Внеклассная работа Тәуелсіздік тұтқасы-бізге аманат!

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қостанайоблысы, Амангелдіауданы

Б. Қолдасбаев атындағы орта мектебінің аға тәлімгері
Ақышова Ақтоты Ауданбекқызы

«Тәуелсіздік тұтқасы - бізге аманат!» салтанатты жиын бағдарламасы

1-жүр:

Мен қазақпын-мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

2-жүр: Мен- қазақпын, ажалсыз анамын мен,
Құшағыма сыйдырам даланы кең.
Пәк сәбимін бесікте уілдеген,
Дәуірлермен құрдаспын,данамын мен.

1- жүр: Мен жігітпін,айқасқа, сынға асықпын,
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтын.
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам қыран боп шыңға шықтым.


2- жүргізуші: Құрметті қонақтар,ұстаздар,оқушылар!

1991 жылы 16-желтоқсанда еліміз тәуелсіздігін алды. Еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын!

1-жүр:

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мерекесіне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймын.

(Әнұран айтылады).


1-жүргізуші: Желтоқсаншылардың бәрі де бір-бір батыр еді. Олар қара бастарының қамын ойлаған жоқ. Оларды «Мұзда жанған алауға» теңейтіндігіміз осыдан шығар. Кезінде белгілі қоғам қайраткері Сағат Әшімбаев «Егер қазақ Желтоқсан оқиғасын ұмытса, өзін ұмытқаны» деп жазған екен.

Өміржанов Асылжаның орындауында «Аманат» әні

2-жүргізуші:
Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға

дарып, алақанымызға қонды. Азаттық деген осынау қасиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды! Мемлекеттік тәуелсіздік - ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі - біздің жетістігіміз.

1-жүр:

Бостандық! - деп аталатын асқақ арман жолында қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты тарих дейді. Ендеше тарих беттеріне тағы да бір зер салайық.

Көрініс «Тәуелсіздік бізге оңай келмеді»

Қазақ биі

2-жүр:

Қазір бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі.

Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.


Көркем сөз: «Желтоқсан ызғары», «Тәуелсіздік толғауы», «Уа, еркіндік»

1-жүргізуші: Ел үшін жанын қиып, жауды қуған,
Ерлерді ұмытса да ел ұмытпас.
Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,
Арқаның селі, желі, шөбі, белі-
Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас,- деп Мағжан Жұмабаев айтқандай дүниені дүр сілкіндірген, қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз.

2-жүргізуші: Құттықтау сөз мектеп директоры: Айтмағамбетов Абай Кәрімұлына беріледі.
(Құттықтау сөз)

2-жүр:Ендігі кезекті мектебіміздің ұстаздары дайындаған «Торғай қызы» атты ауданымыздан желтоқсан оқиғасына қатысқан Бақытгүл апаймыз туралы дайындалған сыр шертілген бейнебаянды тамашалағыздар.

Келесі сөз кезегі Бақытгүл апайдың туысқандарына беріледі.

1-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы - мәңгілік тарих. Біз Желтоқсан оқиғасын ешқашан есімізден шығармаймыз. Жылдар өткен сайын Желтоқсан оқиғасы айқындала түсуде. Құрбан болған ерлеріміздің бейнесі сол жас қалпында есімізде мәңгі сақталады. Көтеріліске шыққан жастар рухы-тәуелсіздіктің киесі.

Ән:

2-жүргізуші: Құрбан болған жастарымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

1-жүр:Тәуелсіз мемлекетіміз гүлденіп, жасай берсін. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын. Қ.Р тәуелсіздігі мерекесіне арналған салтанатты жиынды жабық деп жариялаймын.







© 2010-2022