Открытый урок для начальных классов

Раздел Другое
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Открытый урок для начальных классовОткрытый урок для начальных классовОткрытый урок для начальных классовОткрытый урок для начальных классовОткрытый урок для начальных классовОткрытый урок для начальных классовҚызылорда облысы

Шиелі ауданы . «Бидайкөл» ауылы

№148 қазақ орта мектебінің бастауыш пән мұғалімі Базарбек Тұрсынай

Пәні: Қазақ тілі(факультатив)

Сыныбы: 2 «В»

Сабақтың тақырыбы: Мәтін және оның түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:оқушыларға мәтіннің түрлері туралы түсіндіру,білімділікке,тапқырлыққа баулу ;

Дамытушылық:ақыл-ойын,логикалық жаттығулар жүргізу.Сөздік қорын,ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік:Сауаттылыққа,көркем жазуға,ұстамдылыққа,жылдам ойлауға,әдемі сөйлеуге,ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі:дамыта оқу техналогиясы

Сабақтың тәсілі:сұрақ-жауап,әңгімелеу,ойын,тірек сызба,жаттығулар

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,дидактикалық материал

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Дөңгеленіп тұрамыз,

Керегені құрамыз.

Уық болып иіліп,

Киіз үйді құрамыз.

2.Топқа бөлу(Күзгі жапырақтарды жинау ойыны)

3.Өткен тақырыпты пысықтау

Дауысты дыбыстың қандай түрлері бар?

Дауыссыз дыбыстың қандай түрлері бар?

4.«Кім тапқыр?» ойыны

Төңкеріліп тұрған әріптерді тастап, оқысаң бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.

1.Мәтін дегеніміз не?

Мәтін мағына жағына байланысты екі не одан да көп сөйлемнен тұрады.Мәтінге ат қоюға болады.

2.Мәтіннің қандай түрлері бар?

Мәтіннің түрлеріне әнгімелеу,сипаттау,пайымдау жатады

3.Мәтіннің бөлімдерін ата?

Мәтіннің басы,негізгі бөлімі,соңы болады.


4.Мәтіннің үш түріне жеке тоқтал

1.Әңгімелеу мәтіні қандайда бір оқиғаны баяндап,не істеді?Сұрағына жауап береді

2.Сипаттау мәтіні бір нәрсені,затты сипаттайды және қандай?Сұрағына жауап береді

3.Пайымдау мәтіні белгілі бір пікірді түсіндіреді,дәлелдейді және не үшін?Сұрағына жауап береді

5.Жаңа сабақ

1-жаттығу.Интерактивті тақтада берілген мәтіннің түрлерін ажырату.

1.Топ.Алматы қаласының суретін көрсету.Бұл қай қала?

Мәтінді оқыту.

Алматы Іле Алатауының етегінде орналасқан Қазақстанныңірі қаласы.Ұзақ уақыт бойы көптеген деректемелерге қаланың атауы «Алманың атасы» деп аударылады.

Неге олай ойлайсың?Түсіндір.(Әнгімелеу)

2.Топ.Күз белгісін ең алғаш аққайың сезеді.Өйткені,басқа ағаштардан гөрі оның жапырағы бұрын сарғаяды.

Неге олай ойлайсың?Түсіндір(Пайымдау)

3.Топ.Арпа бір жылдық шөп тектес өсімдік.Ол астық тұқымдастарға жатады.Оның сабағы түп-түзу,жіңішке.Масағы төрт немесе алты қырлы.

Неге олай ойлайсың?Түсіндір(Сипаттау)

2-жаттығу.(ауызша)

Мәтінді оқы.Оған ат қой.Мәтіннің қай түріне жатады?

Сергіту сәті.

Аппақ болып таң атты,

Түтін тік боп шығады.

Қарлығаштар қанатын,

Самғап биік ұшады.

Қоюланып қара бұлт,

Төкті жаңбыр себелеп.

Жапырақты жамылып,

Бұға қалды көбелек.

3-жаттығу.Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрастыру.

Шөп сарғайды.Біз жылы киімімізді кидік.Күн суыта бастады.Күзкелді.Құстар жылы жаққа ұшып кетті.Ағаштың жапырағы түсті.

Жұмбақ ойын.«Бұл қай құс?»

1.Топ.Бұл өте сүйкімді,бауыры ақ,пайдалы.Бір жылда миллион құрт жейді.Ұясын адамға жақын жерге салады.Бұл құсты адамның досы деп те атайды.Ендеше,бұл қай құс?(қарлығаш)

2.Топ.Бұл құстың тұмсығы ұзын,ағаш діңінде отырып,тұмсығын дінге тоқ-тоқ соғады.Ағаш қабығындағы құрт,көбелектерді тазалайды.Бұл құсты емші құс деп те атайды.Бұл қай құс?(Тоқылдақ)

3.Топ.Өте пайдалы,өте сақ құс.Маңына ешкімді жуытпайды.Бұл құстың ұшуыда ерекше,ол ауада ұшпай бейне бір таңғажайып мұхитта жүзіп «сүнгіп»жүргендей әсер қалдырады.«Құсты ұшқанына қарай біл» деген мақал тура осы құсқа айтылғандай.

Ендеше,бұл қай құс?(сауысқан)

Сабақты бекіту: Тірек сызба арқылы оқушылардың түсініктерін тиянақтау

Сұрақ-жауап әдісімен қорытынды жасау.

Әңгімелеу

Басы

Мәтін түрлері

Бөліктерге бөлінеді

Сипаттау

Негізгі

бөлім

Пайымдау

Соңы


Сабақта белсенді қатысқан оқушыларды бағалау,мадақтау.

© 2010-2022