Қазақ тілі. 2 сынып Менің күшігім

Сабақтың тақырыбы: Менің күшігім Сабақтың мақсаты: А) Білімділік:өзінің күшігі немесе мысығы туралы айта алу, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру, байланыс­тыра сөйлеуге үйрену, төл дыбыстарды дұрыс дыбыстау. Ә) Дамытушылық:сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Б) Тәрбиелік:үйжануарларына сүйіспеншілікпен қарау, оларды аялай білу. Сабақтың  түрі: дәстүрлі сабақ Сабақтың әдіс- тәсілі: түсіндіру,...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Менің күшігім

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: өзінің күшігі немесе мысығы туралы айта алу, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру, байланыстыра сөйлеуге үйрену, төл дыбыстарды дұрыс дыбыстау.

Ә) Дамытушылық: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.

Б) Тәрбиелік: үй жануарларына сүйіспеншілікпен қарау, оларды аялай білу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілі: түсіндіру, оқыту, сұрақ- жауап.

Жұмыс формалары: жұптық, жекелей.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесіп,қажетті құрал жабдықтарын сөмкелерінен алғызамын.

Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.

«Қызылөрік» әніне жасалынған жаттығу жұмысын жасайды.

Ал, балалар, балалар
Бәрің бері қараңдар.
Шын көңілмен назар сап
Оқысаңдар сабақты
Сендерден шығар даналар,-деп балаларға үлкен сенім артып,жауапкершілік жүктей отырып,саяхатқа шығамын. Сыныпты екі топқа бөлемін. Топтың атын оқушылар ойлана отырып, бірлесе отырып табады. Бірінші топ-«Құлагер», екінші топ- «Жолбарыс». Әр топтан топ басшысы сайланады.

  1. «Құлагер», «Жолбарыс» шәкірттердің ауылына келіп,үй тапсырмасын тексеремін.

  2. Ромашка гүлін толықтыру.

  3. Сызбаны жүргізе отырып, үй жануарларының төлін дұрыс табыңыздар.

Қазақ тілі. 2 сынып Менің күшігім

«Сиқырлы таяқша» ойыны.

Әр топқа бір таяқша беріледі. Музыка жүрген кезде топтағы оқышылар өз тобындағы балаларға беріп отырады. Музыка сөнген кезде кімнің қолында таяқша қалды сол оқушы сураққа жауап береді.

III. Жаңа сабақ

1-тапсырмадағы суреттер бойынша оқушылар «Бұл -менің күшігім. Бұл-менің мысығым» деген сөйлем үлгілерін тыңдайды, қайталайды. Күшік туралы мәтінмен танысады.

2-тапсырмадағы суреттер бойынша күшіктің іс-әрекетін жеке-жеке атайды. Мысалы: Бұл-күшік. Күшік су ішеді. Күшік ет жейді. Күшік ойнайды. Күшік секіреді.

«Есте сақта!» айдарымен берілген кесте бойынша к-г, қ-ғ дыбыс алмасуларына назар аударылады.

3-тапсырмадағы кесте бойынша жейді, ішеді сөздері бекітіледі.

4-тапсырмада оқушылар берілген сұрақтарға жауап беру арқылы күшік, мысық туралы ақпаратты қайталайды.

6-тапсырмада оқушылар ы дыбысын және ы, і дыбысы кездесетін сөздерді салыстырмалы түрде қайталайды. Әріптердің айналасында орналасқан суреттерді атау арқылы осы дыбыстар кездесетін сөздерді есте сақтайды әрі сөздік қорларын арттыра түседі.

IV . Cабақты бекіту

Енді 5-ші тапсырмадағы сөйлемдерді аударамыз.

V Сабақты қорытындылау:

Сөздік жұмыс

Правильно-дұрыс

Не правильно- дұрыс емес

Сегодня-бүгін

Вчера-кеше

Завтра- ертең

Қайырлы таң! - доброе утро!

Күшік-щенок

Мысық - кошка, котенек

Жүректен жүрекке айдарымен сабақты қорытындылаймын.

Мұғалім оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып, сабақты аяқтаймын.

VI. Үйге тапсырма: 2-ші тапсырма бойынша сөйлеу,сөздерді жаттау.

VII Бағалау:

© 2010-2022