Сабақ жоспары 3 - сынып. Ризашылық пен алғыс 9 - сабақ

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары Мектеп: К. Мендалиев атындағы ОЖББМ Тақырып: 9 – сабақ. Ризашылық пен алғыс Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: бәрін жақсы көру, отбасындағы сүйіспеншілік, достық Мұғалiм: Ғатауова Асылзада Асылбекқызы Класс: 3б Күні: Оқушылар саны: Сабақ мақсаты: Оқушылардың адамдармен жағымды қарым – қатынас жасау, айналасындағы адамдарға деген риясыз сүйіспеншілік құндылықтарын ашу; Міндеттері: - отбасы мүшелерін сыйлай білуге, бауырмалдылыққа үйрету; ...
Раздел Другое
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: К. Мендалиев атындағы ОЖББМ

Тақырып: 9 - сабақ. Ризашылық пен алғыс

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: бәрін жақсы көру, отбасындағы сүйіспеншілік, достық

Мұғалiм: Ғатауова Асылзада Асылбекқызы

Класс: 3б

Күні:

Оқушылар саны:

Сабақ мақсаты: Оқушылардың адамдармен жағымды қарым - қатынас жасау, айналасындағы адамдарға деген риясыз сүйіспеншілік құндылықтарын ашу;

Міндеттері:

- отбасы мүшелерін сыйлай білуге, бауырмалдылыққа үйрету;

  • айналасындағы адамдарға сүйіспеншілікке,сыйластыққа тәрбиелеу.

  • еліміздегі татулықтың маңыздылығы туралы түсініктерін дамыту.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Плакаттар, үнтаспа, түсті қарандаштар, баяу әуен

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасып, түгендеу.

5. Т

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық

Тыныштық сәтi.(баяу әуен) 20 балдық жүиемен бағалау.

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Үй тапсырмасы:

9-сабақ. Мәтін «Алғыс» М. Төрежанов

  1. Қасым мен Хасен анасына не үшін алғыс айтты?

  2. Анасы балаларына алғысты не үшін айтты?

  3. Сендер қандай жағдайда алғыс айтып жүрсіңдер?

Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйек сөз.

Алтын алма, алғысал: Алтын деген жер сыйы, алғыс деген ел сыйы

Мақал - мәтел

-Неге алтын алма, алғыс ал дейді?

-Ата - анамыздан туыстарымыздан қандай алғыс, ризашылық сөздер естіп жүрсіңдер?

- Бауырмалдық, татулық адамдарды неге жетелейді++++?

Әңгiмелеу (сұхбат).

Мәтін: «Жидектерді кім өсірді?» Б. Момышұлы


- Жидектің өсуіне нелер көмектесті?

  • Қыздың алғыс айтуы дұрыс па?

  • - Біздер кімдерге ризашылық білдіріп алғыс айтуымыз керек?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Ата - аналарына алғыс пен ризашылықтарын білдіріп, ашық хат жолдайды. Өз қолдарымен жұлдызша жасап, мұғалімге туыстарына, достарына деген алғыстарын жазып іледі.


  1. Топпен ән айту

Балдәурен

Балдәурен көктем, асығып жеткен,

Шағала күндер.

Базарлы маусым, шырқалған даусым,

Тамсанып әсем.

Балауса балғын, көк майса шалғын,

Барады күндер.

Тербеліп билеп, жайқалып билеп,

Ән салып әсем.

Қайырмасы:

Балдәурен, бақытты ән дәурен,

Келеді қанатын самғаумен.

Көңілдің ұшырып, аққуын,

Балауса, бал бұлақ, бал дәурен.

Жаныма жылы, жүрекке ыстық,

Көңілге сұлу.

Тоя ма көзің, балдәурен кезің,

Бақыт-ау, бақыт?

Даламдай дархан, тауымдай биік,

Өмірге сұлу.

Тойа ма көзім айтшы сен өзің

Уақыт аумағы

Дәптермен жұмыс:

Кітапта берілген «Алғыс» әңгімесі бойынаша кімнің кімге алғыс айтқанын орналастырып жазады.Бос жолақтарға не үшін алғыс айтқандарын жазады.


  1. Үй тапсырмасы.

Тақырып: 10-сабақ.. Өзіңді де, өзгені де аяла

Т. Айдарханов «Жанашыр» мәтін


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Аяғымызды айқастырмаймыз, қолымызды тіземізге қоямыз, көзімізді жұмамыз. Бүгінгі сабақтан алған білімдерімізді ойымызға сақтап аламыз.

Тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,

Тыныштық, тыныштық, тыныштық бұл әлемде.





© 2010-2022