Урок по казахскому языку на тему Ұлттық аспаптар

Сабақ тақырыбы: Ұлттық аспаптар. Жалпы мақсат: Қазақтың ұлттық аспаптары туралы оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін мәліметтермен таныстыра отырып, бойына танымдық дағдыларын қалыптастыру. Қазақтың ұлттық аспаптарын білу. Музыка аспаптары түрлерін ажыратып, неден жасалғаны және сол аспаптардың әуенін тыңдата отырып, ұлттық тәрбие беру. Оқу нәтижесі: Сөздік қорларын молайтады. Бірлесе жұмыс істеуге дағдыланады. Алған ақпаратты қолданып, өзіндік мәтін құра алады. Музыка аспаптары түрлер...
Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Қазақ тілі

7 «Б» класс. 22.01.2015

Сабақ тақырыбы:

Ұлттық аспаптар.

Жалпы мақсат:

Қазақтың ұлттық аспаптары туралы оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін мәліметтермен таныстыра отырып, бойына танымдық дағдыларын қалыптастыру.
Қазақтың ұлттық аспаптарын білу. Музыка аспаптары түрлерін ажыратып, неден жасалғаны және сол аспаптардың әуенін тыңдата отырып, ұлттық тәрбие беру.

Оқу нәтижесі:

Сөздік қорларын молайтады. Бірлесе жұмыс істеуге дағдыланады. Алған ақпаратты қолданып, өзіндік мәтін құра алады. Музыка аспаптары түрлерін ажырата алады.

Негізгі идеялар:

Қазақтың ұлттық музыкасына деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық педагогика негізінде патриоттық сезім тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Слайд-презентация, Қорқат, Құрманғазы күйі, үлестілмелі кәртішке, тест, суреттер, стикер, маркер.

Оқыту әдістері:

АКТ, ЖИГСО,

Сұрақ жауап, ұжымдық жұмыс, топтық жұмыс.

Дерек көздері:

Қазақ тілі оқулығы

Музыка кітабы

Интернет ресурстары

Тапсырмалар

Қосымша мәтінмен жұмыс, сөздерді талдау, тест

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Музыка қосып, оқушыларға өз көңіл-күйлерін смайликтер арқылы білдірулерін сұраймын да, өзім де оқушыларға сәттілік тілеймін. Домбыра, қобыз, жетіген суреттерін таратып, оқушыларды

3 топқа бөлемін. Әр топта топ бақылаушысын сайлаймыз. Бағалау парағын таратамын.

Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді. 3 топқа бөлінеді. Оқушылар топ бақылаушысын сайлайды.

ІІ. Кіріспе бөлім

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Жекелеп, топтап оқыту

Асатаяқ, сазсырнай, мен қобызым,

Дауылпазым, жетіген мен сыбызғым.

Домбырамен ән салатын қазақтың,

Сүйемін мен, сыңғырлаған сазды ұнін.

  • Бұл өлеңде не жайлы айтылады?

  • Бұлар қай халықтың аспаптары?

  • Дұрыс айтасыңдар.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ұлттық аспаптар».

Үйге берілген өлеңдерін тексеремін.

1 слайд. Қазақтың ұлттық аспаптары терілген слайдты ашып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлаймын.

Бүгінгі сабақта бірнеше аспаппен таныс болатынын айтып, сөздік жұмысын жүргіземін. Суреттегі аспаптардың атауын жеке-жеке, хормен айтқызамын.

Аспаптарды қаншалақты есте сақтағанын тексеру үшін «Аспаптардың дыбысын ажырат» ойынын ойнау.
Әртүрлі аспаптарда әуендер тыңдатылады.

Оқушылар тыңдап, сұраққа жауап қайтарады.



Үй жұмысы бойынша сөйлейді.

Слайдта берілген аспаптардың атауларын мұғалімнің соңынан қайталайды.

Музыка ырғағын тыңдап, қай аспаптың дыбысы екенін толық сөйлеммен айтады. Аспаптардың атын атайды.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекет

ІІІ. Жаңа сабақ.

Дәптермен жүмыс.

топтық жұмыс

( 10 минут)



Сергіту сәті










ІV. Бекіту

Ертеде аспаптарды ағаштан ойып, түрлі өсімдіктерден, малдың терісі мен сүйегінен, мүйізі мен қылынан жасаған.
- Дәптерді ашып, жазамыз.
Қаңтардың жиырма екісі.
Класс жұмысы.
Ұлттық аспаптар

ДЖИГСО әдісі бойынша мәтінмен жұмыс. 1-топ: Домбыра, 2-топ: Жетіген, 3-топ: Қобыз тақырыбы.

А) мәтінді топ бақылаушысы оқиды, топқа түсіндіреді.

Б) 1-топ: «Домбыра» сөзін тәуелдейді, 2-топ: «Жетіген» сөзін септейді, 3-топ: «Қобыз» сөзіне фонетикалық талдау жасайды.

Оқушылар дайындаған презентациясын тыңдау.

«Қаражорға » биі

Үнтаспа тыңдау

2 слайд.Тақтада берілген сызбаны түсіндіруді тапсырамын.Тек музыкалық аспаптары үш түрінің атауларын ( үрмелі, ұрмалы, ішекті) түсіндіремін.

Әр оқушының жауабын тыңдаймын да, нақтылау сұрақтарын қоямын.

3 слайд.

Берілген қосымша мәліметтерді қаншалықты есте сақтағандарын бақылау үшін оқушыларға сөйлемді аяқтауды тапсырамын. Оқулықпен жұмыс 127 бет

2-тапсырма.

4слайд. Ұлт аспаптардың суреттерін оқушылардың назарына ұсынып, Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің орындауында Құрманғазының «Сарыарқа» күйін күйтаспадан тыңдатамын.

Тест орындатамын.

Музыкалық анаграммаларды шешіп, артық сөзді алып таста.

БЫҚОЗ ҚОБЫЗ
МОДЫРБА ДОМБЫРА
ТЕРРЕШ ШЕРТЕР
ГІТЕНЕЖ ЖЕТІГЕН
АЛБАҒ БАЛҒА

Бір-бірінің жауаптарын тыңдайды, толық сөйлем құрады.

1 оқушы бір аспап туралы әңгімелеп береді.

4 оқушы бірнеше аспапты қатыстырып сұрақ-жауап құрады.

Қалған оқушылар әр аспаптың неден жасалғанын төмен дәрежелі сұрақтарына жауап береді. Дәптерлеріне талдау жасайды.

Оқушылар презентациясын көрсетеді.

«Қаражорға » биін билейді.

Өздеріне белгілі аспаптың қай топқа жататынын ескеріп сөйлем құрып береді.

Бұл аспаптар неге бұл түріне жататынын айтады.

Оқушылар сызбаны толтырады, түсіндіреді.

Алған ақпараттарды қолданып, сөйлемді аяқтайды.

Оркестрдің орындауында Құрманғазының күйін тыңдайды.

Оркестрде қандай аспапты танығанын айтып, сол аспап туралы сабақта берілген мәліметтерді пайдалана отырып, әр оқушы сөйлейді.

Оқушылар тест орындайды.

Музыкалық анаграммаларды шешіп, артық сөзді алып тастайды. (Балға)

V. Үйге тапсырма беру

1деңгей: «Менің сүйікті аспабым» тақырыбында эссе жазу.

2деңгей «Қазақ халқының аспаптары» тақырыбында диалог құру.

3деңгей «Музыкалық аспаптар» тақырыбында сөйлемдер құру.

Тақтада жазылған үй жұмысын күнделіктеріне жазып алады.

VІ.Қорытынды

-Бүгін сабақта біз не білдік?

-Не үйрендік?

-Сабақтан алған әсерлеріңді тақтаға стикерге жазып, жапсырыңдар.

Сұрақтарға жауап береді. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазып, тақтаға жапсырады.

VІІ. Бағалау

Мұғалімнің іс-әрекеті.

-Қай оқушыны ерекше белгілейсіңдер?

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау парағын тапсырады.


© 2010-2022