Разработка урока

Поурочный план "Қайдан келдің бауырсақ?" 4-класс. План урока составлен учителем прошедшим уровневые курсы по Кембриджской программе. На уроке применялись стратегии Критического мышления, ИКТ (Информацонные Комуникационные Технологии), "Новые подходы в обучении и преподавании" , Оценивание.Для создания благоприятной психологической атмосферы урок начат приемом " Хорошие пожелания другу" Опрос домашнего задания прием Критического мышления " Мозговой штурм"
Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



КММ «Мектеп-гимназия №5»

Алматы қаласы


Мұғалім: Байжанова Р. М.

4сынып

Сабақтың тақырыбы

Қайдан келдің бауырсақ?

Сілтеме

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар. Оқулық: Қазақ тілі, 4сынып, авторлары: Ермекова Т. Н. ,Сатбекова А. А. , Сисембина А .У., Тажибаева Г.Б. - "Алматыкітап баспасы", 2011 ж.

Жалпы мақсаты

Білімдік: Нанның көп еңбек арқасында келетінін әңгімелеу,нан туралы мақал-мәтелдер,тақпақ,тыйым сөздер айту.

Дамытушылық: сөздік қорды байыту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту

Тәрбиелік: нанды құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу

Оқу нәтижесі

Нанның қадірін түсінеді. Тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгереді, ашық сұрақтарға жауап бере алады, қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгереді.

Тақырып бойынша түйінді идеялар

Тапсырмалар жас ерекшеліктеріне және ойлау деңгейіне сәйкес құрылады және «жеңілден-күрделіге» принципіне негізделеді, топтық жұмыстар барысында оқушылар ЖАДА-ның ықпалымен өздігімен оқуға дағдыланады

Көрнекіліктер, қажетті құралдар

Флипчарттар, маркерлер, фишкалар, суреттер,

стикерлер,АКТ, презентация, слайд-шоу

Жаттығулар

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Түгендеу. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

  2. Сергіту сәті 3 мин

  3. « Тілек айту» әдісі 1 мин

-Жақсылық тілеймін

-Сабақтан «5» ал

-Адал достар тілеймін

-Денсаулық тілеймін

-Ашық аспан

-Ата-анаңа денсаулық



  1. Үй тапсырмасын тексеру: «Шеңбер бойымен» әдісі 4 -мин

-Сенің сүйікті тағамың?

-Сүт тағамдарын ата.

-Қандай ұлттық тағамдарды білесің?

- « Вита» сөзінің латын тілінен аудармасы? Өмір

-Дәруминнің аудармасы? Витамин

-Сүттен жасалатын сусындар? Қымыз, шұбат

-Қымыз ненің сүтінен жасалады?

-Шұбат ненің сүтінен жасалады?



  1. Жаңа сабақтың барысы

Сабақтың тақырыбымен, мақсаттарымен, тапсырма түрлерімен, бағалау өлшемдерімен таныстыру

-Бүгінгі сабақтың тақырыбы « Қайдан келдің, бауырсақ?»

-Мақсаты: Нанның көп еңбек арқасында келетінін әңгімелейміз, нан туралы мақал-мәтелдер ,тақпақ,тыйым сөздер айтамыз, флипчартпен жұмыс жасаймыз, постерлер қорғаймыз, презентациялар

көрсетеміз.

  1. Білу.

Сөздік жұмысы 5 мин

  1. Наубай-пекарня

  2. Наубайшы-пекарь

  3. Диірмен-мельница

  4. Диірменші-мельник

  5. Диқандар-хлеборобы

  6. Бидай-пшеница

  7. Ұн - мука Сөз тіркестер, сөйлемдер құрастыру



  1. Түсіну. Презентация «Нан дастарқанға қалай келеді?» 5мин

-Нан дастарқанға қалай келетінін түсіндіңдер ме?

«Бағдаршам» әдісі. Жасыл түс- түсіндім

Сары түс- толық түсінбедім

Қызыл түс- түсінбедім



  1. Қолдану

Топпен жұмыс:

  • 1-топ «Жемістер»

  • 2-топ « Балмұздақ»

  • 3-топ «Бешбармақ» Флипчартпен жұмыс 7 мин

«Нан туралы»1топ Тыйым сөздер

Нанды жерге тастама

Нанның үстіне зат қойма

Нанды төңкерме

Нанды бір қолмен үзбе

2топ Мақалдар

  1. Еңбектің наны - тәтті

Жалқаудың жаны тәтті

  1. Нан бар жерде ән бар

  2. Дәнді шашпа, нанды баспа.

  3. Нан- тамақтың атасы

Ынтымақ - көптің батасы.

  1. Нан астығын жинаймын,

Елге астық сыйлаймын

3-топ «Нан дастарқанға қалай келеді?»



  1. Егінші бидай егеді

  2. Комбайыншы егінді жинайды

  3. Диірменші ұн тартады

  4. Ұннан нан пісіреді

  5. Нан дүкенге түседі

Нан дастарқанға көп еңбек арқасында келеді.

Нанды қадірлеу керек!

Жазбаша

Постер қорғау. Стикермен бағалау

  1. Талдау

«Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңін түсініп, рөлге бөлініп оқу 3 мин

Қайдан келдің бауырсақ?

Дастарқанда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ.

Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрып көзін сап:

-Қайдан келдің , бауырсақ?-

Деп сұрады қуыршақ.

-Дүкеннен келдім нан сатқан,-

Деді оған бауырсақ.

-Дүкенге келдің қай жақтан?

-Наубайдан келдім нан жапқан.

-Наубайға келдің қай жақтан?

-Диірменнен келдім ұн тартқан.

-Диірменге келдің қай жақтан?

-Даладан келдім жан-жақтан

Арғы тегім ақ бидай,

Тәттімін, жеп гөр,

Жесең өзің байқарсың

Рақметіңді айтарсың.

Ө. Тұрманжанов

  1. Жинақтау- 4 мин

Нан, қасиетті, дастарқан,өмір, тіршілік нәрі, бидай, жиналады,

егінші,еліміз бай сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құрастыру

- Нан ең қәсиетті дәм .Нансыз өмір жоқ.Нан тіршілік нәрі.Ол дастарханға оңайлықпен келмейді. Біздің еліміз өте бай .Осы байлығымызды Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі Елтаңбада көрсеткен.Елтаңбада-бидай масағы, пырақтар қанатында бейнеленген. Бүгін нан туралы, адамдардың еңбегі жайында әңгімелестік. Нан болмаса, күнделікті тамақтануымыздың да,қонаққа арналған дастарханымыздың да, сәні болмас еді. (слайд)

  1. Бағалау-2 мин

-Нан дастарқанға қалай келеді? (оқушылардың пікірі: көп еңбек арқасында келеді. - жазбаша тапсырма

«Жалғасын тап» әдісі Керекті сөзді қойып, жазу

Мақал-мәтел айту 1 Қоныс көркі там , дастархан көркі ......(нан) 2 Дастарханда наны жоқтың ,тағамның...... жоқ(дәмі) 3 Нан болса ........болады(ән)

VI.Үйге тапсырма беру:

Сен нанды қалай қадірлейсің? әңгіме құрастыру

Рефлексия: Беткескіндер арқылы қалдыру

«Кері байланыс» парағы - стикерлерге жазып қалдыру

«Алтын күн аспаны

Алтын дән даласы» слайд ҚР Гимнін айту




© 2010-2022