Конспект занятия по ознакомлению мира Доктор Айболит

В данном конспекте разработка урока в детском саду по предмету ознакомление с окружающим миром. Дети на уроке отправляются в Африку. В начале занятия входит врач (воспитатель переодетый в образ врача), который просит помочь животным из Африки, так как они заболели. Воспитатель с помощью карты и картинок, знакомит детей с Африкой, с ее обитателями. В путешествие отправляются на пароходе. В ходе занятия дети собирают картинки, решают задачки-загадки, помогают животным. В конце занятия дети получа...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Балапан» тобына ұйымдастырылған технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты: - Африка туралы түсініктерін кеңейту, онда мекендейтін жануарлар туралы, көлік туралы әңгімелесу, мейірімді болуға тәрбиелеу, көмекке келуге тәрбиелеу; балалардың сөздік қорларын молайту, ойлау қабілеттерін дамыту.

Қажетті құралдар: жер картасы, дәрігер суреті, жеделхат, су көліктін суреті, ойынға керекті құралдар. Сөздік жұмыс: Африка, су кемесі.

Топқа дәрігердің киімін кийген тәрбиеші кіреді. Балалармен амандасып, өзін таныстырады: Тәрбиеші:-Балалар, сәлеметсіндер ме. Мен дәрігер Айнаш. Бүгін маған жедел хат келді, хатты бірге оқып көрейік: Меірімді біздің Айнаш дәрігер, Керек бізге түіршік көп дәрілер, Өтінеміз, Африкаға келіңіз, Жануарларды емдеп бізге беріңіз!

Балалар өлеңді тыңдайды.

Тәрбиеші:- Балалар, Африкадағы жануарлар аурып қалыпты, оларға көмек керек, бірақ онда қалай бару керек екенін білесіндер ме? / көмектескенге келіседі/ Балалар жауаптарын береді. Дәрігер жауаптарын толықтырады: Тәрбиеші:-Балалар, Африка деген жер өте алыс: -Ар жағында таулардың, Мұхит, орман, баулардың. Айтыңдаршы сонау қиырға, Жету маған қиын ба? Балалар тыңдайды. Тәрбиеші: -Балалар, қараңдаршы мына картада біздің Қазақстан, ал мынау Африка деген жер

. -Балалар, білесіндер ме Африкада арыстан, жолбарыс, зебра, керік, піл, қолтырауын, маймылдар бар. Осы жанурларға көмектесу үшін бізге тапсырма орындау керек. Орындаймыз ба? Балалар келіседі.

Тәрбиеші хаттағы тапсырмаларды оқиды.

1.- Балалар, мына Африкаға немен өтуге болады? Балалар жауап береді . -Жарайсыңдар балалар, ал енді екінші тапсырма.

2.-Балалар, кемеге отыру үшін мына жұмбақтарды шешу керек. - Жарайсыңдар балалар, мына билеттер сендерге. /билет таратады/

Сергіту сәтін өткізеді. Кемеде өткізеді.

3. -Балалар , қараңдаршы мына суреттерді біреу кесіп тастапты, оларды біріктіріп не шыққанын айту керек.

Балалар тапсырмаларды орындайды.

Тәрбиеші :-Жарайсыңдар балалар, көмектескендеріңе рахмет! Балалар , жануарларды емдеп көрейік. Жарайсыңдар!

Балалармен бірге ойыншықтарға дәрігерлік көмек көрсетеді. Сұрақтарды қояды, қорытындылайды.

Дәрігер Айнаш балаларға ризашылығын білдіріп, оларға Африкадағы жануарлар сыйлықтарын беріп жібергенін айтады. Балаларды мадақтап, олармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: көліктердің түрлерін, жануарларға көмек көрсетуді.

Нені игереді:табиғатты сүюді, қамқор болуды, құрметтеуді.

Нені біледі:жануарлардың атауын, олардың түрлерін ажыратуды, оларға қамқор болуды.

© 2010-2022