Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары тақырыбы Күшейтпелі шырай (6 сынып)

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 7 Пәні: Қазақ тілі. Қысқа мерзімді жоспар.

Пән мұғалімі: Тоғысбекова Д.Б

Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі. Питер Клайн.

1-сабақ

Қазақ тілі

7-сынып

Сабақ тақырыбы:

Күшейтпелі шырай

Жалпы мақсат:

Күшейтпелі шырай туралы түсінік беру, оның ерекшеліктерін таныту, АКТ-ны тиімді пайдалану

Сілтеме:

Әдістемелік құралдар, Қазақ тілі. 7 сынып.

Оқу нәтижесі:

Сын есімнің шырайлары туралы біледі, ерекшеліктерін, жасалу жолдарын ажыратады, нақты мысалдар келтіре алады.

Негізгі идеялар:

Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру;
Мысалдар құру арқылы өз ойларын ашық айта біледі.сыни ойлауға бағыттау.

Сабақта қолданылатын материалдар:

интерактивтік тақта, кеспе карточкалар.

Оқыту әдістері:

Диалогтық оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу

СТО: топтастыру, салыстыру

АКТ: Презентацияны демонстрациялау

Талантты және дарынды балаларды оқыту: деңгейлік тапсырмалар

Оқытудың түрлері

жұптық, топтық, өзіндік жұмыстар арқылы өткізу

Дерек көздері:

7- сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы,

Тапсырмалар:

Жаттығу жұмысы, жұптық жұмыс сөз тіркесін табу.

Сабақтың тақыры



Күшейтпелі шырай

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. Топқа бөлу.

Психологиялық дайындық /көңіл күйлерін анықтау / топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1.Сын есім қалай түрленеді?

2. Сын есімнің шырайы дегеніміз не?

3.Шырай нешеге бөлінеді?

4. Салыстырмалы шырай қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

Өткенді қорытындылауға арналған ауызша сұрақтар.Семантикалық картаны толтыру.

Ережелерді айту. Әр топ өткен ережені толық талдауда қолдана алатынын көрсету, салыстыру.

ІІІ. Жаңа сабақ

Жаңа тақырыпқа байланысты ортақ сұрақ.
а) Сөз таптары қазақ тілінің қай бөліміне жатады?
ә) Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің өте артық не өте кем екендігін көрсететін шырай түрі күшейтпелі шырай деп аталады Мысалы: үп-үлкен, тым үлкен

  1. Күшейтпелі шырай сапалық сын есімдердің алдына күшейткіш буындардың үстелуі арқылы жасалады. Мысалы: биік-біп-биік,ұзын-ұп-ұзын.

  2. Күшейтпелі шырай сапалық негізгі сын есімдерге өте,тым, аса, ең, тіпті, нағыз, нақ, шымқай, орасан,кілең күшейткіш үстеулердің тіркесуі арқылы жасалады.

Шығармашылық жұмыс

Ой қозғау: Сын есім туралы не білеміз?
Топпен жұмыс: 1-топ. Берілген күшейтпелі шырайды қатыстырып,сөз тіркесін құрап жазады.

Өте ауыр,ең тамаша, тым әлсіз, тіпті қысқа, сап-сары, қап-қатты, орасан зор, ап-аласа, әп-әдемі, кіп-кішкентай.

. 2-топ: Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңдар..

Түп-түзу қайыңдар. Кең-кең көшелер. Біп-биік үйлер. Өте ұзын көше. Тым ыстық күн. Тұп-тұщы су. Мөп-мөлдір бұлақ.Өте таза жер.

Постер жасау және қорғау

IV.Қорытындылау

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Сын есім қалай түрленеді?

2. Сын есімнің шырайы дегеніміз не?

3.Шырай нешеге бөлінеді?

4. Салыстырмалы шырай қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

5. Күшейтпелі шырай қалай жасалады?

Күшейтпелі шырай формасының көркем шығармадағы алатын орнын мысалдар арқылы дәлелде

V. Үйге тапсырмасын беру

Үйге тапсырма: Оқулық. ---жаттығу.

Шығармашылық тапсырма:

Күшейтпелі шырай қатысқан өлең жолдарын жазу

VI. Бағалау

Формативті бағалауЕкі жұлдыз бір тілек арқылы

VII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлерін корсету тапсырылады


© 2010-2022