Тақырыбы: Тұйық етістіктің емлесі

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы

Сарқан ауданы

М.Жұмабаев атындағы орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Р.Е.Жумагулова

Сабақтың тақырыбы

Тұйық етістіктің емлесі

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың етістік туралы білімдерін тереңдету, тұйық етістік, оның жасалуы мен мағынасы туралы түсінік беру;

Оқыту нәтижесі

Тұйық етістіктің емлесі жайында толық мағлұмат алады.

Сабақтың түрі: оқыта үйрену
Әдіс - тәсілдері: топпен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, талдау, ойын, проблемалы ізденіс
Көрнекілігі: слайд, кесте, қимма қағаздар

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

«Тілектер бұрқасыны » ойынын ойнату арқылы психоло-гиялық ахуалды қалыптастыру

Ортаға шығып тілектер жазып, оны шашады. Әрқайсысы теріп алып өздеріне деген тілектерін оқиды.

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

«Ойлы болсан, ойлап көр...» ойыны. Сұрақтарға жауап беру.
Етістік мағынасына қарай нешеге бөлінеді? Мысал келтір.
Етіс нені білдіреді? Түрлерін ата.

Есімше дегеніміз не? Тұлғаларын ата.
Көсемшенің түрленуі дегенді қалай түсінесің?
Етістік дегеніміз не?

Құрамына қарай нешеге бөлінеді?

Мағынаны тану













Тапсырмалармен жұмыс

Ойлан. Жұптас. Талқыла.
Кенжебек жолшыбай дүкенге бұрылған еді. Асқар тауларды кеуделеп жүріп келеміз. Тамаша табыс өздігінен келмейді.
Тапсырма. Осы сөйлемдердегі қимыл-әрекетті білдіріп тұрған сөзді табыңдар.
Бұрылған еді, жүріп келеміз. етістіктерін қимыл-әрекетт атауы ретінде қалай айтар едіңдер?
Берілген етістіктердің қосымшасын ажырат.
Белгілеу, күлдіру, тану, айтпау, айтысу.
Оқы, ері, төк, тап, тақ, мақта, бер етістіктерінен тұйық етістік жасаңдар, қандай өзгеріс байқадыңдар?
Тұжырым жасау.
Шақпен де, жақпен де байланысы болмай, тек қимылдың атауын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік деп атаймыз. Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына - у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, сөйле - у, сен - у, айт - у, мақтану, берілу, ойлау, белгілеу, жалықпау, айтпау.
1. Дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің - у жұрнағы дауысты болып жалғанады: бар - у, қайт - у, көр - у, кел - у.
2. Дауысты дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің - у жұрнағы дауыссыз болып жалғанады: ойна - у, сөйле - у, барма - у, келме - у.
3. Дауысты ы, і, дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің - у жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы ы, і, дыбыстары жазылмай, у дыбысының құрамына еніп кетеді де, ол,(у) дауысты дыбыс болып есептеледі.
Мысалы: оқы+у=оқу, тасы+у=тасу, ері+у= еру.
4. Қатаң п, к, қ дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің - у жұрнағы жалғанғанда, түбір соңындағы п дыбысы б - ға қ, к дыбыстары ғ, г дыбыстарына айналады.
Мысалы: тап+у=табу, үк+у=үгу, ақ+у=ағу.
5. й дыбысына біткен етістікке - у жұрнақ жалғанғанда екі дыбыс й+у ю дыбысына айналып кетеді.
Тұйық етістік есімдерше түрленеді, бірақ жіктелмейді
Оңаша тәуелдену Ортақ тәуелдену.
І. Менің баруым І. Біздің баруымыз
ІІ. Сенің баруың ІІ. Сендердің баруларың
Сіздің баруыңыз Сіздердің баруларыңыз
ІІІ. Оның баруы ІІІ. Олардың барулары
Септік Тұйық етістік
Атау с. Сену
Ілік с. Сенудің
Барыс с. Сенуге
Табыс с. Сенуді
Жатыс с. Сенуде
Шығыс с. Сенуден
Көмектес с. Сенумен
Тұйық етістік әрі заттық мағынада, әрі қимылдық мағынада қолданылады. Мысалы, Оқтауды әперші. Мылтықты оқтау керек. Мектепте түрлі байқау болады. Әр адамның көңіл күйін байқау керек.

Жұппен жұмыс. Қима қағаздар тарату.

Жеке жұмыс. Семантикалық карта.

Сергіту сәті

Сөзжұмбақ шешу.

Ой толғаныс

Шығармашылық жұмыс.
Берілген сөздерді әрі есім сөз, әрі етістік мағынасында қолданып, сөйлем құраңдар.
Ою, байқау, сайлау, жаттау, оқтау, мақтау, тоқтау, тату, қою, бөлу, үндеу.

Үй тапсырмасы

Тұйық етістігі бар мақал - мәтелдерді теріп жазу.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

Бағалау парақшаларын үлестіру

Бағдаршам

Өзін - өзі бағалау

Түсіндім. Жартылай түсіндім. Түсінбедім. Бағдаршамға өз ойларын жазып қою.

Кері байланыс



© 2010-2022