Әдебиет пәні. Тақырыбы: Абай Құнанбайұлы (7 сынып)

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы
Сабақтың мақсаты: Сөйлеу тілін, материалды қабылдау қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:
• білімділік: қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына шолу жасай отырып, оқушыларды оның философиялық тұжырымдары - қара сөздерімен таныстыру, ой-өрістерін кеңейту, рухани жан дүниелерін қалыптастыру.
• тәрбиелік: Абайдың қара сөздері жайында түсінік бере отырып, достықтың, адалдықтың маңыздылығын түсіндіру, ал адалдықты бұзатын тәкаппарлық, мақтаншақтық, надандық, күншілдік, еріншектік, т.б. жаман қасиеттерді бойға дарытпауға үйрету. Адамгершілігі мол, Отанымыздың саналы азаматы болуға тәрбиелеу.
• дамытушылық: оқушыларға оқығанынан өзіндік ой түю, пікірін дәлелдей алу қабілеттерін дамыту, тыңдау мәдениетін жетілдіру.

Көрнекілігі: комьютер, Power Point бағдарламасында жасалған презентация, кеспеқағаздар, бағалау түріне арналған кеспе қағаздар.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдістері: мәнерлеп оқу, талдау, салыстыру, топтастыру, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгіме, топтық жұмыс, әдебиет теориясы туралы, сөздік жұмысы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Психологиялық дайындық.
Сыныпты екі топқа бөлу. ( «Қайрат», «Жігер» топтары)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тақырып: Сүйінбай Аронұлы бойынша сұрақтарға жауап беру.
Зымыран сұрақтар:
1. Сүйінбай Аронұлы кім?(ақын, күйші, қобызшы, жырау, жыршы,
ұстаз, айтыскер ақын).
2. Қашан және қайда дүниеге келген? (1815 жылы Алматы облысы )
3. Ақындықтан басқа қандай өнері бар? (жырау)
4. Сүйінбай ақын кімнің ұстазы? (Жамбыл )
5. Біз танысқан, оқыған өлеңі қалай аталады?
«Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі
6. Өлең не туралы? (адамның жақсы және жаман қасиеттері туралы)
7. Сүйінбайдың жырлауында жақсы жігіт қандай ?

(сөзіне сақ тұрады,елінің ағасындай, жүзі жақсы, сөзін әркім пайдаланады,үлкен-кішіге сыйлы, миуалы алма ағашындай)
8. Сүйінбайдың жырлауында жаман жігіт қандай? (көкірегі көр, көзі соқыр, өтірікші, өсегі көп, іріткі салады)
• Балалар, өте жақсы, осы адамның бойындағы жақсы қасиеттер туралы, неден қашу керек, неге асығу керек екені туралы біз төменгі сыныптарда өткенбіз. Естеріңе түсіріңдерші. Қай ақын жақсы және жаман қасиеттер туралы өлең жазып еді?(Абай. Ғылым таппай мақтанба)

-Әрине, Абай.

ІҮ. Жаңа сабақ.

- Балалар, біздің бүгінгі тақырыбымыз- Абай Құнанбайұлы. Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн мен тақырыпты жазып қойыңдар.


  • Балалар, сендер Абай әлемімен бұрыннан таныссыңдар. Жылдан - жылға Абай аталарыңның шығармаларымен таныса отырып, ұлы ақынның рухани байлығынан сусындап келесіңдер. 5-6 сыныптарда Абайдың балалық шағымен, алған білімімен, тәрбиеленген ортасымен, өлеңдерімен таныс болдыңдар. Енді қазір сол білгендеріңді еске түсіріп, мына қағазға топтастыру жасаңдар. (Топтастыру жасайды)


  • Жақсы, балалар. Енді сендер 7- сыныпта Абай аталарыңды жаңа қырынан танитын боласыңдар.


• Абай өлең шығаруды бала кезінде- ақ бастаған. Абай шығармаларының тақырыбы өмірдің барлық саласын қамтиды.Ол көптеген өлеңдер мен дастандар, сондай-ақ, философиялық шығармалар да жазды.Ол - қарасөздер.

( Қарасөз - слова назидания. Это не простые слова, они отличаются от других слов своим содержанием, в них заключается философская мысль)
• Қазақ әдебиетінде де, әлем әдебиетінде де жаңа жанр.
• Қарасөз - көркем әңгіме емес, даналық сөздер, ғылымдық, философиялық ойлар.

Абай қара сөздерін даналық тәжірибесін халқымен бөлісу, кейінгіге өсиет қалдыру мақсатымен жазған.

Абай қара сөздерін 1890 жыл мен 1898 жыл аралығында жазған екен. Өз шығармашылығында ақын қара сөзге ерекше мән берген. Жалпы саны -45. Оның алты-жеті үлгісі қысқа келеді. Абай поэзиясына арқау болған ғылым, білім, еңбек тақырыптары ақынның қара сөздерінде жалғасын тауып дамиды.

Абайдың «Қара сөздері» қазақ халқының XIX ғасырдағы рухани дүниесін, діни-философиялық көзқарастарын, әлеуметтік ахуалын көрсетеді.

Ұлы ақын адам мінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық, салғырттық, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айтады. Естігенді есте сақтау, көргеннен үлгі- өнеге алу, жаман әдет- дағдыдан бойын аулақ ұстау, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді насихаттайды.

Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортаға байланысты екенін дәлелдеді. Ол сөздеріне 37қара сөзіндегі мына жолдар дәлел. (Бір оқушыға оқыту). Жақсы- жаман қасиеттерді сөздікпен аударту.

Абайдың қара сөздері философиялық, этикалық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерге толы.

Абай- қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы. Ұлы ақын жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл, данышпан ақын, тарихи тұлға. Абай туралы сендер бүгінгі сабағымызда әлі де көп мәлімет алатын боласыңдар. Ал қазір бойымызды сергітіп, Абайдың әнін шырқап бір серпіліп қалайық.

Сергіту сәті. Көзімнің қарасы. (хормен орындау).

-Балалар, енді ауызекі сөйлеу тілімізді дамыту мақсатында бір - бірімізбен сұхбаттасайық. Екі топ бір - бірлеріңе бүгінгі тақырып бойынша сұрақ қойып, қойылған сұраққа жауап беріп көріңдер.

1. Абайдың неше қара сөзі бар?

2. Абай кім?

3. Қара сөздерін қай жылдары жазды?

4. Абайдың шын аты кім?

5. Абай қашан туды?

6. Қара сөз деген орысша қалай?

Келесі тапсырма бір топ Абай туралы мәтіннен білгенімізді жинақтап тірек сызба бойынша тұжырым жасайық. Келесі топ семантикалық картамен жұмыс жасасын.

Ұлылар айтқан сөз.

  • Балалар, Абай атамыздың еңбектерін бағалап, қаншама ұлы адамдар өз пікірлерін қалдырған. Солардың бірі Н. Ә. Назарбаев пен

М. Әуезовтың Абай туралы айтқан сөздеріне құлақ түрейік.

Артық болмас білгенің...

«Абай» журналында ұлы ақынның балалық шағынан қысқаша мынадай деректер берілген екен. Абайдың қандай болғанын көз алдымызға елестету үшін қысқаша фильмнен үзінді тамашалайық.

  • Енді қара сөздерді жазуда Абайдың қандай мақсаты болды екен деген сұраққа жауап іздеу үшін Абайды тыңдап көрейік. (Кітаптан Абайдың сөзін оқыту.)

IV. Қорыту

  • Сонымен ,бүгін біз сабақта Абай туралы не білдік?

  • қарасөз дегеніміз не?

  • - Абайдың неше қарасөзі бар екен?

Үйге тапсырма: 69-72 бет аралығын оқу, конспект жасау.

Осымен сабағымызды қорытындылап, топ басшылары өз тобындағы балаларға баға берсін.
Бағалау.

© 2010-2022