Тақырып: «Мемлекеттік тіл» 7 сынып (Мұғалім: Қозбагарова Л. Е.)

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы

«Петровка орта мектебі КММ»

Мұғалім:Қозбагарова Л.Е.

Тақырып: «Мемлекеттік тіл» 7 сынып

Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік тілге деген қызығушылықты арттырып, оқушылардың өтілген тілдік материалдарды қаншалықты меңгергендігін білу мақсатында түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу.

Сабақтың түрі: қорытынды

Сабақтың әдісі:ой қозғау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденіс, топпен жұмыс,

жеке жұмыс.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер:

ИКТ, оқулық, кестелер, Қазақстан картасы, бейнетаспа.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдасыру кезеңі:

ә) оқушылармен амандасу, түгелдеу:

б ) оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Тіл дамыту үшін сұрақтар:

1.Сен қазақ тілінде сөйлей аласың ба?

2. Қазақ тілі қандай елдің мемлекеттік тілі?

3.Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?

5. Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебе алды?

4. Біздің мемлекет қандай ел ?

а) жатқа берілген сөздерді жалпылама сұрап, сол сөздермен сөйлем құрату;

ә) жазба жұмыстарын пысықтау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Сабақ тақырыбын хабарлау, мақсатымен таныстыру.

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мемлекеттік тіл».

Баршамыз да білеміз. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіл - тек қатынас құралы ғана емес, бір ұлт пен екінші ұлтты жақындастыратын құрал. Сондықтан қазақ тілді терең біліп, дамытуға тырысамыз.

2. - Қазақ тілін білу үшін не істеу керек? Оқып, жаттығыңдар.

Жиі-жиі қазақша сөйлеу керек.

Тақпақтар жаттау керек.

Сөздерді жаттау керек.

Радио тыңдау керек.

Теледидар көру керек.

Қазақша газет-журнал оқу керек.

Үйірмеге қатысу керек.

Сабаққа дайындалу керек.

3. Дәптермен жұмыс. 3- тапсырма керекті сөздерді қойып жаз.

Халық бар жерде ..... бар.

Тілімізді ..... ұстайық.

Ұлттың өшуі ...... өшуінен басталады.

Тілсіз ешбір ұлт - ......болып қалмақ емес.

Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт - ...... болу.

4 .Оқулықпен жұмыс. 4 - тапсырма . Сөз тіркестердің мағынасын ашу.

Тілге келмеу -

Тілі байлану -

Тілі қышыды -

Тілсіз қалу -

5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

Ең көп тараған тіл қай тіл? Қытай тілінде неше адам сөйлейді? Ағылшын тілінде неше адам сөйлейді? Хинди тілінде неше адам сөйлейді?

6 .Сурет бойынша қысқаша мәтін құрастыру. Үлгі:

Мынау біздің сынып. Мынау - Айбек. Ол бірінші партада, Асхатпен отыр. Қазір қазақ тілі сабағы . Қазақ тілі сабағында біз мәтін оқимыз, әңгіме айтамыз, жаттығуларды жазамыз. Қазақ тілі сабағы маған өте ұнайды.

6.Үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

І деңгей

1. « Қазақ тілі сабағында» тақырыбында диалог құрастырыңдар.

2. Төмендегі сөздердің кемінде екі мағынасын табыңдар.

Бар, баспа, буын.

ІІ деңгей

1. Ел, жер, тіл туралы 3 мақал жазыңдар.

2. Төмендегі сөздерді аударыңдар.

Керектігі, мақсат, сауатты, ұрпақ, мәртебе, қайнар, мәлім, тағдыр, шам, үнемі,тәулік.

ІІІ деңгей

1. Келесі сөздермен сөйлем құрастыр.

Отыр, сыныпта, оқушылар.

Сурет, салды, оқушылар.

Жазамын, мен, дәптерге, жаттығу.

Сен, бар, кітапханаға.

ІҮ. Қорытындылау. Оқушыларды бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма.



© 2010-2022