КОУЧИНГ МƏҢГІЛІК ЕЛДІҢ ҰЛЫ АБАЙЫ ТАҚЫРЫБЫНДА АУДАНДЫҚ СЕМИНАР

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"Бекітемін"

Мектеп директоры:

___________К.Жантуреева

«Мәңгілік елдің - Ұлы Абайы» тақырыбы бойынша

Бекахметова Мадина Султанахметовнаның коучинг жоспары


Мерзімі

24.12.2015 жыл.

Сабақтың аты:

Мәңгілік елдің - Ұлы Абайы

Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық, cpm.kz, Абай Құнанбаев өмір деректері, кітаптар, әдебиеттер

Жалпы мақсаты

Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармалары мен келер ұрпағына қалдырған асыл мұрасын таныстыру. Абай сөздерінің тәрбиелік мәнін әріптестер жүрегіне жеткізу, тәрбие жұмыстары барысында қолдануға бағыт-бағдар ұсыну.

Оқыту нәтижесі

Абай Құнанбайұлы жайлы негізгі мәліметтермен таныс болады. Абай шығармаларының тәрбиелік менін талдап, өз тәжірибелерінде қолдануға бағыт алады.

Түйінді идеялар

  • Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.

  • Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

  • «Адам болам десеңіз...
    Бес нәрседен қашық бол...,
    Бес нәрсеге асық бол,»

Ресурстар

Үлестірме материалдар 2-апта, 2-күн, 3-күн. Нұсқаулықтар, тапсырмалар, үлестірме материалдар, кестелер

Уақыт

Тапсырмалар

60 мин

Коуч әрекеті

Тыңдаушылар әрекеті

Ұйымдастыру

5 минут

Сәлемдесу, коучинг мақсатымен әріптестерді таныстыру. Топқа бөлу. Мінезді анықтау тестін ұсынамын. Тест нәтижесінде анықталған мінездері бойынша топталуды ұйымдастырамын. Жағымдық көңіл күй қалыптастыру мақсатында "Таныс, бірік, қолда" әдісін қолданамын. Әріптестер шеңбер жасап тұрып, өздерін таныстырады, кезектеді әріптес есімге сын есім жалғап, әріптеск қолдау көрсетеді.

Мінезді анықтау тест жүргізеді. Топтаудың үлгілері бойынша топқа бөлінеді. Жағымдық көңіл-күйді қалыптасады, бір-бірімен танысады

Білу

4 минут


"Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады" Абай .

Абай Құнанбайұлы жайлы топтарда зерттеушілік әңгіме ұйымдастыру. Абай кім? деген сұраққа жауап алынады

Әріптестер берілген тақырып бойынша зерттеушілік әңгіме жүргізеді. Абай Құнанбайұлы туралы білімдері ортаға салады

Түсіну

10 минут

Абай Құнанбайұлының шығармалары мен қара сөздерін өмірмен байланыстыруды ұсынамын. Компьютерді пайдаланып қосымша ақпараттар алуды ұйымдастырамын. Дайындалған қапшықта Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармалары, аудармалары, қара сөздері, бейнежазбалар мен әндері сақталған. Постер арқылы қорғауын ұйымдастырамын

Әріптестер алған ақпараттарымен бөліседі. Әріптестік қолдау жүргізеді. Түсініп білгендерін постер арқылы қорғайды

Қолдану

15 минут

Абай Құнанбайұлының он жетінші қара сөзін тыңдауды ұйымдастырамын. Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы әрі бейнежазба негізінде ақылдың алты қалпағына арналған топтық тапсырма беремін

Сыни тұргыда ойлау құралы ақылдың алты қалпағына арналған топтық тапсырманы орындайды.

Сергіту сәті

3 минут

Абай Құнанбайұлының "Көзімнің қарасы" әнін орындауды ұйымдастыру. Бейнежазба қоюмын

Абай Құнанбайұлының "Көзімнің қарасы" әнін орындайды

Талдау

5 минут

Абай Құнанбайұлының өмір сатысы кестесін жасауды ұсынамын.

Салыстыру кестелері мен өмір белестері кестелерін жасап, таныстырады.

Жинақтау

5 минут

Сабақ туралы пікірлерін жинақтауды ұсынамын.

Артықшылығы

Шектеулер

Абай өмірі

Қазіргі кезде

Сабақ туралы пікірлерін жинақтап.

Салыстыру және жинақтау кестесін толтырады

Бағалау

10 минут

"Төрт балауыз шам" бейнежазбасын көрсетемін. Әр топтың алдына балауыз шам жағамын. Балауыз шамның жану үдерісін бақылай отырып

Абай мұрасы- қазақ халқының қазынасы. Замандар ауысар, біреулер келер, біреулер кетер бұл өмірге, бірақ қазақ халқы, тіпті бүкіл әлем үшін Абай есімі мәңгілік.

Елбасымыз Абай туралы былай деген екен:

«.....Менің балаларыма, ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс»

Болашақ ұрпаққа елбасы сөзін жеткізуші, орындалуын іске асырушы, сенімді ақтаушы біз ұстаздармыз. "Елбасына хат" тақырыбында эссе жазуды ұйымдастырамын.

"Екі жұлдыз, бір тілек" әдісі бойынша топтық бағалау жүргізуді ұйымдастырамын

Бейнежазбаны бақылайды. "Елбасына хат" тақырыбында эссе жазады.

"Екі жұлдыз, бір тілек" әдісі бойынша топтық бағалау жүргізеді

Коуч жазбасы: Абай "Он тоғызыншы сөзінде": «Адам ата-анадан туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады... Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, соңда іске жарайды, сонда адам десе болады,»

Абайдың пікірінше, адам болу үшін оның бойынан үш түрлі фактор табылуы тиіс. Біріншіден, баланың шыққан тегі жаксы болуы керек, екіншіден, оның әлеуметтік жағдайы немесе қоршаған ортасы жағымды болуы шарт, ушіншіден, балаға адамгершілік тұрғысында тәрбие берілуі қажет.

Мен көп нәрсені білмейтінімді білемін, алайда басқалар мұны да білмейді. Сократ

Қорытынды

3 минут

Қорытынды. Кері байланыс жасау үшін стикерлер ұсынамын. Парасатты болып туған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы!

Кері байланыс парақтарын толтырады.


Бекахметова М.С №4 Абай ЖОМ МГ математика және информатика пәні мұғалімі

© 2010-2022