Абай еліне саяхат тақырыбына ашық сабақ жоспары

Сабақтың мақсаты :білімділік - қлы ақынның өмірі, өскен ортасы, жазған еңбектері мен шығармашылығын, аудармаларын, әндерін оқушыларға түсіндіру;дамытушылық - Абай шығармаларын оқи отырып, оқушының ойлауын, дүниетанымын кеңейту, қиялын ұштап дамыту;тәрбиелік - оқушылардың бойына Абайдың ақылды, қасиеттерін дарыта отырып, ақынның қмір жолына саяхат жасау,саналы адам болуға тәрбиелеу.Көрнекілігі: ақынның суреті, Қазақстан картасы, интерактивті тақта
Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Абай еліне саяхат

Сабақтың мақсаты:Білімділігі

Ұлы ақынның өмірі,өскен ортасы,жазған еңбектері мен шығармашылығын, аудармаларын, әндерін оқушыға түсіндіру.

Дамытушылық: Абай шығармаларын оқи отырып,оқушының ойлауын ,дүние танымын кеңейту , қиялын ұштап дамыту.

.

Тәрбиелік: Оқушылардың бойына Абайдың ақылды ,қасиеттерін дарыта отырып, ақынның өмір жолына саяхат жасау ,саналы адам болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Ақынның суреті, қазақстан картасы, интерактив тақта.

Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру,саяхат сабақ

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

Мұғалім:

Құрметті оқушылар және бүгінгі тәрбие сағатына қатысып отырған қонақтар .Бүгінгі « Абай еліне саяхат» атты тәрбие сабағымызды бастауға рұхсат етіңіздер.

Тәрбие сабағымыздың бағыты төмендегіше:

Жоспары:

  1. Абайдың өмірі, туған жері

  2. Абай және оның туыстары туралы мәлімет

  3. Абай өлеңдері

4 Өнер-білім жайлы өлеңдері

5 Табиғат туралы өлеңдері

6 Абай және шығыс ақындары

7 Абай және орыс ақындары

8 Абай аудармалары

9 Абайдың қарасөздері

10 Ақынның шәкірттері туралы

  1. Абай мұражайы мен естеліктері

12 Абай әндері

Мұғалім:

1 слайд А.Құнанбаевтың суреті

Абай Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген.Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша хат таниды. Абайды әкесі он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесіне оқуға береді. Ол бос кезінде Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Физули, Фирдоуси шығариаларын өз бетінше оқып,ертегі дастан,хисса сияқты әдеби мұралары мен танысады.Абай араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгеріп Шығыс ақындарының шығармаларымен танысуға мүмкіндік алады.Абай Семей қаласындағы Гоголь кітапханасына келіп, орыс классиктерінің шығармаларын өз бетінше ізденіп оқи бастайды.

2. слайд Абай және оның туыстарының суреттері

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып аяғын көп шалдырған

Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

3. Абай өлеңдері көбіне жастарды өнер-білмге, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелейді.

1 оқушы: Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге

2.оқушы: Жасымда ғылым бар деп ескермедім

Пайдасын көре тұра тексермедім

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

3 оқушы: Интернатта оқып жүр

Талай қазақ баласы

Жаңа өспірім,көкөрім

Бейне қолдың саласы

4 оқушы: Өлең -сөздің патшасы, сөз сарасы ,

Қиыннан қиыстырар ер данасы

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп ,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Ақынның табиғат жайлы өлеңдері.

5 оқушы: Жазды күн шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек

Ұзарып өсіп толғанда,

Көшіп ауыл қонғанда.

6 оқушы: Ақ киімді, денелі ақсақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды,

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

7 оқушы: Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан,

Білмеймін тойғаны ма,тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан , тай жарысқан. .

4. слайд Абай және шығыс ақындары

Фзули,Шамси,Сайхали,

Наваи,Сағди,Фирдауси,

Хожа,Хафиз-бу һаммаси

Мәдәт бер я шағри фарияд.

Оқушылар өлеңдер оқиды.

5. слайд Абай және орыс ақындары

Абай Петербургте оқып жүрген кезінде орыс ғалымы Михаилс пен танысады..Михаилс орыстың ұлы классиктері

А.С.Пушкин ,Лермонтов, Толстой, Крылов шығармалары мен танысуға көмек береді.

Крыловтан «Шегіртке мен құмырсқа», «Бақа мен өгіз»,

«Есек пен бұлбұл»

Пушкиннен «Онегиннің Татьянаға жазған хаты» Лермонтовтан «Қараңғы түнде тау қалғып» сияқты өлеңдерді аударды.

6. слайд Абай оның шәкірттерінің суреті

Шәкәрім, М. Әуезов, С.Торайғыров, М. Жұмабаев

М Мақатаев т.б.

Қуат алам Абайдың тіл-күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден...

деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай ақын ұстазына еліктеп жыр жазған.

7. слайд Абайдың мұражайы, естеліктеріне саяхат

Оқушыларға Абай атындағы оқу орындар, естеліктері туралы түсінік беремін.

8. Слайд Абайдың қара сөздері:

Абайдың 45 қара сөзі бар.

Жетінші сөзі: Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінез бен туады.Біреуі,ішсем,жесем , ұйықтасам деп тұрады.Бұлар тән құмары.Біреуі білсем екен .дейді.Не көрсе соған талпынып жалтыр-жұлтыр еткен болса оған қызығады.

Бесінші сөзі: Көкірегі толған қайғы кісінің өзіне де билетпей,

бойды шымырлатып,буынды құртып,я көзден жас болып ағады,я тілден сөз болып ағады.Қайғысы не десең, мақалдардан танырсың. «.Түстік өмірің болса,күндік мал жина» «Өзіңде жоқ болса әкеңде жат» « Мал адамның бауыр еті»

9. слайд Абай әндері

Абайдың әндері «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем Қаламқас», «Бойы бұлғаң» «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдері халыққа кең тарап жүр.

Қорытынды:

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып,аяғын көп шалдырған,

Өлді деуге сия ма ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына із қалдырған дей отырып,

Біз бүгін Абай еліне саяхат атты тәрбие сабағымызды аяқтаймыз.



© 2010-2022