Сайыс сабақ Үздік экономист

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сайыс сабақ Үздік экономист

«ҮЗДІК ЭКОНОМИСТ» сайысы


  • Сайыстың мақсаты:

Оқушылардың экономикалық білімдерін жетілдіру, экономикалық білім әр адамның ісіне керек екенін ұғындыру, оқушылардың экономика пәніне қызығушылығын, ой-өрісін және танымдық қабілеттерін дамыту, экономикалық білімдерін дамыта отырып, іскерлік ортада өмір сүруде, қызмет етуде пайдалануына жағдай жасау, оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе білу жәнеөткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру, бір-бірін құрметтеп сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу адамгершілік тәрбиені сіңіру

  • Сайыстың жүру барысы:

1.Ұйымдастыру

2. Мәлімет беру. Қазақстан экономистерінің көш бастаушысы академик Сақтаған Бәйішев

Сақтаған Бәйішов


Бәйішев Сақтаған Бәйішұлы (1.10.1909, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ақжар ауылы - 18.6.1982, Алматы) - қоғам қайраткері, ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор (1962), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1956), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961). Марксизм - ленинизм институтын бітірген (Алматы, 1937). Қазақ марксизм - ленинизм ғылыми зерттеу институтының директоры (1937 - 38), "Социалистік Қазақстан" ("Егемен Қазақстан") газетінің жауапты редакторы (1938 - 41) қызметтерін атқарды, осылармен бір мезгілде Алматы жоғары оқу орындарында дәріс оқыды. Ұлы Отан соғысына басынан аяғына дейін қатысқан (100-атқыштар бригадасының, 364-атқыштар дивизиясының саяси бөлім бастығы, Кеңес Армиясы Саяси бас басқармасы аппаратында жауапты қызметкер болды). 1946 - 56 жылдары Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институтының директоры, 1956 - 68 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының вице - президенті қызметімен қатар Экономика институтының директоры (1963 - 67), 1968 - 82 жылдары осы институттың бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. Осы жылдары ол елімізде ғылыми кадрлар даярлау, жаңа ғылым салаларын қалыптастыру ісіне елеулі үлес қосты. Қазақстандағы социал - демократиялық қозғалыстың тарихын жазу, марксизм - ленинизм классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, басып шығару жөнінде үлкен ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізді. Оның ұсынысы бойынша Партия тарихы институтында арнаулы аударма секторы құрылды. Мұнда көптеген әлеуметтік - экономикалық ұғымдардың қазақ тіліндегі баламалары тұңғыш рет тілдік айналымға енгізіліп, әлеуметтік - экономикалық әдебиетті ғылыми тұрғыда аударудың негізі қаланды. Бәйішевтің ғылыми еңбектері Қазақстандағы қоғамдық ұйымдардың тарихын, республика экономикасының даму кезеңдері мен саяси экономика мәселелерін зерттеуге арналған. Ғалым 300-ден аса ғылыми мақала, 7 монография жариялады. Бұл еңбектер сол кезеңмен үндес, республиканың әлеуметтік - экономикалық жағынан дамуындағы шұғыл қажеттіліктер талабына сай келді. Бәйішев Қазақстанның өндіргіш күштерін орналастыру, республика еңбек ресурстарын саралау және оларды қоғамдық өндіріс мақсатына тиімді пайдалану, республикада экономика ғылымын дамытудың ірі де келешегі мол бағыттарын тұжырымдаудың көш басында болды. Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты (1968). КСРО орден, медальдерімен марапатталған.

3.Сайысқа қатысушыларды шақыру

1. Бекзатхан Аслан

2. Өтепбергенова Гүлнара

3. Сейіт Нұрлыбек

4. Наурызбаева Айгүл

5. Жазықбай Толғанай

6. Битай Мөлдір

7. Тұрар Наргиз

8.Мұстафаев Нұржан

4. Сайыстың шарттары:

  1. Іріктеу

  2. Шынығу

  3. Сен білесің бе?

  4. Адасқан сөздер

  5. Тосын жағдай

  6. Сөз шебері

5. Сайысымызға қазылық жасайтын қазылар алқасын тағайындайық.

1. Әзімқұлова Алтынай - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

2. Еркебаева Мөлдір - бөлім меңгерушісі, «Математика, информатика

және техникалық» пәндер бірлестігінің оқытушысы

3. Ниетбаева Айкерім - бөлім меңгерушісі, «Құқық және қоғамтану»

пәндер бірлестігінің оқытушысы

4. Асқарова Айна - «Тілдер» пән бірлестігінің жетекшісі

5. Избасова Айгерім - «Экономика» пәндер бірлестігінің оқытушысы

6. Ойынымызды бастаймыз.

1-кезең «Іріктеу» кезеңі. Бұл кезеңде сайыскерлер тест сұрақтарына жауап беру қажет, әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Ойыншыларға тесттік тапсырмалар беріледі. Тест 15 сұрақтан тұрады, 10 минут уақыт беріледі.


Тест


  1. Адамның табиғатпен өзара іс - әрекеті олардың саналы мақсатты қызметін не деп атайды?

а) еңбек құралы; в) қоғамдық өндіріс;

б) еңбек процесі; г) қоғамдық процестер;

  1. Өзінің жеке қажеттілігін қанағаттандыруға сатып алушының беретін субьективті бағасы-

а) қажеттілік; в) пайдалылық;

б) баға; г) тиімділік;


  1. Тауар дегеніміз?

а) айырбас құралы; в) сату мен айырбастау үшін жасалған

еңбек өнімділігі

б) табиғи жағдайларға байланысты; г) қоғамдық процестер;

  1. Ақша дегеніміз не?

а) сату мен айырбастау үшін жасалған еңбек өнімділігі

б) қаражаттарды тікелей өндіріске құрал - жабдықтарды сатып алу және

әлеуметтік, өндірістік сипаттағы обьектілерді салу;

в) жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар ;

г) дұрыс жауабы жоқ;

  1. Мемлекеттік кіріс пен шығыс жоспары -

а) салық; в) бюджет;

б) несие; г) слоган;

6. Кәсіпкерлік - бұл

а) кез - келген бизнес;

б) өндіріс факторларын өзара қосатын және жаңашылдық пен тәуелсіздікті

қажет ететін қызметтің түрі;

в) жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар ;

г) меншіктен ажыратылмайтын қызмет түрі;

7. Фирма мақсаттарының қайсысы ең маңыздысы

а) өнім сапасын көтеру

б) сатуды арттыру

в) пайда табу ;

г) дұрыс жауабы жоқ;

8. Кәсіпорын қызметінің негізгі өндіріс факторлары

а) жер, су, климат факторлары;

б) аралас, қоғамдық, өндірістік;

в) жер, капитал, жұмыс күші, кәсіпкерлік;

г) салалық, өндірістік, коммерциялық;

  1. Кез келген экономикалық жүйеге тән негізгі мәселелер жауаптың қай нұсқасына енгізілген?

а) не тұтынылады, қалай өндіріледі, кім өндіреді

б) не өндіріледі, қалай өндіріледі, кім тұтынады

в) не тұтынылады, қалай тұтынылады, кім тұтынады

г) не өндіріледі, қалай тұтынылады, кім өндіреді

10. Экономикалық проблемалар ішінара нарықтық тетік көмегімен, ішінара мемлекеттік араласу негізінде шешілгенде, ондай экономика қандай болады:

а) дәстүрлі б) әміршіл

в) нарықтық г) аралас

11. Адамның қажетін өтейтін және сату үшін жасап шығрылған зат, еңбек өнімі

а) қажеттілік б) қызмет көрсету

в) тауар г) таңдау қажеттілігі

12. Сұраныс заңына сәйкес тауар бағасы қымбаттаған кезде

а) сол тауарға сұраныс шамасы төмендейді

б) сол тауарға сұраныс шамасы көбейеді

в) сұраныс қисығы оңға жылжиды

г) сұраныс қисығы солға жылжиды

13. Егер А тауарының нарығында сұраныс шамасы 25 тонна, ал ұсыныс шамасы 18 тонна болса, демек нарықта:

а) артылып қалу және сату көлемі 18 тоннаға тең

б) тепе - теңдік және сату көлемі 7 тоннаға тең

в) тапшылық және сату көлемі 18 тоннаға тең

г) тапшылық сату көлемі 25 тонна болғанда

14. Төменде аталған сипаттамалардың қайсысы әкімшіл - әміршіл жүйеге кірмейді

а) бір орталықтан жоспарлау б) мемлекеттің тауар мен қызметке баға белгілеуі

в) жеке кәсіпкерлік еркіндігі г) жеке меншікті жою

15. Ағзаның, кісінің, әлеуметтік топтың өмір сүруіне қажет бір нәрсенің жетпеуі, оған деген мұқтаждықты сезіну

а) қажеттілік б) қызмет көрсету

в) тауар г) таңдау қажеттілігі

2- кезең «Шынығу» кезеңі. Әр сұрақ бойынша жасырын сөздерді табу. Ойыншыларымызға 5 минут уақыт беріледі


  • Лтапиак - тұтыну заттарының көлеміне қарай шектелген ақша қаражаты.

  • Роынірсәк - белгілі бір өнім өндіретін немесе жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін заңды тұлға.

  • Нцокнер - қатысу жүйесі, мүдде ортақтығы туралы шарттар, қатысу үлесі, патенттік - лицензиялық келісімдер, қаржыландыруға, өндірістік ынтымақтастық негізінде өзара тығыз байланыспен дербес кәсіпорындар бірлестігі.

  • Ықазр - жеке, заңды тұлғалар мен мемлекеттің қайтарым негізінде және белгілі бір мерзімге ақшалай қаражат алуы.

  • Тапнте - арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомаларының бюджетке төленгенін растайтын құжат.

  • Адиснтик - өндірушілердің өнімді біртұтас сауда кеңсесі арқылы бірігіп сату жолымен бәсекені болдырмау және монополиялық бірігу нысаны.

Дұрыс жауаптары:

  • Лтапиак - капитал

  • Роынірсәк - кәсіпорын

  • Нцокнер - концерн

  • Ықазр - қарыз

  • Тапнте - патент

  • Адиснтик - синдикат

3 кезең «Сен білесің бе?» деп аталады. Бұл кезеңнің шарты бойынша ойыншыларымыз 10 минут ішінде сұрақтардың дұрыс, бұрыс екендігі анықтауы қажет. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

1. Экономикалық жүйе сұранымды өтеу үшін шектеулі ресурстарды бөлуге көмектесе ме ? Жауабы: Иә

  1. Жақсы маман болу үшін жылдар бойы оқу керек пе? Жауабы: Иә

  2. Тұтынушы заңды білу керек пе? Жауабы: Иә

  3. Егер сомаға оның орташа мәнінен аз санды қосса, онда соманың орташа мәні көбейе ме?Жауабы: Жоқ

  4. Шығынды аз жұмсай отырып көп нәижеге жететін оңтайлы, яғни неғұрлым тиімді өндіріс көлемін табу үшін жоғары шекті шығындарды есептей білу керек пе? Жауабы:Иә

  5. Қазірде еліміздегі кез-келген адам теңге ертеңгі күні бүгінге қарағанда арзандап кететінен жақсы біледі ме? Жауабы:Иә

  6. Көршің жұмыссыз қалса, бұл құлдырау, ал егер өзіңіз жұмыссыз қалсаңыз, бұл депрессияға жата ма? Жауабы:Иә

  7. Нарықтық экономиканы қалыптастыру меншік қатынастарын қайта қарауды қажет етеді ме? Жауабы:Иә

  8. Сатып алушы мен сатушының мүддесі үйлеседі ме? Жауабы: Иә

  9. Банктер депозит бойынша ақшаны мерзімінен бұрын алғаны үшін айыппұл сала ма? Жауабы: Иә

  10. Адам жас кезінде көбінесе мансабына сүйеніп ақшаны есепсіз шашады да, оны кейінге алып қоюды ойлайды ма? Жауабы: Жоқ

  11. Шекті шығындар төмен мөлшерге түскенде шекті өнім барынша азая ма? Жауабы:Жоқ

  12. Залал шегіп келе жатқан фирмалар өнім өндіруді доғару керек пе? Жауабы: Иә

  13. Жұмыскер болмаса жұмыс беруші тауар шығарып, қызмет көрсете ала ма? Жауабы: Жоқ

  14. Егер құрал-жабдыққа және мүмкіндікке ие болғысы келсе бүгінде Қазақстанның әр азаматы қандай да бір кәсіпорынның акцияларын сатып алып, оның иелерінің біреуі, тіпті иесі бола ала ма? Жауабы: Иә

  15. Экономикадағы ең басты мәселе адамның шектеусіз қажеттілігінің бар болуынан туындай ма? Жауабы: Иә

  16. Әдетте кредит зат алу нақ ақшамен алғанға қарағанда қымбатқа түсе ме? Жауабы: Иә

  17. Егер заем АҚШ долларымен берілсе онда займ сомасы операция жүрген кні қолданыста болған аударым ақша айырбасы бағамы бойынша теңгеге айырбасталады ма? Жауабы:Иә

  18. Бухгалтер кәсіпорынның пайдасын есептеген кезде әдіс қолданады ма? Жауабы: Иә

  19. Дүниеде жұмыссыздық орын алмаған ел бар ма? Жауабы: Жоқ

  20. Сұраныс пен ұсыныс функциялары мәлім болса өзара тепе-тең шамаларды есептеп шығаруға бола ма? Жауабы: Иә

  21. Нарықтың экономикада кәсіпкерлікке еркіндік берілген бе?

Жауабы: Иә

  1. Қоғам қолда бар шектеулі ресурстарды ұтымды, тиімді және мақсатты түрде пайдалануға тырыса ма? Жауабы: Иә

  2. Экономиканың негізгі міндеті адамның бүкіл қажетін өтеу болып табыла ма? Жауабы: Иә

  3. Тұтынушының көзін қызықтыратын тауарыңыз не қызметіңіз болған күннің өзінде оларға жарнама керек пе? Жауабы: Иә

  4. Егер біз кредитке әлдене зат сатып алсақ, онда әлгі затты нақ ақшаға сатып алумен салыстырғанда әлдеқайда көп төлейтіндігімізді көрсете ме? Жауабы: Иә

  5. Фирмалар монополиялық нарық кезіндегідей жеке-дара нарықтың билікке ие бола ма? Жауабы: Жоқ

  6. Кәсіпкер өз бизнесін бірқалыпты ұстау үшін оған жеке сапа қасиеттері керек пе? Жауабы: Иә

  7. Түптеп келгенде барлық шаруашылық операцияларын үш сөзге: адам, өнім және пайда ұғымына сыйғызуға болады ма? Жауабы: Иә

  8. Жұмыссыздық деңгейін анықтауда жұмыс күші дейтін ұғымды түсініп алу керек пе? Жауабы: Иә

4 кезең «Адасқан сөздер» деп аталады. Ойыншылар 5 минут ішінде адасқан сөздерді орындарына қойып, дұрыс анықтама нұсқасын беруі керек. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады

1. Қызмет нәрсенің бәрі көрсетулер тауар, ақша қабылданатын орнына төлемінің бола алады.

Жауабы: тауар, қызмет көрсетулер төлемінің орнына қабылданатын нәрсенің бәрі ақша бола алады.

2. Жалақы жалпы орташа бір сомасын жылдағы жұмыскерлердің есептеп жылдық санына орташа арқылы бөлу жалақының жалпы шығарылады.

Жауабы: Орташа жалақы бір жылдағы жалақының жалпы сомасын жұмыскерлердің орташа жылдық санына бөлу арқылы есептеп шығарылады.

3. Өмір нәрсенің - ағзаның, жетпеуі кісінің, оған әлеуметтік топтың тұтас алғанда қоғамның сүруіне қажет қажеттілік бір, деген мұқтаждақты сезіну.

Жауабы:Қажеттілік - ағзаның, кісінің, әлеуметтік топтың тұтас алғанда қоғамның өмір сүруіне қажет бір нәрсенің жетпеуі, оған деген мұқтаждақты сезіну.

4. тұтыныстың ақшалай -етілген, нарықтағы өңі айналған түрі сұраныс қамтамасыз

Жауабы: Сұраныс - ақшалай қамтамасыз етілген, нарықтағы тұтыныстың өңі айналған түрі

Ең төмен жинаған сайыскеріміз ойын алаңын босатады.

5 кезең «Тосын жағдай» деп аталады. Төменде келтірілген мәтіннен жанжалдың көздерін көрсетулері керек. Ойыншыларға 5 минут уақыт беріледі

Тапсырма:

Серік қаржылық сараптаушы міндетінде аудио, видео жвзу фирмасына жұмысқа тұрды. Тікелей басшысы - компанияның бас бухгалтері Ысқақов Мадияр. Компанияға келген бетте екеуінің арасында жанжал туды. Жанжалдың себебі Мадиярдың ойынша, Серік қаржылық сараптаушы имиджіне сай емес. Серіктің киім киісі көбінде жанжалға негіз болады. Мадияр Серік маңызды жиналыстарға свитермен галстуксыз келетінін айтты. Ал Серіктің ойынша басшысына киім киіс емес, жұмысқа кәсібилікпен қарау маңызды болды, осы пікірін дәлелдеумен болды. Көптеген даулардан кейін Серік жұмысқа кешігіп келетінді шығарды. Соңында Мадияр Серікті жұмыстан шығарып жіберді.

6 кезең «Сөз шебері». Бұл шартта сайыскерлер таңдаған еркін тақырыптары бөлімдері бойынша өз ойларын ортаға салады. 10 минут уақыт беріледі.

  • Қазақстан экономикасы.

  • Егер мен кәсіпкер болсам.

  • Мен таңдаған мамандық.

Осымен ойынынымыз аяқталды. Әділ қазылар ойыншылардың ұпайларын есептеп, жеңімпазды анықтап берсе.





Сайыс сабақ Үздік экономист

Сайыс сабақ Үздік экономист

Сайыс сабақ Үздік экономист

Сайыс сабақ Үздік экономист

Сайыс сабақ Үздік экономист

Сайыс сабақ Үздік экономист

© 2010-2022