Қалалық фестиваль Қазақстан - менің Отаным

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 60 ЖЫЛ


  1. Вальс,танго (Салтанат, Ержан, Әсет Индира,Әсель,Куркенов)


  1. Азат (голос за кадром)

Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!

Бүгін 22 маусымда сағат таңғы 4-те фашист басқыншылары біздің жерге баса көктеп кірді. Бәріміз Отанымызды жаудан сақтауға көтерілейік.


  1. Сарбаздар соғысқа аттанады. Қыздар шығарып салады.(қолдарын бұлғап)

Ержан: Парыздан мықты күш жоқ

Парыздан берік сауыт жоқ

Парыздан нәзік сезім жоқ.

Ерлан. Парыздан қатал қазы жоқ.

Парыздан қызу құштарлық жоқ

Парыздан асқан қасиет жоқ

Мақсат: Парыздан дана кемеңгер жоқ.

Парыздан ісмер шебер жоқ

Парыздан қатал жаза жоқ.

Бахтияр: Парыздан өткір тіл жоқ

Парыздан ұшқыр тұлпар жоқ

Парыздан сұңғыла пайғамбар жоқ.

Азамат: Пыздан мөлдір тазалық жоқ.

Парыздан биік шың жоқ.

Азат: Парыздан жомарт сыйлық жоқ.

Парыздан нұрлы жарық жоқ

Парыздан түзу соқпақ жоқ.

Қанат: Парыз- жан рухы, жүректердің жүрегі

Парыз- арман мен даңқ шыңы

Парыз - инабаттылық негізі



  1. Көрініс «Ұрыс даласында»

( медбике, сарбаздар)

Ержан. Алға,алға Отан үшін ел үшін

Азат. Атамекен жер үшін

Қанат (жараланған сарбаз) Медбике! Қайдасың? Құтқарыңдар!

Медбике жараланған сарбазды алып кетеді. Сарбаздар (замирают) сол бойында тұрады.

  1. Обелиск. ( Әсет келіп,атасын еске алады, гүл әкеліп қояды)

  2. Боздақтар

Ержан.

Ер есімі, ел есінде.

Сол уақытта ел басына күн түскен жылдары біздің болашағымызды ойлап, Отан үшін жаны пида деп ойланбастан Отанын қорғауға аттанған ата-бабаларымыздың есімі ешқашан да ұмытылмайды.

Рада.

Ұлы Отан соғысындағы жеңіс бізге тіпті де оңайға түскен жоқ. Облысымыз 32 мыңнан аса адамнан айырылды! Бұл боздақтарымызды ел-жұрты ешуақытта ұмытпайды.

Алдарымыздағы «Боздақтар» атты қасиетті де қастерлі кітапта адамзатты фашизмнің өртінен қорғау жолында құрбан болған немесе хабарсыз кеткен жерлестеріміздің есімі алтын әріппен жазылған. Бұл кітап - халқымыздың осынау аяулы ұлдары мен қыздарының есімі мен ерлігін ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп, ұмыттырмай сақтайтын мәңгілік ескерткіш деп білгейсіздер.

7.Әсет «Әке даңқы»

Тағылды төске гүл,

Жас өмір гүлдейді.

Әкесіз өскен ұл

Әке боп үлгерді

Бақыт пен арманның

Жақындап арасы,

Оқ жұлған талдардың

Жазылды жарасы.

8. Вокал «Әке даңқы» 4-9 сынып оқушылары, сүймелдеуші Резунова Т.И. (Барлығы шығып бас иеді.)

© 2010-2022