• Преподавателю
  • Другое
  • Оқушылардың мұғалімнің бақылауымен өздерінің білімдерін бағалаған сабақтың аналитикалық – рефлективтік талдауы

Оқушылардың мұғалімнің бақылауымен өздерінің білімдерін бағалаған сабақтың аналитикалық – рефлективтік талдауы

        Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді  қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылады. Білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылатынын ескеру керектігін түсіндім.      Бағалау арқылы қиындықтарды анықтап, оқушылардың, өзімнің, ата-аналардың жетістікке жекендігін көрсететін кері байланысты жақсарттым. Кері байланыс уәж болып табылат...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқушылардың мұғалімнің бақылауымен өздерінің

білімдерін бағалаған сабақтың

аналитикалық - рефлективтік талдауы

Бағалау - одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылады. Білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылатынын ескеру керектігін түсіндім.

Бағалау арқылы қиындықтарды анықтап, оқушылардың, өзімнің, ата-аналардың жетістікке жекендігін көрсететін кері байланысты жақсарттым. Кері байланыс уәж болып табылатынын ескеріп, оқушының білім және дағдыларын бағалау арқылы мінез-құлқы және дамуын болжауға мүмкіндік алдым. Бағалау оқыту және білім беруден кейін болады. Бағалау үшін бақылауды, алынған мәліметтердің интерпретациясын, келесі іс-әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдердің қорытындыларын қолдандым. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтадым. Мұндай қажетті ақпаратты алу үшін ерекше әдісті ойластыру керек деп шештім. Бұл үшін оқушыларға жоғары дәрежелі сұрақтарды пайдаланып, сабақта оқушылардың жауап берулерін бақыладым. Берген жауаптарын оқушылар табыстық өлшемдер арқылы өз-өздерін бағалады. Бағалауда жалғыз бағалаушы өзім болмай, оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылды.Талпынғандар ғана білім алатындарын түсінді. Білім алу үшін оқушылар бағалауды үйреніп,өздерінің оқуларын жақсартуға болатындығына назар аударттым.Оқушылардың мұғалімнің бақылауымен өздерінің білімдерін бағалаған сабақтың аналитикалық – рефлективтік талдауы

Табыстық өлшемдерді әр сабақта талқылап отырдық. Табыстық өлшемдер тіл стратегиялары мен оқушылардың пікірін ескеріле құрастырылды. Оқушылар жазба жұмыстарын дұрыс жауаптар арқылы тексеріп, қателерін түзетуге және неге сол қателерді жібергенін сыни түрғыдан ойлануларына мүмкіншілік алды.Оқушылардың мұғалімнің бақылауымен өздерінің білімдерін бағалаған сабақтың аналитикалық – рефлективтік талдауы

Бірінші сабақта оқушылардың өзара бағалау кезінде екі оқушы Мыңасыл, Асылан жеке бас мәселелеріне байланысты бір-бірін әділ бағаламады. Бұл екі оқушының іс-әрекетін басқа оқушылар да байқап, пікірлерін білдірді. Бұл екі оқушыға әділ бағаның шынайлылығын сыни тұрғыдан ойлануына кеңес бердім. Әрбір тапсырмадан кейін оқушылар табыстық өлшемдер арқылы өзара және өз-өздерін бағалап, сабақ соңында жиынтық баға шығарды. Оқушылардың өзара бағалары өте жоғары болды. Балалар тек Дастан мен Ақеркеге ғана жақсы деген бағаларын берді. Ал өздерін бағалағанда 7 оқушы өзін жақсы деп бағалады. Өзіне төмен баға қойған оқушы болған жоқ. Оқушылар табыстық өлшемдерін қолданса да, бір-бірінің грамматикалық және фонетикалық қателерін ескерген жоқ. Оқушылар барлық тапсырмаларға белсенді қатысып отырды. Жауап бермеген оқушы болған жоқ. Оқушылар сол белсенділіктеріне қарай өздерін жақсы бағалады деп шештім. Бірақ сабақтың соңында оқушыларға жасаған қателері бойынша түсініктемелер бердім. Осы түсіндірме жүйелі түрде өту үшін оқушыға жеке күнделік бастату керек деп шештім.

Келесі сабақтарда оқушылардың табыстық өлшемдерді дұрыс қолдануы бірте өсе бастады. Бір-бірінің қателерін түртіп отыратын болды. Баланы өзіне-өзі баға беруге дағдыландыру үшін, бағалау өлшемдерін әр сабақта талқыланып отырылды. Бағалау кезінде оқушылар өз-өздерін бағалап, өздерінің оқыту үдерісінің қандай кезеңінде екендерін анықтады. Оқушылар қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейғе қалай қалай жету керек екендігін түсінді. Оқушылармен олардың белгілі деңгейге жеткендіктерін талқылаған жоқпын. Себебі бұл үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейтіндігін ескеріп, тек жақсы бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдеріне ғана талдау жасадық. Бұл оқушыға өзінің нәтижесін жақсартудан кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік берді.

Қорытындылай келгенде, бағалау арқылы оқытуды жақсартудың басты факторларын орындадық: оқушылармен тиімді кері байланыс қамтамасыз етілді, өзіндік оқуға белсенді қатысты, бағалау нәтижелерін ескеріп, оқытуды өзгерттік, бағалау оқушылардың өзі-өзі бағалауы мен қызығушылығына ықпал етті, оқушылар өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсінді.

Қолданылған әдебиеттер: «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық»

Таратпа материалдар


© 2010-2022