Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған мақала

АШЫҚ АСПАННЫҢ ЖЕТПІСІНШІ ТАҢЫ   Балтабаева Шынар Амантайқызы Тургаева Боранкүл Асқарқызы «Қостанай қаласы әкімдігінің №1 мектеп-лицейі»ММ   Жеңіс. Бақытты күндер. Осы бақытты күндер қалай келді? Әрине, бұл күндер бізге миллиондаған адамдардың көз жасымен, төгілген қанымен, ауыр күресімен келді. Ол – Ұлы Отан Соғысы. Ол – тарихымыздағы ұлы қасірет, адам баласының жүрегіндегі жан-жарасы. Бұл соғыс кезінде әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанып, Отан-Анасын қорғауға атсалысты. Қаншама қазақста...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

АШЫҚ АСПАННЫҢ ЖЕТПІСІНШІ ТАҢЫ


Балтабаева Шынар Амантайқызы

Тургаева Боранкүл Асқарқызы

«Қостанай қаласы әкімдігінің №1 мектеп-лицейі»ММ


Жеңіс. Бақытты күндер. Осы бақытты күндер қалай келді? Әрине, бұл күндер бізге миллиондаған адамдардың көз жасымен, төгілген қанымен, ауыр күресімен келді. Ол - Ұлы Отан Соғысы. Ол - тарихымыздағы ұлы қасірет, адам баласының жүрегіндегі жан-жарасы. Бұл соғыс кезінде әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанып, Отан-Анасын қорғауға атсалысты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды. Ұзақ төрт жыл, 1418 күн мен түн бойына шайқасып, Германия басқыншыларын 9 мамыр күні жеңді. Көптен күткен «Жеңіс» сөзі әлемге жайылып, тарихымызда мәңгілікке жазылып қалды. Содан бері бір ғұмыр - 70 жыл өтті. Мұны ұмытпаймыз да, ұмытуға қақымыз да жоқ. Өйткені өткенді ұмыту - өшкендіктің белгісі, ал оны еске алу - өскендіктің белгісі.

Осындай жарқын өмірді тарту еткен аталарымыз бен әжелеріміздің ерліктерін мақтан тұтып, оны келешек ұрпақтың естерінде мәңгі қалдыру - әр адам баласының міндеті. Бұл шайқаста тыл жұмыстарын аянбай атқарған жасөспірімдер, әйелдер мен қарттардың, яғни еңбек ардагерлерінің де үлесі зор. Соғыс жаңғырығы жылдан-жылға алыстап барады, бірақ «Тау алыстаған сайын биіктей түседі» демекші, уақыт өткен сайын оларға деген ыстық ықылас пен құрмет, алғыс пен марапат толастамай, керісінше ұлғая беруі керек. Әр таңымыздың бейбітшілікпен атуы, күніміздің сәттілікпен батуы, ұйқымыздың тыныш болуы - осының бәрі - ардагерлеріміздің арқасы.

Осы ардагерлерімізді құрметтеп, олардың Отан үшін жасаған ерліктерін насихаттау, дәріптеу үшін біздің Қостанай қаласындағы №1 мектеп-лицейінің директоры Сәния Сәлімғалиқызы Шәріпова мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ирина Станиславовна Климович бастаған ұжым өз үлесін қосуда. Жыл сайын мектеп қабырғасында жоспар бойынша оқушылардың азаматтық, патриоттық және этнотолеранттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. Бұл біздің оқушыларымызды тәрбиелеу жүйесіндегі басты бағытымыз болып табылады. Бұған дәстүрлі, мемлекеттік, халық мерекелері кіреді. Соның ішінде Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойының біз үшін маңызы зор. Биыл осыған орай «Патриот» атты қалалық айлыққа қатысуды жоспарлап отырмыз. Ал мереке күні мектептің үздік сыныбы Кеңес Одағының екі мәрте батыры Павлов Иван Фомич пен Беда Леонид Ивановичтің ескерткіштеріне салтанатты түрде гүл шоқтарын қояды және Рубинштеин Бертран Иосифович, Брусник Дмитрий Яковлевич, Энна Архип Тимофеевич, Нистеренко Александр Иванович сияқты Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне мерекеге қатысуларына жағдай жасайды. Одан басқа мектепте дәстүрлі түрде өтілетін «Бұл көз жаспен келген мереке» атты фестивалі биыл «Бұл Жеңісті көп ұлтты халық жасаған» ұранымен аталып өтіледі.

Міне, осындай іс-шаралардың арқасында жас буын өткенге көз жүгіртіп, тарихымызды біледі. Онсыз болашаққа бағдар жасау мүмкін емес екенін түсінеді. Соғысты көрмей өскен оқушыларымыз өздерінің бақытты екенін сезінеді, патриоттық сезімдері оянады.

Осы 70 жыл ішінде Тәуелсіз ел болдық, Ата Заңымыз қабылданып, көк Туымыз желбіреді. Президентіміз сайланып, ана тіліміз Мемлекеттік мәртебеге ие болды, қазақ елін әлем таныды. Көптеген жетістіктерге жетіп, биік белестерден көрінуіміздің себепкері болған, күннен күнге азайып бара жатқан соғыс ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне деген құрмет Ұлы Жеңіс күні мерекесі төңірегінде шектеліп қалмау керек. Басқа күндерде де оларды үнемі мақтанышпен еске алып, демеп, оларға көңіл бөліп отыруымыз керек.

Орыс, қазақ, украин, тәжік, өзбек деп бөлінбей, бірліктің арқасында жаудан қорғап қалған жерде тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан біз солар сыйлаған бақытты күндердің, тыныш өмірдің қадірін білуіміз керек.

Қолданылған әдебиеттер:

Аманжол, Қ. Қазақтың текті қыраны // ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН. - 2009.-24 ақпан. - 5б.

Әлімбаев М. Хат: өлеңдер - Алматы : Санат, 2005.

Жеңіс = Победа. - Алматы : Өнер, 2005.

Қарттарын қадірлеген халықпыз // Оңтүстік Қазақстан. - 2008. - 22 наурыз.

Шәріп, А. Ұлы Жеңіс Қазақстан тарихының жарқын беттерінің бірі болып табылады./Айқын. - 2010.-18 ақпан. - 1-2 б.




© 2010-2022