Жаңа сөздер сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5 - с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Жаңа сөздер

Сабақтың мақсаты :

а) Жаңа сөздер туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негезгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.

ә) Сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.

б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,ойын түрінде

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,плакаттар

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға кеспе қағаздарды үлестіріп,жауап талап етемін.

1.Көнерген сөздер дегеніміз не ?

2.Көнерген сөздер нешеге бөлінеді ?

3.Тарихи сөздер дегеніміз не ?

4.Архаизм дегеніміз не ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Тілде жаңа ұғымды білдіретін сөздер жаңа сөздер немесе неогизмдер деп аталады.Олар тілге алғаш енген кезінде ғана жаңа болады.Кейін тілге сіңісіп,халыққа әбден танылып,жаппай қолданылған кезде жаңа сөз болудан қалады. Мысалы : космос,косманавт,спутник деген сөздер алғаш пайда полған кезде жаңа сөздер болатын.Кейін бұлар қоданыла келе жағңа сөз болудан қалады.Жиі қолданылатын сөздердің қатарына енген бұл сөздер,соңғы жылдары ғарыш,ғарышкер,жер серігі деген қазақтың төл сөздеріменберіліп,жаңа сөздер болып есептеліп жүр.Осы тектес жаңа сөздердің қатарына жолсерік,үнтаспа,жеделхат,саяжай,ермексаз,теңге,құжат,отбасы,кеден,зейнетақы,зейнеткер,сынып,үнқағаз т.б. сөздер жатады.

Соңғы жылдары қазақ тілінің мәртебесі өсіп,қоданылу аясы кеңеюіне байланысты өсімдік,бау-бақша саласына қатысты тілімізге көптеген жаңа сөздер енді : жылыжай,қызанақ,орамжапырақ т.б.

Кітаппен жұмыс : 164-жаттығу.

 Мәтіндегі жаңа сипатқа ие болған байырғы сөздерді теріп жазыңдар.

 Сол сөздердің қандай мағынаны білідіріп тұрғанын сөздіктерге сүйеніп анықтаңдар

 Ауыл шаруашылығына қатысты тағы қандай жаңғырып қолданылып жүрген сөздер барын айтыңдар.

Білімді бекіту :

Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 165-жаттығу. Мәтіндегі неологизмдердің қалай жасалып тұрғанын айтыңдар.


© 2010-2022