Диктант 4 сыныпқа арналған

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Диктант. 4-сынып.

1-нұсқа.

Орман іші.

Қыркүйек айы. Күн жылы. Мектеп оқушылары орманға серуенге барды.Оқушыларды табиғаттану пәнінің мұғалімі Нұрай Қалмағанбетова алып барды. Орманда қайың, терек, қараағаш, шырша өсіп тұр.Ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған.

Ағаштың бұтақтарында түрлі құстар ұшып-қонып жүр. Оқушылар құстардың,ағаштардың атын дәптеріне жазып алды.

(41 сөз)

Тапсырма.

1.Көпше түрінде жазылған зат есімдердің астын сыз.

2.Тасымалданбайтын сөздерді көшіріп жаз.

2-нұсқа.

Үй жануарлары.

Үй жануарлары адамға көп пайда келтіреді. Жылқыны көлік ретінде пайдаланады. Оны салт мінеді,арбаға, шанаға жегеді. Сүтінен қымыз дайындайды. Оның емдік қасиеті көп. Түйе өте төзімді.Ыстыққа,аштыққа шыдамды. Түйенің сүтінен жасалған шұбат денсаулыққа пайдалы. Сиыр,қой, ешкінің де адамға пайдасы мол. Бұлардың сүтін ішіп,етін жеймиіз. Біздің Қазақстан - малды өлке.

(50 сөз)

Тапсырма.

1.Еттен жасалатын тағамдар:

2.Сүттен жасалатын тағамдар:

© 2010-2022