Презентация на тему С. Мұқанов «Өмір мектебі»

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:9.02.11

Сабақтың тақырыбы:С.Мұқанов «Өмір мектебі»

Сабақтың мақсаты:

1.С.Мұқанов туралы түсінік беру және құс бегілік,Балтабай ауылы,оның адамдары туралы білімдерін кеңейту.

2.Шығарманы оқи отырып салт-дәстүрге,әдет-ғұрыпқа деген ойларын тұжырымдау.

3.Салт-дәстүрді ұмытпау

Сабақтың түрі:жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі:ақынның суреті, тірек схемалар

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап,баяндау,түсіндіру.

І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа қатысуын, даярлығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

М.Әуезовтің «Ақын қонақтар»шығармасын оқушылардан идеясын аша отырып сұрау.

киіпкерлері

Іс-әрекеттері

Қандай мінездің адамы

Сенің пікірің


ІІІ.Жаңа сабақ.

Балалар,Лашын дегенде не естеріне түседі? (оқушылардың жауабы тындалады)

Ендеше осы Лашын туралы жазған С.Мұқанов атамыздың шығармасын өтеміз.Бүгін танып білеміз.

-С.Мұқанов кім?

-Ол кісі қазақ әдебиетінің аса көрнекті қайраткері,ол кісі 1900 жылғы 26 сәуірде сол.Қазақстан обл.Жамбыл ауд.Жаманшұбар деген жерде кедей от басында туған.Ол балалық шағынан өмірдің ауыртпалығын басынан кешіреді:7 жасында әкесі,одан кейін шешесі дүние салып,жетімдік тақсіретін көреді.Ауылда жалшылыққа тұрады.

Дарынды жастың қолына Абайдың,татардың ұлы ақыны Ғабдулла Тоқайдың кітаптары түседі.Абай мен Тоқайдың даналық ойлары,асыл сөздері талапты жастың ой қиялына ерекше әсер етсе керек.Өйткені Сәбит өлең жазуға ертерек әуестенеді.

поэмалары

романдары

повисттері

пиессалары

Зерттеу еңбектері

өлеңдері

әңгімелері

Жұмаштың өлімі,Батырақ,

Қанды көл,Октябрь өткілдері,Сұлу шаш,Ақ аю,Калхозды ауыл осындай

Ботакөз,Темір тас,Өмір мектебі,

Сырдария,

Тыңдағы толқындар,

Аққан жұлдыз,Мөлдір махаббат,

Бақтаршының баласы,

Ақбөпенің сыры,Балуан шолақ,

Жеңіс жыры,Шоқан Уалиханов,

С.Сейфулин,Гвардия алға.

Өсу жолдарымыз,Халық қазынасы.

Көңілім,Неге тудым,Жалшының зары,Кедей баласы,Бостандық,Сүт заводы,Қысқы кіреші,Шоқпыттың шаруасы,Егістік.

Әсия түсімде.

Әңгімені оқи отырып,идеясын,мазмұнын ашу.

Сөздікпен жұмыс жасаймыз.Түсінбеген сөздерді дәптерге жазып аламыз және мағнасын ашамыз.

Шығармаларды бәлімдерге бөлеміз.

1.Балтабай ауылында.

2.Балтабайдың Ақыметі,оның портіреті,атбегілікпен және құсбегілікпен айналысатыны.

3.Ақымет Лашынның сипаты.

4.Ақметтің Лашынды құс алуға шығаратын мезгілдері.

5.Лашынның үйрек алу тәсілдері.

6.Дабыл қағудың мәнісі.

7.Лашының қазды алған кездегі амалы.

8.Лашынға қарсы дуадақтың көрсететін қайраты.

9.Құс салудың ең дұрыс мезгілі.

10.Құстардың таң ата жайылуға шығуы.

11.Құстардың қойған қаралуына көрінбей,естіртпей бару.

12.Дабылдау,құстардың айналып ұшуы.

13.Лашынды жіберу.

14.Саятшылық-өмірдің бір қызығы.

Әр бөлімді тиянақтап,талқылап болғаннан соң оқушыларға саятшылық өмірдің бір қызығы тақырыбына мәтән құратамын.

ІҮ.Бекіту

-Ақмет қандай адам?Ол сал-дәстүрді сақтаған кісі ме?Қалай ойлайсындар?

-Салт-дәстүр жайлы не білесіндер?

кейіпкерлері

Кейіпкерлерге мінездеме

Жазушының шешімі,көз қарасы

Шығарманың идеясы

Сенің көз қарасың


Ү.Үйге тапсырма.

Лашын құстаң суретін салып келу,шығарманы оқып келу.

ҮІ.Бағалау.

Оқушыларды тиісті бағамен бағалаймын.





© 2010-2022