Дос және достық ашық тәрбие сағаты 6класс

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты : 6 а класс 24.01.2015ж.

Сабақтың тақырыбы: Дос және достық

Тамды орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қайрғалиева Сұлу Жақсылыққызы.
Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым - қатынасын нығайту.
2. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.
3. Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір - біріне деген достық сезімдерін нығайту.
Көрнекілік: қалам, А4 беті, ватман, түрлі-түсті маркер, сазды әуендер

Ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал - мәтелдер, газет - журналдардан үзінділер,интерактивті тақта.

Өткізу әдісі: дөңгелек үстел

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіндерме, құрметті оқушылар! Сендерді «Қуаныш шеңберін» құруға шақырамын. Шеңбер бойымен ең алдымен әр қатысушы өзіне сай, бір жақсы әдемі сөз айтады, мыс: ( әдемі, суйікті, нәзік т.с.с)

Жақсы көңілмен сабағымызды бастайық.

Бүгінгі тәрбие сабағымызда 2 топқа бөлініп жұмыс жасайымыз
1 топ «Сыйластық»
2 топ «Достық»
2.Кіріспе сөз. . Мұғалімнің кіріспе сөзі, достық туралы әңгіме.

Құрметті оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: « Дос және достық» деп аталады.

Жалпы дос дегеніміз не, қалай дос болу керек екені бәрімізге белгілі , бірақ та кейбі-реулер , шындығында дос деген сөздің мәніне жетпейді!
Достық- адамдарды бір-біріне бауырмал, жақын ететін, кіршіксіз, таза, ізгілікті қарым-қатынас. Бір-бірлерінің көзқарастары мен ой-ниеті үйлескен, мінездері сыйымды адамдар ғана дос бола алады. Адам досына ғана өз сырын айта алады, шынын жасырмайды. Дос болу дегеніміз-керек кезде қол ұшын беру, сыйлау, қадірлеу. Өзінің жан досы бар адам бақытты.

М.Мақатаевтың «Дос» туралы өлеңінің бір шумағын сендерге оқып беруге рұқсат етіндер:

Досым саған сенемін, сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен
Достық деген - адамның көрігі екен
Достық деген - ақылдың серігі екен .

Құрметті оқушылар! Осындай құрмет тұтар,адал, шын жанашыр достарың көп болсын, достарыңды құрметтеп, олармен әрқашан тату болыңдар!

«Жүректен жүрекке» Оқушыларды шеңберге тұрғызып, қол ұстастырып тобының орындауындағы «Абзал достар» әнін бірге орындап, сабақты бастаймыз.
II.Ән тыңдау «Абзал достар»
1. Бір ауылдан түлеп ұшқан жастар едік
Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік
Бәрімізде жазылмаған дастан едік
Армандастар құрдастар
Қ - сы
Бір ауылдың мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз бір өмір жолын бастап едік
Амандастар қайда абзал достар қайда
Замандастар қарлығаштар қайда екен
2. арман қуған қиял қуған кезің қайда
Құрбы - қыздар мөлдіреген көзің қайда
Сол алғашқы алаулаған сезім қайда
Армандастар құрдастар

Дос туралы ойлар өте көп. Достық жайлы айтпаған ұлы адамдар жоқ десе де болады. Мысалы: ұлы ғұлама ғалым Аристотель «Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашанда барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос - жарансыз өмірді қаламақ емес» деп айтса,
«Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» деп Мұхтар Әуезов те достық туралы өз ойын айтып кеткен.

Достық- адамдардың бір- бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп,

тілектес, мұраттас болуы.

Ерте заманның ойшылы және асқан шешен Цицерон: «Достық өз бойына қаншама сан

алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды; ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады» - дейді.

Достық- адамның, өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы, қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес.

Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет. Ф.Франклин айтқандай, досты асықпай таңдау қажет.

Достықтың негізі- достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы, бірлігі.

Қане кім дос туралы өлең, не қара сөз біледі?

ІІІ.Пікір талас . Тақырыпты ашу сұрақтары.
1. Дос деген кім?
Сыр бөлісетін адам
Мені өте жақсы түсінетін адам
Көмекке әрдайым дайын адам
Қандай жағдай болмасын болмасын бірге болатын адам Сенімді адам
2. Достық дегенді қалай түсінеміз не?(Жауапты сурет арқылы бер. Әр бір оқушы өзі салған сурет бойынша түсіндіреді)
1 - жауап: Адамдар арасындағы байланыс 2 - жауап: Достықты шеңберге теңедім
3 - жауап: Жүрек 4 - жауап: Гүл
3.Достар қандай болу керек?

4. «100 теңгең болғанша, 100 досың болсын» деген мақалды қалай түсінесің?
5. Достық жасқа байланысты ма?

6. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?
7. Неліктен өмірде жақсы достар қажет?

8. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?

IY. Мұғалім: Қане кім дос туралы өлең, не қара сөз біледі?

Балалар достық туралы қандай өлеңдер біллесіңдер?
Балалар, кім достық туралы нақыл сөздер біледі?
Y. Дос қандай болу керек?
Олай болса балалар «ДОС» күншуағын құрастырайық.
Қағазға «дос»күншуағын сөзін жазу
Адал ,жомарт, адамгершілігі ,мол, қарапайым, мейірімді ,Дос кешірімді ,төзімді ,ақылды ,сабырлы ,салмақты ,кек сақтамау, ашықтық, бүкпесіздік

YI.Сергіту сәті:
Ал балар бүгін дос және достық туралы көп мәліметтер біледі екенсіздер, Ендеше достарымызға арналаған «Досымның жүрегі» деп аталатын ойын ойнайық.
Кеудеге тағылған жүрекке бір - бірінің жақсы қасиеттерін жазу. Бәрі жазып болған соң оқу.
VII. Жағдаяттан шығу.
«Достық» және «Сыйластық» топтары
1. Сенің ең жақын досың өзінен кіші баланың ұялы телефонын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?
2. Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?

YІ. Мақалды жалғастыр
1. «Кемшіліксіз.... іздеген адам.... қалады».
2. «Дұшпан.... айтады, дос.... айтады».
3. «Жаңылмайтын... жоқ, сүрінбейтін тұяқ.......».
4. «.... жаңасы жақсы,... көнесі жақсы.».
5. «.......... ақшаң болғанша, көп досың...».
6. «Досы көппен....,
Досы жоқпен...».
7. «Досы..., өзі де жақсы».
8. «.... басқа қарайды,
... аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз.... ақылды дұшпан....».
10. « Досың мың....,
... біреу болса да көп».
11. «... адам тамыры жоқ... тең»
12. «... дос болсаң,
Сасқанда ақылың айтар.
... дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар».
Жауаптары
1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».
2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».
4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».
6. «Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас».
7. «Досы жақсының - өзі де жақсы».
8. «Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».
10. «Досың мың болса да - аз,
Дұшпаның біреу болса да - көп».
11. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»
12. «Білімдімен дос болсаң,
Сасқанда ақылың айтар.
Білімсізбен дос болсаң,
Топ ішінде бетіңді қайтарар».
Қорытынды
Мұғалім сөзі: Сонымен балалар енді мен сіздерге мынадай достық ережесін ұсынғым келеді. Осы ережелерді есімізде сақтайық.
«Достық» ережесі.
• Қиын кездерде бір - біріне көмек көрсетіңдер.
• Досыңды алдамай, оған адал бол.
• Досыңды қорлама.
• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
• Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
• Досыңның кемшілігін кешіре біл.
Мұғалім сөзі: Ал ендеше балалар достық адамдар арасында ғана емес ұлттар арасында, мемлекеттер арасында да достық болады. Біз Қазақстан дүние жүзі елдерімен достық қарым - қатынас орнатудамыз.
Рефлекция: - Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Гүлге жапырақтар арқылы тілек жазу
Олай болса балалар бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді, ата - анларыңа, Отанға деген , досқа деген жүрек жарды тілектеріңді жапырақтарға жазып гүлді безендірейік.
Сонымен балалар бүгінгі сабақ өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Бүгінгі сабақта дос жайлы, достық жайлы пікірлер мен ойларыңды ортаға салдыңдар. Келген қонақтарға да, сендерге де көп рахмет! Тәуелсіздік таңы арайлап атып, егемендігіміз еңселі бола берсін дей келе бүгінгі сабағымызды «Достар »әнімен аяқтайық.
Достар әні
1. Бірге тойлап, бірге өткізген,
Жалындаған жас шағым
Талай қызық күнді өткізген,
Қайдасыңдар достарым
Қайырмасы:
Достар, достар жүрсің қайда,
Бірге еді ғой жанымыз.
Еске алысып осындайда,
Кел, шырқайық бәріміз
2. Жүрсек дағы қиыр шетте
Досты ұмытқым келмейді
Достық жалын бар жүректер
Суымайды, сөнбейді
Қорыта келе бүгінгі алған әсерлеріңді бір ауыз сөзбен түйіндеп өтеміз.
XII. Назарларыңызға рахмет!Оқушыларды мадақтау сәті: Бүгінгі өз білімдеріңмен сабаққа белсене қатысып өз ойларыңды білдіргендеріңе алғысымды білдіре отырып, сіздерге Тамды орта мектебінің атынан әр топқа «Достығымыз нығайа берсін!» деп «достық» сертификатын ұсынғым келеді.




Тамды орта мектебі






Ашық тәрбие сағаты


" Дос және достық"

Тақырыбы:


6"а" класы

Орындаған: Қайрғалиева С.Ж.




2014-2015 оқу жылы


© 2010-2022