Дауыссыз дыбыстар Қазақ тілі 5 сынып

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың дауысты дыбыстар туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, дауыссыз дыбыстар, қатаң дауыссыз дыбыс туралы түсінік беру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың дыбыстардың түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру,деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

Жақсы көретін жыл мезгілдеріне байланысты топқа бөлу

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген жаттығу жұмысының орындалуын тексеремін

ІІІ Білім тексеру кезеңі

«Кубизм» әдісі арқылы өткен дауысты дыбыстар бойынша білімдерін тексеру

  1. «Фонетика» сөзі қай тілден енген, ол нені зерттейді?

  2. Дыбыс дегеніміз не, әріп дегеніміз не?

  3. Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу, оларды ата?

  4. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

  5. Жақтың қатысына дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

  6. Дауысты дыбыстар нешеу?

IV Мақсат қою кезеңі

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау

V Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. Олар:б,в,г,ғ,ң,қ,һ,й,ц,к,н,ш, щ, з,х,ф,п,р,л,д,ж,ч,с,м,т.(у). Қазақ тілінде барлығы 25 дауыссыз дыбыс бар.

Үнді: л, м, н, ң, р, й, (у)
Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з,
Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ,

Дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі:

Дауыссыздарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа әйтеуір бір кедергіге ұшырайды.

Дауыссыздарды айтқанда, үн бәсең, солғын болады.

Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.

Дауыссыз дыбыстарды айтқанда дауыс шымылдығы баяу дірілдейді.

Дауыссыз дыбыстарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығысып, салдыр пайда болады. Сонықтан дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе өте аз болады, созып айтуға келмейді.

VІ. Түсінік тексеру

Екі топқа бос парақ беремін, олар өздерінің дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы ойларын сурет арқылы көрсетеді

«Венн диаграммасы»

Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап, салдыр мен үннен пайда болуы.

Дыбыстау мүшелері арқылы жасалады.

Өкпенден шыққан ауаның еш кедерсіз үннен ғана жасалуы.

Дауысты дыбыс. Ортақ қасиеті. Дауыссыз дыбыс.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту

1.Оқулықпен жұмыс

261-жаттығу(ауызша)

* Мәтінді оқып, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратыңдар.

262 -жаттығу

Мына сөздерге көрсетілген жұп дауыссыздардың тиістісін жазыңдар.

П - б: ...айдасыз, ...аласыз, ...алың, са...ар, са...тау, қа...ылда, ла...ылда, са...ақ;
Т - д: ба...пақ, қа...ақ, са...ақ, ...ақ, ...абыс, ...алап, ...әрі, ...аналық;
К - г: ә...е, е...ін, кө...тем, кө...ер, ...үл, ...еремет, тө..., тер...еу;
Қ - ғ: қа...аз, қа...ты, ба...дарлама, ба...ыр, ...асыр, ...арыш, ...асық, қа...;
С - з: а...амат, ба...тыр, сү...бе, сү...істі, ...ағыз, қа...;
Ш - ж: ша...пау, қа...ымас, қа...қын, ...апырақ, ...иен, ... аттық, ...алтылда.

263- жаттығу Жұмбақты шешу, жауабына (кекілік, екілік, тұз, құз) сөздеріне математикалық талдау жасау

1.Перфокартамен жұмыс

Сөйлем

Дауысты дыбыстар саны

Дауыссыз дыбыстар саны

Ашық дауыстылар

Қысаң дауыс

тылар

Жуан дауыс

тылар

Жіңішке дауыс

тылар

Еріндік дауыс

тылар

Езулік дауыс

тылар

Шешесі жалғыз болғандықтан, Айсұлу жылдың басында сырттай оқуға ауысқан еді.



Ауыл ұйқыға кетісімен, уәделі жерге келдім.

(Ж. Сайн)



Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады .(Әуезов)



Кісі неғұрлым көп болса, канал соғұрлым тез бітеді.

(С.Мұқанов)



Қалжыңы, күлкісі араласып, шай өте көңілді ішілді.



VIІІ. Сабақты қорыту

Бағалау

Үйге тапсырма:

1. Дауыссыз дыбыстар туралы түсінік .

2. 264 -жаттығу




Екі топ бір - біріне жаңылдырғыш сұрақтар қояды.
"Жаңылдырсаң да жаңылмаймын" атты ойын ойналады.
I топтың жаңылдырғыш сұрақтары:
2. Сөз құрамында дыбыс көп бола ма, буын көп бола ма?
3. Шалға қарағанда балада не көп?
ІІ топтың жаңылдырғыш сұрақтары:
2. Бота мен қозы ұқсас екен дейді! Олар қалай ұқсас бола алады?
3. Ерінде еріндік бар ма? Езуде езулік нешеу?

Викториналық сұрақтармен жұмыс.
4. Әліпбидегі бірінші әріп пен ең соңғының алдындағы әріптен құралған сөз қай аңның аты? ( Аю ).
Фонетикалық ( дыбыстық ) талдау. Дауысты және дауыссыз дыбыстарға талдау.
1 - карточка.
Ақыл мен қайрат жол табар
Қашқанға да қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
( Абай ).
2 - карточка.
Тоты құс түсті көбелек,
Жаз сайларда гулемек.
Бәйшешек солмақ, күйремек,
Көбелек өлмек, сиремек.
( Абай ).



© 2010-2022