Казахский язык создердин байланысу турлерин каиталау 7 класс

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Казахский язык создердин байланысу турлерин каиталау 7 классКазахский язык создердин байланысу турлерин каиталау 7 классКазахский язык создердин байланысу турлерин каиталау 7 классКазахский язык создердин байланысу турлерин каиталау 7 классКазахский язык создердин байланысу турлерин каиталау 7 классСабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу түрлерін қайталу.

Мақсаты: Сөз тіркесінің байланысу түрлерін алған теориялық білімдерін практикалық тұрғыда тексеру, кеңейту.

-Талдауға алынған мысалдар арқылы адалдыққа, еңбексүйгіштікке, бауырмалдыққа, туған жерін сүюге баулу.

-Сөйлеу тәсілдерін жетілдіру, шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақ әдісі: Деңгейлік тапсырмалар, сын тұрғысынан ойлау техникасы.

Сабақ түрі: Қайталау.

Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, кубик, қима қағаздар.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет.

Сабақтың құрылысы:

  1. Сабақтың құрылысы сөзжұмбақ

  2. Деңгейге қарап бағалау. ІІІ топқа тапсырмалар беру.

  3. Топтастыру стратегиясы.

  4. Оқушы білімін бағалау.

Сабақтың барысы:

А) Ұйымдастыру кезеңі (Оқушылардың назарын сабаққа аудару)

Сабақтың құпиясы:

  1. Орынбасар сөз табы.

  2. Бастауыш пен баяндауыштың байланысы.

  3. «Бүгін келді» қандай байланыс?

  4. Ілік септігі мен тәуелдік жалғаудың ІІІ жағы

  5. Орын тәртібі арқылы байланыс.

  6. Сан есімнің түрі.

  7. Сөз тіркесінің сыңары

  8. Дұрыс айту заңы

  9. Қимылдың амалын білдіретін сөз табы


С



И



Н



Т



А



К



С



И



С


«Синтаксис» деген сөзжұмбақты шешкеннен кейін бүгінгі сабақтын құпиясын тауып, ережесін еске түсіреміз.

Синтаксис -гректің «құрау», «біріктіру», «рет» мағынадағы сөзі.

Синтаксис-грамматиканың сөз тіркесі мен сөйлем туралы саласы.

І деңгей

  1. Сөз тіркесі дегеніміз?

  2. Сөз тіркесінің сынарларын ата?

  3. Сөз тіркесінің сыңарлары қалай анықталады?

  4. Сөз тіркесін жасауға тірек болатын сөз қайсы?

  5. Есімді сөз тіркесіне мысал келтір.

  6. Етістікті сөз тіркесіне мысал келтір.

ІІ деңгей

Оқушылар мақал-мәтелден, нақыл сөздерден сөз тіркесін тауып, байланысу түрлеріне қарай талдау жасау керек.

  1. Кітап оқудан тыйылған адам ойлаудан да тыйылады.

Кітап оқудан-меңгеру етістікті тіркес.

Тыйылған адам-қабысу есімді тіркес.

Ойлаудан тыйылады-меңгеру етістікті тіркес.

Адам тыйылады-қиысу есімді тіркес.

  1. Денсаулықты сақтау-әркімнің өзінің қолында.

Денсаулықты сақтау-меңгеру, етістікті тіркес.

Әркімнің қолында-матасу, есімді тіркес.

Өзінің қолында -қиысу, есімді тіркес.

  1. Бірлігі мықты елдің белін ешкім сындыра алмайды.

Ешкім сындыра алмайды-қиысу, етістікті тіркес.

Белін сындыра алмайды-қиысу, етістікті тіркес.

Мықты елдің-қабысу, есімді тіркес.

Бірлігі мықты ел-қабысу, есімді тіркес.

  1. Отан отбасынан басталады.

Отан басталады-қиысу, етістікті тіркес.

Отбасынан басталады-меңгеру, етістікті тіркес.

  1. Ас-адамның арқауы.

Ас-арқауы-матасу, есімді тіркес.

Адамның арқауы-матасу, есімді тіркес.

  1. Төмендегі сөздерді тақтадағы кестеге орналастырып жаз.

Анаңнын тілі, халқыңның тілі, оқудан қайту, адам баласы, бесікке салу, апай айтады, ол оқиды, бүгін келді, кешке қайту, епті адам, оқыған жігіт т.б.


Қиысу

Матасу

Меңгеру

Жанасу

Қабысу










ІІІ деңгей

«Жаңа Әлемдегі жаңа Қазақстан » (Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы бойынша) 17, 21, 26 бағыт.

  1. Үш тұғырлы тіл-заман талабы.

  2. Оқусыз білім жоқ

  3. Денсаулық-зор байлық

Бекіту: Топтастыру.

Сөздердің байланысу түрлері

Үйге тапсырма: І деңгей. Мақал-мәтелдерден сөздердің байланысу түрлеріне мысал жазу.

ІІ деңгей. «Әнші» әңгімесі бойынша сөз тіркестеріне талдау.

ІІІ деңгей. «Менің Отаным -Қазақстан» эссе жазу

Бағалау.

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудана

Северный орта мектебі








Тақырыбы:


«Сөздердің байланысу түрлерін қайталау»

7-класс



Өткізген: Б. Ибраева

қазақ тілі мен әдебиет

пәні мұғалімі.





2014-2015 оқу жылы

© 2010-2022