Разработка на тему Салт дәстүр - асыл қазына

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

СРазработка на тему Салт дәстүр - асыл қазынаалт-дәстүр асыл қазына

Сыныбы: 7 - сынып

Қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі: Г. Саттарова

-АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ аса қадірменді ұстаздар,ата-аналар!

-Армысыздар білімділер бәйгесін тамашалауға келген көрермендер!

-Қазақстан Республикасының баянды да тәуелсіз мемлекет болу үшін ұлттық құндылықтар тәрбие арқылы халық педагогикасынан нәр алып,адами құндылықтардың барлық саласын бойына сіңірген, таза елжанды азамат керек.Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесі бар екені даусыз.

Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата-бабамыздың мол мұрасымен Яғни ұлттық құндылықтарымен сусындату біздің міндетіміз..Біздің тәрбиеміз ананың ақсүтінен,ана әлдиінен атаның қасиеттісөздерінен бастау алады.

-Балалар,атадан балаға мұра болып қалатын үйді не деп атайды?

-Қарашаңырақ.Атадан балаға мұра болып қалған үй«киелі үй» деп санайды.Алтын орда,білім мекені біздің қасиетті қара шаңырағымызда ұлттық салт-дәстүрге байланысты өтетін«Салтым-асыл қазынам»атты білімдер бәйгесіне қош келдіңіздер!Бүгінгі сайысымыздың мақсаты 7-сынып оқушыларының қазақ халқының салт-дәстүрлерін қалай меңгергендігін байқаймыз

Ата салтым-асыл мұрам,ардағым

Бабалардыңжалғастырарарманын

Сан ғасырда қалпынбұзбасқадірім

Өткенімді бүгінмененжалғадым-дейкелебүгінгібілімділербәйгесініңқатысушыларын ортаға

шақырайық.......

1 топ - топбасшылары; Шерикбаева Ш

2 ТОП- топбасшылары

Орындарыңызғажайғасыпотыраберіңіздер

Жургізуші Шын жүйрік шабысынан танылады

Нақты білім,терең ой сыналады

Бағаберерәділқазы ортамызда

Оларға құрметпен қол соғылады-деп топтарымызды бағалайтын,шындықты жарып айтатын әділ қазылар алқасымен таныс болыңдар

Тәрбиеісібойыншадиректорорынбасары ; Расулова Азада

Қазақ тілі пәнімұғалімі Абубакирова Махия

Мектеп психологы Хамидова Фатима Октамқызы

Ендеше сайыстың өтубарысымен,шартымен таныстырамызі

І кезең Келіңіз,танысайық топтар өздерін-өздерітаныстырады

ІІкезеңҚонақкүтебілемізбе?Қыздарымыздың қонақ күту шеберлігін байқаймыз.Өздері дайындаған ұлттық тағамдарын қорғайды.қазылар алқасына ұсынады.

ІІІкезең Сиқырлы қоржын кезеңі қоржыннан асықтар алынады,асықтардағытапсырмаларды орындайды.сұрақтар салт-дәстүр төңірегінде болады

ІV КЕЗЕҢ Бәйге кезеңі киел сандарға байланысты нанымдар мен сенімдерге арналған сұрақтарға жауап береді

V КЕЗЕҢ ТІЛ ӨНЕРІ кезеңі суреттер арқылы мақал-мәтел шығарып,сол мақалдың мағынасын ашып бередіі.Өмірден мысал келтіреді

VІКЕЗЕҢ Тапқыр болсаң тауып көр кезеңі Бейнекөріністе қазақтың қай ұлттық ойыны екенін тауып,сипаттап беріледі .Ішінен бір ұлттық ойынның ойналу ережесіне түсінік бересіңдер

VІІ КЕЗЕҢ ӨНЕРЛІ БОЛСАҢ-ӨРГЕЖҮЗ кезеңіТоптарөзөнерлерінұсынады

Разработка на тему Салт дәстүр - асыл қазынаРазработка на тему Салт дәстүр - асыл қазына

Көңілді тапқыр,білгіштер

Бар өнерін алдарына салады

Кім білімді,көп оқығанболса егер

Бүгінгі күн жеңімпазы болады

Қатысушыларға сәттілік тілей отырып,сайысымызды бастаймыз

Сайысымыздың беташарын бастайық

Көрерменді бір серпілтіп тастайық

Таныстырсын сайыскерлер өздерін

Өнеріне ду қол соғып тастайық-деп,кезекті сайысқа қатысушы топтарға берcек

Ікезең Сайыскерлер келіп жетті танысуға

Бойындағы бар дарынды дарытуға

Тайсалмастан сахнағакеліпжетті

Әдеппенен,ізетпенен танысуға----------дейкелеКЕЛІҢІЗ,ТАНЫСАЙЫҚкезеңінеберсек. Әртопөзтоптарын,өздерінтаныстырыпөтеді.Бұлжердеескеріліпөтілетінжәйтбар,оқушылардыңмәнерлепоқуы,сахнадаөздерінтутуы бағаланады.

І топты ортағашақырсақӨнерқырандары

ІІтоп Шаңырақтобы

ІІ КЕЗЕҢҚОНАҚКҮТЕБІЛЕМІЗБЕ ? Қазақхалқыүшіндастарханнанүлкеннәрсежоқ.Дастарханжайып,қонақкүтуежелденкележатқандәстүр.

Анасын көріп,қызынал

Ыдысын көріп,асын іш----демекші қыздарымыздыңқонақкүтушеберлігінбайқаймыз.Өздерініңдайындағанұлттықтағамдарынұсынып,дайындалуәдістерінтүсіндіреді.

І топтың қыздарын ортаға шақырамыз (қуырдақ,бауырсақ,қымыз)

ІІтоптың қыздарын ортаға шақырамыз (бешбармақ,шелпек,құрт)

Дәм ауыз тиіп тағамдарымызды бағалап берсеңіздер.

ІІІ кезең Армысың,өнер сүйер асыл халқым

Мереке құтты болсын ауылдасым

Тағы да келіп жетті сайысымыз

Жырлайтын қазағымның дәстүр салтын

Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар

Жауаптарын таба ма екен топтарымыз

Сол себептен қоятын сұрақтар бар------дей келе ІІІкезең «Сиқырлы қоржын»кезеңіне берсек.Бұл кезеңнің шартымен таныстырып өтейін.Қоржыннан асықтар алынады,асықтардағы сандарға байланысты қазақ халқының салт-дәстүрлерінен сұрақтар қойылады.

№ 1сұрақ. Қазақ халқының салт -дәстүрлерін атаңдар ?

2.бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрдің біріне түсінік бересіңдер?

5сұрақ. 1.Отбасы,тұрмысқа байланысты салт-дәстүрді атаңдар?

2.отбасы,тұрмысқа байланысты салт-дәстүрдің біріне түсінік бересіңдер.

4сұрақ.

ІV КЕЗЕҢ «Бәйге» Бәйге деген -жүйріктердің жарысы

Жүйріксіңдер сендер осы сайыста озып

Жүйрік озып келеді қатарынан

Біреу қалып жатады асығыста--------дей келе кезекті бәйге кезеңіне берсек.

Кезеңнің шартымен таныстырып өтейін.Қазақ халқында 7,9,40 сандары киелі сандар деп есептеледі.Сол сандарға байланысты нанымдер мен сенімдер бар.

Осы тақырып төңірегінде сұрақтар қойылады.Берілген сұрақтарға 2минут ішінде неше сұраққа жауап бере алады

Өнер қырандары тобының сұрақтары

1.Жеті атаны таратып беріңіз әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат

2.Үш биді атаңыз Төле би,Әйтеке би,Қазыбек би

3.Үш арысты атаңыз Сәкен ССейфуллин,Бейімбет Майлин,Ілияс Жансүгіров

4.Үш сауап не Шөлге құдық қазған

Өзенге көпір салған

Жолға ағаш еккен

5.Үш арсызға нелер кіреді ұйқы арсыз,күлкі арсыз,тамақ арсыз

6.Үш байлық не денсаулық,ақ жаулық,он саулық

7.Төрт қонақ арнайы қонақ,құдайы қонақ,қыдырма қонақ

8.Бес дұшпан өсек,өтірік,мақтаншақ,бекер мал шашпақ,еріншек

9.Бес асыл істі атаңыз талап,еңбек,терең ой,қанағат,рақым

10.Бес қаруға қандай қарулар кіреді мылтық,садақ,найза,қылыш,айбалта

11.Үш асылды атаңыз көз,тіл,көңіл

12.Жеті қазынаны атаңыз ер жігіт,ілім-білім,жүйрік ат,құмай тазы,қыран бүркіт,берен мылтық,ақылды әйел

13.Қазақ халқының ұлттық тағамдарын атаңыз

14.Қазақ қыз келіншектерінің бас киімдерін атаңыз

Бергек,бөрік,жаулық,желек,жырға,күндік,орамал,сәукеле,тақия

15.киіз үйдің жабдықтарын атаңыз шаңырақ,пырақ,кереге,уық,киіз,қабырға

Vкезең Тіл өнері кезеңі Білімдіден шығады алғыр шешен

Шешендікпен болған ғой барлық көсем

Сайра шәкірт,суырып шарықташы

Қалмасын бұл сайыста сенің сенің

Ата дәстүр абырой көтергенде

О,бұл сөздер сүйектен өтер демде

Тоқталамыз енді біз ал халайық

Қанатты сөз мақал-мәтелге--------------дей келе ТІЛ ӨНЕРІ кезеңіне берсек

Бұл кезеңнің шартымен таныстырып өтейін

Бейнекөріністе көрсетілген суреттерден мақал-мәтел,нақыл сөздер құрастырасыңдар.Құрастырған мақал,нақыл сөздердің мағынасын ашып бересіңдер.

Жауаптары; Ітоп Қыз өссе-елдің көркі, Фотима

Гүл өссе,елдің көркі

Батамен ер көгереді,

Жаңбырмен жер көгереді Нозима

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену,жалықпай

Қалықтап көкте жас қыран

Шығарар намыс топты алдан

Халықпыз сөзге тоқтаған

Дуамыз ауыз тілге арман

Тілімен топты жаратын

Сайысқа келдік біліммен--- ------------дей келе «Тапқыр болсаң,тауып көр»

Бұл кезеңнің шартымен таныстырып өтейін .Бейнекөріністе қазақ халқының қай ұлттық ойыны екенін тауып,сипаттап бересіңдер.Бір ұлттық ойынның ойналу ережесі туралы түсінік беріледі.

Ітоптың бейнекөрінісі

ІІтоптың бейнекөрінісі

Асық-қазақ халқының ежелден келе жатқан заттармен ойналатын ойыны.Бұл ойын ер балалардың ойнайтын ойыны.

Жамбы ату-Ат үстінде ойналатын ойын.Биік бағанаға жіппен күміс алқа асылады.Ат үстінде шауып келе жатқан ер кісі садақпен жамбыны атып түсірсе,сол жеңімпаз атанады

Аударыспақ-қайратты,батыл,ат құлағында ойнайтын жігіттер қатыс ады.Ат үстінде белдеседі.Белдескен кезде кім аттан түсіп қалса,сол жеңіліске ұшырайды.

Қыз қуу- ойын жазық жерде өткізіледі.Қыз бен жігіттен екі-екіден жұп жасалады.Бұлойынның ережесі ат үстінде шауып,жігіт қызға жету керек.ал үлгермей қалса қыз жігітті қамшының астына алады.Солай ойын жалғаса береді.

VІІ КЕЗЕҢ«Өнерлі болсаң-өрге жүз»

Шыңдап тұрған шынардай арманы бар

Өнерлерін көрсетсін ұл мен қыздар

Өнерпаз болсаң кезеңіне келіп жеттік

Ойланып отырғанды таң қалдырар- дей келе топтарымыз өз өнерлерін ортаға салса

Разработка на тему Салт дәстүр - асыл қазынаРазработка на тему Салт дәстүр - асыл қазына

І топ Өнер қырандары

ІІ топ Шаңырақ тобы

Бүгінгі сайыста сендер өз білімдеріңді өнерлеріңді ортаға салып,топ абыройын жоғары көтердіңдер.Енді кезекті топтардың білімдерін,өнерлерін бағалайтын әділ қазылар алқасына берсек.Топтарымыздың өнерлерін .білімдерін бағалайтын әділ қазылар алқасына берсек.Топтаболып,,рымызды бағалап берсе.

Қорытынды сөз.Сайысқа белсенді қатысқан оқушыларға алғысымызды білдіреміз.

Келесі кездескенше еліміз аман ,жұртымыз тыныш болсын


«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, салт- дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.


© 2010-2022