудағы озат оқушым М.М. өз жауабын айтты. М.Ә. де өткен тақырыптарды еске түсіріп, себебін түсіндірді.Оқушылар сыни тұрғыдан ойланып,жақсы жауап берді. Өткен сабақтағы тақырыптармен салыстырды,еске түсірді.
Сыныптың білім деңгейін анықтау үшін қойған сұрағым: -Оқушылар,сендер бос уақыттарыңда музыка тыңдайсыңдар ма? Қандай әуен тыңдағанды ұнатасыңдар? Қазақ халқы күйді неге жоғары бағалайды?т.б.(Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Қалай оқу керектігін үйрету. Оқушы не білетінін анықтау және өрістету.) Оқушылар білгенінше жауап беріп жатты. Оқушының жауаптарын тыңдап оқушы не білетіндігін, сабақты түсіндіруде нелерге көңіл бөлу керек екендігін білдім және оны өрістету жолдарын ойластырдым. Жаңа сабақты түсіндірудің алдында сабақ міндетіне сай критерий құрдық:

  1. Сабаққа белсенді қатысу

  2. Тақырып мазмұнын толық меңгеру

  3. Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу шеберлігі

  4. Тақырыпты баяндау шеберлігі

  5. Тіл байлығы (Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Қалай оқу керектігін үйрету. Оқудағы міндеттер мен машықтар.)

Алғашқы тапсырма жаңа тақырыпты меңгеру,яғни топтарға ДЖИГСО әдісі бойынша "Екеуі қонақта» тәсілімен тақырыпты бір-біріне түсіндіріп,талқылады.1 тапсырма.1 модуль.Оқытумен оқудағы жаңа тәсілдер. ДЖИГСО. І топ «Ілияс Жансүгіровтің өмір жолы» ІІ топ «Ілияс -әрі лирик,әрі эпик ақын» ІІІ топ Ілияс дастандары. Келесі тапсырмада «Сен маған,мен саған» әдісі бойынша оқушылар жаңа тақырып бойынша бір-біріне сұрақ қойды.1.І.Жансүгіров қашан дүниеге келді.2.Ілияс қай жылы Мәскеудегі оқу орнын бітірді?3.Ілияс қандай мамандық алып шықты? 4.Ташкент қаласында қандай оқу орнын бітірді?5.Ақынның қандай шығармалары бар?6.Ақын қандай тақырыптарды қозғаған?

Оқушылар үшін сұрақ қою үлкен жұмыс болды,өйткені бұл сұрақтардың жауабын өздері де білуі тиіс.Жабық және ашық сұрақтар да кездесті.Оқушылар ойланып,жауап берді.Дұрыс жауап бере алмаған оқушыларға сынып мүшелері толықтырды.Сабағымның келесі бөлімінде топтарға мынадай шығармашылық тапсырмалар бердім. Тапсырмалар:

1топ. Синквейн әдісі.

1.Ілияс

2.Сыршыл,өнерлі

3.Жырлайды,суреттейді,толғайды.

4.Ілияс-қазақ әдебиетінің Құлагері

5.Ақын. Бұл тапсырманы орындауды көптеген оқушылар сабаққа белсенді араласты,сыныпта қозғалыссыз отыратын ,бақылаудағы оқушым Ж.Б. тақтаға шығып,тапсырма орындады.Бұл да осы сабақтың нәтижесі.

2топ. «Кілттік сөздер» немесе «Тірек сөздер арқылы әңгіме» әдісі.

Құлагер,сауатты,лирик,Жетісу,әнші,дастан,мұра,трагедия,інген зары. Мұндай тапсырмалар оқушының тіл байлығын дамытады. Ж.Ж. өз тобынан шығып, кілттік сөздер бойынша жазған әңгімесін оқыды.Берілген сөздерден жаңа тақырыпты меңгергенін немесе меңгермегені анық көрінеді,себебі бұл кілттік сөздер жаңа тақырыптың мәтінінен алынады.
3 топ.Венн диаграммасы.

Мағжан Ілияс


(Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Қалай оқу керектігін үйрету. Оқушыларды ынтымақтастыққа, бірін-бірі оқытуы, ой түйіп жүйелеп үйрену). Бұл топтың оқушылары сыни тұрғыдан ойланып, алдыңғы өткен тақырыппен бүгінгі тақырыпты байланыстыра білді. Алған білімін жинақтап,қолдана білді. «Мағжан кім?» және «Ілияс кім?» төңірегінде ойланды.Және де екі ақынды салыстырып,олардың ортақ қасиетін тауып жазды.Бұл жұмысты орындауда тақтаға шығып,көп көрінуден қашқақтап отыратын Ж.Б. мен бақылауымдағы Ж.Б. белсенділік танытқаны мені қуантты.Топтан осы тапсырманы орындауда ортаға шықпаған оқушы қалдмады,демек бұл нәтижелі жұмыс болды деп есептеймін.

Оқушыларды аралап жүріп олардың назарын аудару, тапсырманы түсінуге түрткі беру үшін қойылған сұрақтар:

-Неге олай ойлайсың?-

Неліктен?
Топтан оқушылар шығып, тапсырманы орындады.

Оқушылардың жұмыстарын бақылап, қиындықтармен мен түсінбеген тұстарын анықтап, оларға дұрыс түсінуіне көмектестім. Сабақты қорытындылай келе формативті бағалау жүргіздім. Смайликтер арқылы бағалау жүрді.Бағалау топтар бірін-бірі және оқушылар өз-өзін бағалады. Рефлексия «Бүгінгі сабақта нені үйрендік? Не ұнады? Нені білгің келеді?» деген сұрақтар жазылған парақшаны толтырумен орындалды. Сабақтың басынан басынан бастап зерттеуге алған оқушыларым М.М. мен М.Ә., Ж.Б. бақылауымда болды. М.М. тапсырманы түсініп, топта көшбасшылықты өз қолына алды және басқа топтарға көмектесті.Ж.Б. бүгін сабаққа қатысып отырды. Бұл сабақ алдыңғы сабақтарға қарағанда салыстырмалы жақсы өтті деп ойлаймын, себебі жоспарланған жұмыстар өз уақытында орындалды, оқушылар еркін өз пікірлерін айтты. Сабақты қорытындылай отырып, бағалау мен рефлексияны қолдануды әлі де жетілдіруім қажет екенін түсіндім.



© 2010-2022