Қазақ тілі Сөз мәдениетінің шарттары

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: Сөз мәдениетінің шарттары

Сабақтың мақсаты:

а)оқушыларға сөз мәдениетінің, сөйлеу мәдениетінің шарттары туралы түсіндіру. Сөздерді дұрыс қолдану шеберліктерін арттыру.

ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптыстыру;

б) сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,іздендіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар

Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Шешендік сөз дегеніміз не?

2.Шешендік сөз неше кезеңге бөлінеді?

3. Сөз мәдениеті дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Шешендік өнер мақсаты- шендіктің сипаты, шешендік сөздің түрлері, ерекшеліктері туралы мағлұмат беріп, сөз мәдениеті талаптарын меңгерту.Патшаның тағынан шешеннің бағын жоғары бағалап, сөз өнерін бүкіл өнердің бастауы санаған халық даналығына көз жеткізу.

Сөз мәдениеті.

Сөз мәдениеті екі сатыдан тұрады:

1. Сөзді дұрыс қолдану, тіл нормасын сақтау.

2. Сөзді бедерлі жұмсау шеберлігі, тілдік амал- тәсілдерді меңгеріп, дәл, әдемі, ұтымды сөйлей білу.

Сөз мәдениеті адамның жалпы мәдениетінің жоғары болуын көздейді. Ана тілін ардақтау, құрмет тұту, оны талғампаздықпен жұмсау, үздіксіз үйрену, тілдік амал- тәсілдерді орынды қолдана білу- сөз мәдениетіне қойылатын алғы шарттар.Осы шарттарға толық жауап беретін сөз шешендікке ұласады.

Жаттығумен жұмыс: 1- жаттығу.

ХІ ғасырдағы шығыс педагогикасы тарихындағы әйгілі шығарма «Қабуснамада» берілген шешендік өнер жайлы түйіндеулерді жұптасып жұмыс істеп, таратып түсіндіріңіздер.

Сөйлемдерге толық синтаксистік талдау жасау.

Шығармашылық тапсырма:

«Шешендік және шешендік өнер» деген терминге анықтама беріңіз.

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: «Біздің заманымызда шешендік қажет пе?»

Осы сұрақ төңірегінде өз ойларын білдіру.


© 2010-2022