Қазақ халқының әдет – ғұрыптары. Салалас құрмалас сөйлем. 7-сынып

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып:

7 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Қазақ халқының әдет - ғұрыптары. Салалас құрмалас сөйлем.

Сабақтың мақсаты:

Құрмалас сөйлем туралы білімдерін толықтыру және өз білім деңгейін бағалай білуге дағдыландыру.Қазақ халқының ұлттық дәстүрлері, қолөнері, ұлттық киімдері және аспаптары туралы ауызекі тілде сөйлету арқылы тіл байлығын дамыту,сөздік қорын кеңейту, өнерге қызығушылығын арттыру ,топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, халқымыздың ұлттық музыка аспаптарының құрылысын меңгере білу, адамгершілік, рухани, мәдени дамуына қол жеткізу

Оқытудың нәтижесі:

Оқушылар сабақтан соң:

Қазақ халқының әдет -ғұрыптары туралы айтып бере алады.

  • Топта жұмыс жасай алады

  • Өз ойын еркін жеткізеді, дәлелдейді.

Дереккөздер:

Интерактив тақта,презентациялар,стикерлер,

Сабақтың әдісі:

Блум таксономиясы бойынша сабақ жоспары әзірленді. «ыстық доп», «автор орындығы» СТО, «Екі жұлдыз бір тілек»

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі.

3 мин.

Сыныпта жақсы психологиялық ахуал туғызу үшін «Айна» тренингісін өткіземін.

Оқушылар бір-біріне қарап тұрып, іс қимылдарды қайталайды. бір-біріне жақсы тілектер айтып,көңіл-күйлерін көтереді.

Топқа бөлу

2 мин.

Сөздер арқылы топқа бөлу

Қима қағазды алып, құрастырып, сол шыққан сөз бойынша топ құрады.

Сабақтың тақырыбын анықтау


ИТ берілген суреттерді қарап, сабақтың тақырыбын анықтау

ИТ берілген суреттерді қарап, сабақтың тақырыбын анықтайды

Білу


3мин.

1 «Ыстық доп» әд. бойынша Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін қайталау.


Допты бір -біріне лақтыра отырып, салалас құрмалас сөйлемнің түрлері мен жалғаулықтарын қайталау.


Түсіну


3 мин.

АКТ -да берілген сөйлемдерді оқи отыра, жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін атап, жалғаулықтарын ажырату

АКТ-да берілген сөйлемдерді кезекпен оқып, салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін жалғаулықтары арқылы ажыратып, түсіндіреді

Қолдану


10 мин.

Келесі тапсырма, өздеріңнің құрған топтарын бойынша презентация дайындап, қорғайсыңдар.

1 Қазақтың салт дәстүрлері

2 Қазақ халқының қол өнері

3 Қазақ халқының ұлттық киімдері

«Шілдехана» әнін орындау

1 Қазақтың салт дәстүрлері

2 Қазақ халқының қол өнері

3 Қазақ халқының ұлттық киімдері

а) Әр топ ноутбукта презентация жасайды,қорғайды.

ә)Екі топ сөз сөйлеген топқа баға береді. «Екі жұлдыз, бір тілек»

б) «Шілдехана» әнін орындайды

Сергіту сәті


2 мин.

Интернеттен «Биле-биле» видео ролик арқылы оқушыларды билетіп көңіл-күйлерін көтеру.

Оқушылар экранға қарап билейді.

Талдау


8 мин.

Әр топ бүгінгі өткен тақырып бойынша, сұрақтар дайындап, келесі екі топқа қойып, жауабын алады.

Қойылған сұрақтарға толық жауап береді.

Жинақтау


«Автор орындығы»


Сабақ бойынша сұрақтар қояды. Орындықта отырған оқушы қойылған сұраққа жауап береді.


Бағалау

3 мин.

«Бүгінгі сабақтан алған әсерім» оқушылар өзін-өзі бағалайды. Стикерлер таратылып беріледі. Тақтадағы ілулі тұрған ағашқа жапсырады.

Оқушылар сабақтан алған әсерлері жайлы стикерлерге жазып,оқиды,плакатқа жабыстырады.

Оқушылар өз-өзін бағалайды.

Үйге тапсырма

2 мин.

Отбасындағы дәстүр» тақырыбына шағын әңгіме жазу.

Күнделікке жазып алады.



© 2010-2022