Эссе. Тема Учитель новой формации

Раздел Другое
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Эссе

Заманауи мұғалім - әлеуметтік жетілген, шығармашыл, құзыреттi ,рухани дамыған тұлға қалыптастыру үшін кәсіби педагогикалық құралдардың барлық арсеналын қолдануы керек. Мұғалім өзінің шығармашыл тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы ең жауапты адам болып табылатындығын және қазіргі заманғы әдістер мен технологияларды оқыту процесінде жүзеге асыруы қажет екендігін түсінуі маңызды. Ол үшін өз білімін үздіксіз жетілдіруі қажет. Менің әріптестерім сияқты Қазақстандағы білім берудің жаңа моделіне көшу мақсатында ұйымдастырылған деңгейлік курстың маған бергені де , берері де мол бірегей жоба деп есептеймін,себебі мен оның басты қағидасы ұстазды,баланы көшбасшылыққа жетелеу екенін түсінемін. Көшбасшылыққа тән белгіні екі сөзге сыйдырып айтуға болады - ол білімді сонымен қатар функционалды сауатты тұлға. Осындай тұлға қалыптастыруда жаңа бағдарлама бойынша білім жетілдіру маған не берді? деген сұраққа жауап берсем ол- сабақ құрылымы түбегейлі өзгерді, мен мектептегі өз әріптестеріме өз білгенімді үйрете бастадым, еңбастысы біз бірлескен жұмысты жаңа талапқа сай атқара бастадық. 7 модульді қолдану арқылы жүргізген әр сабағымда балалардың іс-әрекетінен мен қолданған тәсілдің тиімділігін көремін және өз бетімен білім алуға құштарлық пайда болғанын байқаймын.Оқушының өзі білім ала отырып өзгелерді оқыту қағидасы сабақтарымда жүзеге аса бастады.

Бірінші деңгей бағдарламасы бойынша білімін жетілдіруші ретінде мен әріптестеріме не үйреттім? Бұл логикалық сұрақтың жауабы қандай?Әрине мен жаңа идеяны тарату оңай емес, алғашқыда қиындықтар болатынын түсіндім. Әріптестерімнің коучинг арқылы оқушыға білім берудің жаңа тәсілдерін үйрену тиімді, яғни тәжірибеде қолдана отырып ,жетістігі мен кемшілігін байқай отырып бірлесе жұмыс атқаруымызға тиімді екендігін атайтындығы маған әзірше жеткілікті.Мұнымен тоқтап қалмау үшін Маслоудың адам қажеттілік тері иерархиясын естен шығармау тиімді. Тез өзгеретін әлемде кез -келген мұғалім болашақ ұрпақ тәрбиешісі ретінде ең жауапты тұлға.Оның өзінің көшбасшы екенін түсінуі , көшбасшылыққа тән қасиеттерді өз бойында қалыптастыруы маңызды,себебі бала естігенін емес көргенін қайталауға тырысатындығын естен шығармауымыз қажет.Әркім өзіне үнемі сыни көзқараспен қарауы тиіс.Бұл мұғалімнің өз стереотипін өзгертеді. Менің көшбасшы мұғалім ретінде басты міндетім болашақта оқушының да , мұғалімнің де Қазақстанның әлемнің озық 30 елінің қатарынан көрінуіне өз үлесін қосуына жауапты,табысты болуына барлық жағдай жасау. Өзгермелі өмірде жаңашыл ұстаздар қатарын көбейте отырып мен білімді, функционалды сауатты тұлға тәрбиелейтіндігімізге кәміл сенемін.



© 2010-2022