Адам еңбекпен шыңдалады 5-сынып

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

-Адам еңбекпен шыңдалады

Өзін өзі тану

Өзін өзі тану. Сыныбы: 5

Тақырыбы: Адам еңбекпен шыңдалады
Құндылық:Сүйіспеншілік
Мақсаты:
Оқушылар еңбектің керектілігі туралы түсініп , адамның өмірі өз қолында екендігін түсінеді;
Міндеттері:
- оқушыларға еңбектің маңыздылығы туралы түсінік беріледі;
- оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал етіледі;
- еліне, халқына абыройлы қызмет етуге тәрбиеленеді;

Шаттық шеңбері:
Балалар, сендермен кезекті сабағымызда кездескеніме өте қуаныштымын. «Өзін - өзі тану» пәніне асыға келгендеріне өте қуаныштымын. «Өзін - өзі тану» әлеміне саяхатымызды жалғастырып, біз еңбек, еңбексүйгіштік туралы көп мәлімет аламыз.
Бір - бірімізге қарайық. Мен сендердің көздеріңнен қуаныш пен қызығушылық көріп тұрмын. Осындай ақылды, мейірімді, білімге құштар балаларымды көргеніме қуаныштымын. Ендеше бізде бір - бірімізге күлімсіреп, алақанымыздың жылуын сезіне отырып сәлем берейік. Бүгінгі күніміз сәтті де, жарқын аяқталу үшін өзімізге, келген қонақтарға жақсылық көтеріңкі көңіл тілейік.
Сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын. Кәнеки, бір - бірімізбен амандасайық!
Біз тағыда біргеміз,
Сөгілмейді іргеміз.
Ұшып күннің шуағын,
Көрісеміз қуанып.
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Көк аспан!
Амансың ба, ағайын,
Сіздерді көріп қуандық.

Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға гүл шашылды
Қайырлы күн!
Біз нәзік қыздармыз!
Қайырлы күн!
Біз ержүрек ұлдармыз!
Ойланайық, пікірлесейік

1) « Еңбек», «Еңбексүйгіш», деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
2) Қандай адамды еңбекқор дейміз?
3) Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?
4) Еңбекпен адам шыңдалады дегенді қалай түсінесіңдер?

Мәтінді оқу.
«Еңбек жемісі» Б. Әділ.

Әкесі алты гектар егістік жер алған. Сол - ақ екен, қауырт жұмыс басталды да кетті.
- Тұр, балам, - дейді әкесі. - Көктемнің әрбір күні жылға азық. Содан үй іші болып жердің басына келеді. Әкесі, шешесі, өзі, екі інісі... Жұмыс қызу басталып кетеді. Екпегендері жоқ. Сәбіз, картоп, пияз, жүгері, капуста, қауын, қарбыз.
Асан жазғы каникулын атыз басында өткізді. Екі інісімен сонда қонады. Әкесі шартақ соғып берген. Екіншіде оқитын Досан шай дайындаудың шебері.
- Биыл өнім жаман болмас, - дейді әкесі жайқалған көкөністерге көз салып қойып. - Еңбек етсең, Жер - ана да иіс сала береді.
Әкесінің айтқаны келді де тұрды. Егін мол өнім берді. Әсіресе қауын - қарбыздар... Теңкиіп көздің жауын алады. Сауда бақшалықта - ақ қызды. Бейтаныс ағалар көлікпен келіп, өздері тиеп әкетіп жатты.
Әкесі мәз, мұртынан күледі.
Оқудан келісімен Асан атызға асығады, әке - шешесіне көмек беруі керек. Әлі де атызда қалған - құтқан өнім көп. Қызанақтар жерге түсіп, ағып жатыр.
Өткенде ауыл балалары масақ теруге келді. Өзімен төртіншіде бірге оқитын Айкүміс те бар. Екеуі бірге отырып қауын жеді.
- Қауының не деген тәтті, - деді Айкүміс. Асан біраз марқайып қалды. Әсіресе «қауының...» деп айтқанына...
- Тойып жеп ал, - деді.
- Кешке бес - алты қауын ала кет. Әйтпесе, үйіне өзім апарып тастайын. Ауыр ғой...
Айкүміс үндемеді. Әдемі жымиып қойды. Бұған өте риза болғаны. Әкесі бүгін өте көңілді екен.
- Ертең менімен бірге жүріңдер, - деді үш ұлына. - Базарға апарып, керектеріңді алып берем...
Сол күні үй іші жаңа бешпент - шалбарды қайта - қайта киіп көріп әлек. Ал ең кішкентай Досан болса, жаңа велосипедтің дөңгелегіне жел беріп әлек. Насоспен қосыла мұрны да пыс - пыс етеді.
- Жаз бойғы еңбектерінің өтеуі ғой, - дейді әкесі әдетінше мұртынан күліп.

- Еңбек барысында балалардың қандай қасиеттері байқалды?
- Балалар еңбек нәтижесін қалай көрді?
- Еңбектің жемісін көргенде өздерің қандай сезімде боласыңдар?

Сергіту сәті
Аққу болып ұшамыз
Көлге келiп қонамыз
Көлдiң бетiн құшамыз
Қайта самғап ұшамыз.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп - кішкентай бөбектер
Үлкен болып өседі.
Иiлiп оңға бiр,
Иiлiп солға бiр.
Денемiздi дұрыстап,
Тұрамыз тік ұстап.

Дәйексөз
«Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді» (Л. Н. Толстой)
- Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Сахналау
Ата ақылы
Немересі: Ата, өмір бойы не үшін оқи бересіз?
Атасы: Менің де өмірде білмейтінім көп. Сондықтан үнемі оқи беремін.
Немересі: Жалықпайсыз ба?
Атасы: «Оқи берсең көзің ашылады,
Отыра берсең, жалқаулық басынады» - деген балам, адам оқыған сайын жаңа бір нәрсені үйренеді және өмірдегі бар қызықты біледі.
Немересі: Ата, тек өзіңе ұнағаннын оқығанда қызық болмай ма? Ал мені кейбір пәндер мектепте қызықтырмайды.
Атасы: «Білім - таусылмас қазына»- дегендей, білім - адамға өмір бойы таусылмас қазына. Оны түсіну үшін сен көбірек оқуың керек.

Жаңа ақпарат
Ерінбей еңбек ету адамның мақсатына жетуіне көмектеседі.
Табандылықпен еңбек ету адамның өмірін көркейтеді және адамның өзіне, өзгелерге қуаныш, бақыт әкеледі.

Дәптермен жұмыс
№ 1 тапсырма
Нақыл сөзді оқы.
1. Нақыл сөздегі негізгі ойға қалай қарайсың?
2. Айтылған ойлардың қайсысымен келісесің? (Әңгімелеп бер)

№2 тапсырма
Мына криптограмманы дұрыс шешсең, «Еңбекке» байланысты мақалды оқуға болады.
І. Отанға, қоғамға көрсеткен қызмет, жақсылық - 1, 2, 3, 4, 5.
ІІ. Барлығы, баршасы, тегіс - 6, 7, 8, 9.
ІІІ. Дауыссыз дыбыс - 10
ІV. Киімнің бір бөлігі - 11, 12, 13.
V. Бекем, мықты, берік - 14, 15, 16.

1 2 3 4 5 - 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Е ң б е к - б ә р і н ---ж-- е--ң- б-- е --к

№ 3 тапсырма
Жаттығу «Аяқталмаған сөйлем»
- Еңбек дегеніміз....
- Еңбексүйгіштік дегеніміз...
- Еңбек маған...
Тыныштық сәті
«Алматыға саяхат»
Жолға шықты алдымыздан галош кездесті. Галошты алғысы келген адам алсын, алғысы келмеген адам алмасын. Әрі қарай жүрдік алдымыздан түйе кездесті түйеге мінгісі келген адам мінсін, мінгісі келмеген адам мінбесін. Әрі қарай жүрдік алдымыздан зәулім сарай кездесті. Сарайға кіргісі келген адам кірсін, кіргісі келмеген адам кірмесін. Алматыға да келдік ең әсем жер Көк төбеге келдік.

Тапсырма
Даналық сөздерді оқып. Еңбектің маңыздылығы жөнінде ой түйіндеңдер.
1) Еңбек - қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап. (А. Құнанбаев)
2) Еңбегі жоққа - бақыт жоқ. (А. П Чехов)
3) Жаның жай тапсын десең - еңбектен. (Ж. Ж. Руссо)
Қорытынды:
- Білім терең теңіз бе,
Білім, еңбек егіз бе?
Осы екеуі деңіз де,-
Рухани азығым -
Дейді атам,- білімді
Еңбекпенен сен ізде! (Е. Шайхыұлы)





© 2010-2022